Mінбер

Баршаға қымбатқа түсуі мүмкін

Израильдің әскери агрессиясы мен халықаралық құқықты бұзуына қатысты Иранның мәлімдемесі

Израильдің әскери агрессиясы мен халықаралық құқықты бұзуына қатысты Иранның мәлімдемес

 Тегеран мен Иран Ислам Республикасының өзге де қалаларына бағытталған сионистік режимнің әскери агрессиясына және Иранның құқықтарын әлсірету мен күш қолдануды заңдастыру мақсатында халықаралық институттарды теріс пайдалануына байланысты құқықтық мәлімдеме.

2025 жылғы 13 маусым, жұма күні таңсәріде сионистік оккупациялық режим Иран Ислам Республикасының астанасы Тегеран қаласына және елдің бірнеше өзге де қаласына әуе және зымыран шабуылдарын бастады. Бұл сорақы агрессия салдарынан бірнеше бейбіт тұрғын, соның ішінде балалар қаза тауып, ондаған адам жарақат алды. Азаматтық нысандар, тұрғын үйлер, қоғамдық орындар мен елдің өмірлік маңызы бар инфрақұрылымдары да шабуылға ұшырап, қирады.

Бұл шабуыл — БҰҰ Жарғысының 2-бабының 4-тармағын өрескел және анық бұзу болып табылады. Аталған бапта халықаралық қатынастарда күш қолдану немесе күшпен қорқытуға қатаң тыйым салынған (51-баптағы өзін-өзі қорғау жағдайынан немесе Қауіпсіздік Кеңесінің тікелей рұқсатынан басқа). Жасалған әрекеттер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ешбір санкциясына ие емес және қолданыстағы құқықтық негіздерге сай өзін-өзі қорғау ретінде де ақтала алмайды.

Бұл әскери шабуыл — БҰҰ-на мүше мемлекеттің аумақтық тұтастығы мен егемендігін бұзу болып табылады және БҰҰ Бас Ассамблеясының 3314-қарарына сәйкес анықталған агрессия актысының нақты мысалы саналады, сондай-ақ Халықаралық қылмыстық соттың Рим статутының 8-бис бабына сәйкес агрессия қылмысы болып танылады.

Тікелей әрі нысаналы түрде бейбіт тұрғындар мен азаматтық аймақтарға жасалған бұл шабуыл халықаралық гуманитарлық құқықтың негізгі қағидаларын — атап айтқанда, айқындау, сәйкестік және алдын алу принциптерін — бұза отырып, әскери қылмыс ретінде бағалануы мүмкін.

Иран және бейбіт ядролық бағдарлама: насихат пен шындық

Саяси және біржақты пайымдарға қарамастан, Иран Ислам Республикасының ядролық бағдарламасы әрдайым халықаралық құқық аясында, әсіресе Ядролық қаруды таратпау туралы шарт (ЯҚТШ) шеңберіндегі міндеттемелерге сәйкес жүзеге асырылып келеді. Иран бірнеше рет техникалық ынтымақтастық орнатып, кең ауқымды тексерулер өткізіп, бейбіт ядролық қызметінің ашықтығын қамтамасыз еткен, әсіресе СВПД (Ортақ жан-жақты іс-қимыл жоспары) келісімі аясында. Бүгінге дейін бірде-бір бейтарап әрі мамандандырылған ұйым Иранның ядролық бағдарламасының әскери мақсатқа бағытталғанын дәлелдейтін нақты айғақ ұсынған жоқ.

Қақтығыс орнына келіссөз: Иран және БҰҰ Жарғысының 33-бабы

Соңғы жылдары қысым, санкциялар мен сыртқы арандатушылықтарға қарамастан, Иран дипломатиялық жолдан тайған емес және БҰҰ Жарғысының 33-бабына сәйкес дауларды шешудің бейбіт тәсілдерін әрдайым ұстанып келеді. Иран көпжақты келіссөздерге адал ниетпен қатысып, тіпті АҚШ-тың СВПД-дан заңсыз шығуынан кейін де келісімге қайта оралуға және бейбіт бағытты жалғастыруға дайын екенін бірнеше рет мәлімдеген. Мұндай жағдайда Иранға қарсы әскери шабуылды ақтау – заңсыз ғана емес, сонымен қатар жаһандық бейбітшілікке қарсы жасалған арандатушылық әрекет болып табылады.

АЭХА және оның жоғары лауазымды қызметкерінің бейтараптықты бұзуы

Өкінішке қарай, нақты айғақтар мен жанама дәлелдер көрсеткендей, Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) жоғары лауазымды өкілі кейбір үкіметтердің, әсіресе сионистік режимнің саяси мүддесіне сай өз кәсіби және құқықтық мәртебесін теріс пайдаланған. Ол Иран тарапынан техникалық ынтымақтастық шеңберінде Агенттікке ұсынылған құпия және жасырын ақпаратты Израильдің барлау қызметтеріне берген. Мұндай әрекет Агенттіктің институционалдық бейтараптығына және Жарғысы аясындағы кәсіби міндеттемелеріне қайшы келеді және басқа мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне қатер төндіреді.

Осыған байланысты біз мемлекеттердің, халықаралық ұйымдардың, өңірлік ұйымдардың және азаматтардың келесі құқықтық міндеттемелерін еске саламыз:

  1. Халықаралық ұйымдардың міндеттері:

БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Жарғының 39-бабына сәйкес бұл әрекетті агрессия және халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікке қатер ретінде тануы, агрессияны тоқтату, кінәлілерді анықтау және міндетті шаралар қабылдау бойынша шешім қабылдауы тиіс.

Егер Қауіпсіздік Кеңесі әрекет етпесе немесе үнсіз қалса, БҰҰ Бас Ассамблеясы «Бейбітшілік жолындағы бірлік» қарарына (377 A қарары) сәйкес төтенше сессия шақырып, мемлекеттердің ортақ келісімімен ұжымдық іс-қимыл жасауға шақыруы тиіс.

БҰҰ Бас хатшысы Жарғының 99-бабына сәйкес бұл дағдарысты Қауіпсіздік Кеңесінің назарына ұсынуға және фактілерді анықтайтын комиссия құру арқылы бұл шабуылды заңдық құжаттандыруды бастауы қажет.

БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесі тәуелсіз халықаралық тергеу комиссиясын құрып, адам құқықтарын қорғау және сионистік режимнің құқық бұзушылықтарының алдын алу үшін барлық құралдарын пайдалануға міндетті.

 

  1. Мемлекеттердің міндеттері:

БҰҰ-ға мүше барлық мемлекеттер бұл агрессияға қандай да бір тікелей немесе жанама қолдау көрсетуге, көмек беруге немесе үнсіз қалуға жол бермеуі тиіс, себебі халықаралық құқықтың орныққан қағидаларына сәйкес агрессор мемлекетке көмек көрсетуге тыйым салынады.

Мемлекеттер мұндай шабуылдардың қайталануын болдырмау мақсатында сионистік режимге қарсы саяси, дипломатиялық, экономикалық және мақсатты санкциялар қабылдауы қажет.

Рим статутына қатысушы мемлекеттер бұл шабуылға кінәлі адамдарды халықаралық қылмыстарға тартылған тұлғалар ретінде жауапқа тартуға міндетті.

  1. Өңірлік ұйымдардың міндеттері:

Адам құқықтарын, бейбітшілікті және БҰҰ Жарғысын сақтауға бейілді ұйым ретінде Еуропалық Одақ бұл агрессиялық әрекетке қатысты қосарланған стандарттарды доғарып, заңды ұстаным танытуы тиіс.

Ислам Ынтымақтастық Ұйымы (ИЫҰ) сыртқы істер министрлері деңгейінде шұғыл отырыс өткізіп, халықаралық ұйымдар тарапынан нақты жауап қайтаруды, жапа шеккендерді қолдауды және бұл қылмысқа жауапты тұлғаларды заңды жолмен қудалауға шақыратын қарар қабылдауы қажет.

Африка Одағы, Араб мемлекеттері лигасы және Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы да айқын ұстаным білдіріп, өңірлік деңгейде үйлестірілген әрекеттерді қолға алуға міндетті.

 

  1. Әлем азаматтарының міндеттері:

Батыс елдерінің, әсіресе АҚШ, Ұлыбритания, Германия және Франция азаматтары, үкіметтің тікелей немесе жанама түрде Израиль режимін қолдайтын азаматтық наразылықтар, хат жазу, заңды шағымдар және парламентшілерге қысым көрсету арқылы осы режимге қолдау көрсетуді тоқтатуды талап етуі керек. 

Америка азаматтары өз үкіметін соғысты қолдап, қару жіберудің орнына бейбітшілік, адамгершілік және халықаралық құқықты құрметтеу жолына оралуға мәжбүр етуі керек.

Ислам әлемі елдері де қоғамдық, академиялық, мәдени және медиа мекемелері арқылы бұл агрессияға қарсы ынтымақ пен бірлік танытып, үнсіз қалмай, халықты хабардар ету, зардап шеккендерге қолдау көрсету және үкіметтен шара қолдануды талап етулері керек.

Адам құқығын қорғаушылар, үкіметтік емес ұйымдар мен ғалымдар осы шабуылды заңдық және медиа арналар арқылы құжаттау және талдау арқылы осы қылмыстың жазасыз қалу қаупі туралы жаһандық жұртшылықтың санасын оятуы керек.

 

  1. Иран Ислам Республикасының міндеттері:

Иран Ислам Республикасы Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысының 51-бабына сәйкес заңды қорғаныс құқығына ие.

Иран үкіметі бұл шабуылдың заңдық, визуалды және техникалық құжаттарын жинап, оны Қауіпсіздік кеңесі, Адам құқықтары кеңесі, БҰҰ Бас хатшысы және Халықаралық қылмыстық сот сияқты халықаралық институттарға ұсынуы керек.

Сондай-ақ, Иран халықаралық құқық нормаларын өрескел бұзғаны үшін сионистік режимге қарсы талап қою мақсатында Халықаралық соттың (ХС) юрисдикциясын пайдалана алады.

 

Қорытынды

Біз Иран Ислам Республикасының аумағына қарсы әскери агрессия тек тәуелсіз елге жасалған шабуыл емес, сонымен қатар халықаралық құқық пен тәртіп негіздеріне, күш қолданбау қағидасы мен адамдық ар-намысқа жасалған ашық шабуыл екенін баса айтамыз.

Халықаралық қауымдастық қос стандарттарды, саясиландыруды және әлемнің шығысы мен оңтүстігіндегі құрбандарға немқұрайлы қараудан бас тартып, халықаралық құқықтың әмбебап қағидаттарын қорғап айтуы керек.

Бүгінгі үнсіздік – басқыншылықты заңдастырумен тең. Ертең бұл үнсіздік баршаға қымбатқа түсуі мүмкін.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button