Мұхаммед ибн әл-Ханафия

Мұхаммед Ханафияның толық аты Әбіл Қасым Мұхаммед ибн Али ибн Әбу Тәліп әл-Хашими
Мұхаммед ибн әл-Ханафия Мәдина қаласында шамамен 637 жылдары, ислам шежіресінде қазіреті Омар дәуірі деп аталатын кезеңде дүниеге келіп, 700/701 жылдары қайтыс болған. Алла Елшісінің немере інісі әрі күйеу баласы төртінші имам хазіреті Әлидің (р.а) Фатимадан кейінгі әйелі Хәулә бинт Жағфар ибн Қайстан туған ұлы. Тарихи зерттеулерде оның ірі қоғам қайраткері болғанын білеміз. Әл-Джунайд: «Мен Әлидің (р.а) өнегесін молынан алып, оның көп нәрсесін риуат еткен Мұхаммед ибн әл-Ханафиядан артық адамды көрген емеспін» дейді. Әлидің Мұхаммед есімді үш ұлы болды: үлкені Мұхаммед әл-Акбар Ибн әл-Ханафия – бану Ханифадан шыққан Хаула бинт Жафардан туған және аналары басқа Мұхаммед әл-Аусат (ортаңғы), Мұхаммед әл-Асғар (кіші).
Ибн Касирдың «әл-Бидая уан-ниһая» кітабында мынадай бір ғибратты оқиға бар. Абдулла бин Мутиъ және бірқатар бүлікшілер Мұхаммед-Ханафияға, сол тұстағы халифа Язидтің үстінен шағым айтып келеді. Мұхаммед-Ханафия – аналары бөлек болғанмен, хазіреті Хасан мен Хусейннің әкелері бір інісі. Бүлікшілердің мақсаты Язидті тақтан тайдыру болатын. Бүлікшілер көсемі: «Мағауияның баласы Язид халифа намазын оқымайды»,- деп үлкен айып тағады. Әрине, бұл үлкен күнә. Сонда хазіреті Әлидің баласы Мұхаммед-Ханафия: «сендер айтқан мінді халифадан көргенім жоқ. Мен оның құзырында болдым, сарайында бірер уақыт қонақ та болдым. Ол намазына өте мұқият, үнемі жақсылыққа талпынып тұрады, шариғат жайлы көп сұрайды және де сүннетке берік», – деп өз бағасын береді. Ал, бүлікшілер «оның бұл әрекеті тек сен үшін жасанды және көзбояушылық ретінде жасағаны» – деді. Мұхаммед-Ханафия болса: «Жасанды істейтіндей, менен қорқады ма, әлде менен бір нәрсе дәмеленеді ме? Сендер оны өз көздеріңмен көрдіңдер ме? Егер көрген болсаңдар, сендер оның күнәсіне ортақсыңдар. Ал, көрмеген болсаңдар өздерің білмейтін іске куәлік етулерің шариғат бойынша жөн емес», – деді. Бүлікшілер: «біз көрмесек те, ақиқатты айтып отырмыз»,-деп сендірмек болып тырысып бақты. Сонда хазіреті Хасан мен Хусейннің інісі Мұхаммед-Ханафия өзінің тоқтамға келетін сөзін айтты:«білмей тұрып куәлік етуді Аллаһ тағала тыйым еткен»-деп «Тек шын куәлік бергендер бұған қосылмайды»,-деп Зухруф с. 86а. оқыды.
Абдуллаһ ибн Аббас сахабалардың ішіндегі ең білімділерінің бірі болатын. Көзінің тірісінде оны Хибрулъ-умма (үмметтің дана ғалымы) және тәржуманул Құран (Құранды аударушы және бізге жеткізуші) деп ұлықтаған. Абдуллаһ ибн Аббас 687 жылы Тайфте қайтыс болды. Жаназа намазын Әлидің баласы Мұхаммет-Ханафия оқыды. Ол: «Бүгін бұл үмбеттің ең білгір ғалымы қайтыс болды. Оның өлімі мұсылмандарды мұңға батырды»,-деген болатын. Мұхаммед-Ханафияға халифаның үстінен шағымданып келуі, Абдуллаһ ибн Аббас сияқты мәртебелі сахабаның жаназасын шығартуы, Мұхаммед-Ханафияның өзі өмір сүрген ортада, замандастарының арасында сый-құрметке ие болуының дәлелі.
Бір кездерде Мұхаммед ибн әл-Ханафия мен ағасы әл-Хасан ибн ‘Алимен ара қатынасы суығандай болыпты. Мұхаммед ибн әл-Ханафия оған: «Расында, Алла сені менен үстем етті. Сенің анаң Мұхаммед ибн ‘Абдаллулланың (оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) қызы Фатима, ал менің анам Бәну Ханифадан шыққан әйел. Сенің нағашы атаң Алланың елшісі әрі жаратылғандарының ең жақсысы, ал менің нағашы атам Жағфар ибн Қайс… Менің бұл хатымды алған кезде маған келгейсің, бітімге кел, сөйтіп, барлық жағынан да меннен артық бол» депті. Әл-Хасан бұл хатты алған бойда Мұхаммедтің үйіне асығып келіп, құшақтасып табысыпты.
Бір деректерде «Мұхаммед ибн әл-Ханафия былай деп еске алды: «Осман өлтірілгеннен кейін Асхабтар әкеме (Имам Әли) келіп: «Сізден артық халифатқа лайықты ешкімді білмейміз»,- деді. Әли: «Мен сенің әміріңнен гөрі саған көмекші (уәзір) болғаным артық», – деді. Олар: «Біз ешкімді танымаймыз және сенен басқа ешкімге ант етпейміз!»,-деді. Ақырында, ұзақ уақыт өткен соң келіссөздер кезінде Әли егер үммет оны мойындауға келісім берсе, билікті өз қолына алуға дайын екенін мәлімдеді».
Қазіреті имам Мұхаммед-Ханафияның үшінші халифа қазреті Османның қызы Бибі Шамсиядан алты ұлы болды: Абу Хашим, Абдаллах, Жағыфар, Шаһ Мансур, Абд ал -Фаттах және Абд ал-Маннан. Соңғы екеуінен – Әбді әл-Манан уә Әбді әл-Фаттақ ұрпақтары елімізде ислам ағартушылары деген атаққа ие болып, түркілердің шайықтары және қылует иелерінен есептеледі. Орталық Азия түркілері пір тұтатын Қожа Ахмет Яссауи бабамыздың өзі де осы Мұхаммед Ханафия ұрпағы екенін ескере кеткеніміз жөн.
Ал қазақ даласында кеңінен таралған қисса-аңыздарға негіз болған оқиға былайша түзіледі. Ислам туы астында хазіреті Әли (р.а) бір жорықтарда жас жауынгермен айқасады. Әлінің зұлфыхары жігіттің басындағы дулығасын ұшырып түсіргенде, жауынгердің қара шашы төгіліп, оның бойжеткен екенін біледі. Екеуі пайғамбар алдына барған уақытта қыздың Үрім-Қайсар патшасының қызы екендігі, атының Ханафия екендігі т.б. белгілі болады. Осыдан кейін Мұхаммед пайғамбар екеуін қосыпты, қыз мұсылман болыпты делінеді. Әліге шығар алдында қыз пайғамбарымызға бірнеше шарт қойса керек: «біріншіден, өкіл қыз етіп аласыз, оған Фатиманың өзінің ықыласы болсын, екіншіден менен тараған ұрпақ та Бибі Фатимадан тараған ұрпақпен бірдей сайид әулеті атансын», үшінші ұл тусам сіздің атыңызды қосақтап Мұхаммед Ханафия деп қойылсын» депті. Осы шартқа байланысты туған балалар да сайид атанады. Олардың ішіндегі ең атақтысы Әлі (р.а) мен Ханафияның үлкен ұлы – Мұхаммед Ханафия дейді аңыз-әпсанада.
Ислам тарихының үшінші кезеңі Әмәуи (Умәя) халифатының билігі Мұхаммед Ханафияның өмірінің соңғы жылдарымен тұспа-тұс келеді. Әмәуи халифаты 661 жылы құрылып, 750 жылы Аббас әулетінің төңкеріс кезінде құлатылды. Осы кезеңді зерттеген ғалымдардың еңбегін аударған Сейтбеков Смайыл «Муфтият» баспасынан «Әмәуи халифаты» деген еңбегі жарық көрді. Тұтас бір кезеңнің тарихын беретін зерттеуде Мұхаммед ибн әл-Ханафия өміріне қатысты бірнеше мәліметтер берілген. Назарларыңызға сол кітаптан үзінді ұсынамыз.
Мұхаммед Ханафия немесе Мұхаммед ибн Ханафия хазірет Али (р.а) ардақты Пайғамбарымыздың (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) көзі тірісінде алдағы уақытта шаңырағында ұл бала келіп жатса, есімін Мұхаммед деп, лақабын Әбул Қасым деп қоюға рұқсат алған болатын. Хазірет Али (р.а) хазірет Фатима (а.анһа) анамыз қайтыс болған соң басқа бір әйел затымен үйленеді. Сол жұбайларының бірі Бану ханифа руынан шыққан Хаула бинт Жағфар әл-Ханафия еді. 637 жылы Мәдинада осы жұбайынан дүниеге ұл келді. Әуелде Пайғамбарымыздан (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) рұқсат алғандай оның есімін Мұхаммед деп қояды. Бұл баланы хазірет сұлтан Хасан (р.а) және Хусейнмен (р.а) шатастырмау үшін деректерде көбіне анасының руы «Ханафиге» телініп, «Мұхаммед Ханафия», «ибн Ханафия» деп аталып кетеді. Мұхаммед Ханафияның толық аты Әбіл Қасым Мұхаммед ибн Али ибн Әбу Тәліп әл-Хашими.
Мұхаммед Ханафия хазірет Али (р.а) халифа болып сайланғанда 20 жасар жігіт еді. Ол жас кезінде әкесі секілді батрылығымен, қайсарлығымен танылды. Жәмәл мен Сыффин шайқасныда әкесінің қасында болып, халифаның туын ұстады. Жалпы саясаттан алыс жүргенді қалағанымен хазірет Алидің ұлы болғандықтан саяси оқиғаларға араласуға мәжбүр болды. Муғауия қайтыс болып, орнына баласы Язид халифа болғанда хазірет Хусейнмен (р.а) бірге Меккеге кетпей, бала-шағасымен Мәдинада қалып, көпшілікпен бірге жаңа халифаға байғат етеді.
Ол заманынының заңғар тұлғасы, үлкен ғалымдарыдң бірі болғандықтан Мәдинада дәріс беріп, көптеген шәкірт тәрбиеледі.
Хазірет Хусейн (р.а) Кербалада шейт етілгенде, қабырғасы қайысып, қатты қайғырды. Бірақ халифа Язидке қарсы шықпады. Оның бұл әректетіне риза болған халифа Язид Дамаскіге шақырып, құрмет көрсетіп, сый-сияпат ұсынады. Мұхаммед хаанфия халифа Язид ұсынған сыйды кері қайтармай қабыл алған екен.
Мәдинада халифа Язидке қарсы бас көтеру қылаң бергенде оларға қосылмай керісінше бас көтерудің дұрыс еместігін айтып ескертеді. Көтерілісті басуға келе жатқан халифа әскерінің хабарын естіп, бүліктен бойын алыс ұстау мақсатында Абдуллаһ ибн Аббаспен (р.а) бірге Меккеге жүріп кетеді. Мәдинадағы көтерілісті басқан халифа әскері артынша Меккеге жетеді. Меккені қоршауға алып, Абдуллаһ ибн Зубайрдың (р.а) көтерілісін талқандауға оқталған халифаның өлгені жайлы хабар жетісімен әскер Дамаскіге кері оралады.
Халифа Язид өлген соң Абдуллаһ ибн Зубайрдың (р.а) Меккеде өзінің халифалығын жариялап, халықтан байғат алу рәсімін жасаған кезде хазірет Али (р.а) үлкені Мұхаммед Ханафия мен Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) Меккеге келген еді. Сол кезде ол екеуінен өзіне байғат етіп, халифалығын мойындауын сұрайды. Сонда ол екі алып тұлға барлық мұсылман қауымы бірауыздан халифа етіп сайлаған адамға ғана байғат ететіндерін айтып, оның ұсынысын қабыл етпей қояды. Меккеде өзін халифа етіп жариялаған Абдуллаһ ибн Зубайрамен сөзге келмеу әрі бүлікке себеп болмау мақсатында Абдуллаһ ибн Аббас (р.а) Тайфке, Мұхаммед Ханафия Мәдинға кері қайтады.
Мұхаммед Ханафия 700 жылы наурыз айында қайтыс болып, Жаннәтул бақи зиратына жерлденеді. (Islam Ansiklopedisi.-Istanbul Turkiye Diyanet Vakfi, 2005,30 tom.37-38 беттер)
Осы кітапта Ү Халифа Абдумалик ибн Маруанның дәуірі (һ.65-86/685-705ж.) кезеңіне қатысты тарауда Мұхтар ибн Әбу Убайд әс-Сақафидің көтерілісіне қатысты бөлімде Мұхтардың Мұхаммед Ханафияға арнайы хат жазып, былай дейді:
Аса мейіріміді рахымды Алланың атымен бастаймын. Алидің ұлы Мұхаммедке Мұхтар ибн Әбу Убайдтан. Ассаламу аләйкум уа, Мәхди. Шындығында, өзінен басқа тәңірі жоқ Аллаға мадақ айта отырып, сізге тіл қатам. Жаратқан Алла мені дұшпандарыңыздан кек алу үшін жіберді. Дұшпандарыңыз өлтіріледі, не тұтқындалады немесе жер аударылатын болады. Қылмыскерлерді өлтірген және қолдаушыларыңызға жар болған Аллаға шүкір. Сізге Омар ибн Сағд пен ұлының кесілген басын жолдадым. Біз Хусейн мен әһл-бәйтті өлтірген адамдарды шамамыз келгенгше ұстап өлтірдік. Қалғандары Алланың үкімінен қашып кете алмайды. Мен олардың ешбірін тірі қалдырмаймын және артынна қалмаймын. Уа, Мәхди, маған ойыңызды жазыңыз, айтқаныңызды істейін, сонымен әрекет етейін. Уа, Мәхди, Алланың сәлемі мен амандығы және берекеті сізге болсын» Хатта Мұхаммед Ханфияның Мәхдиге теңеп, қолдау дәметіп, үміт еткенімен, оның бұл хатына жауап қатпады.
Осы еңбекте Мұхаммед Ханафияның Тайфке кетуі туралы айтылады. Онда Мұхаммед Ханафия Меккеде үйқамаққа алынып, артынан куфалық жанкештілер тарапынан құтқарылған соң Минаға тұрақтайды. Осы арадағы түрлі сяаси жағдайға қатысты Тайф қаласына көшіп кетеді. «Мұхаммед ибн Ханафия Абдуллаһ ибн Зубайр (р.а) өлгенге дейін, яғни 692 жылдың қыркүйегіне дейін Тайфте тұрып, ешкімге байғат етпеді» деп жазады. Пайғамбар (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ұрпағы ретінде оның беделін өз мүдделеріне пайдаланғысы келген халифалар өзін қолдаған жамағаттарымен бірге Мұхаммед ибн Ханафияның байғат беруін қалайды. Алайда ол өз ұстанымына адал болып, ислам әлемі бір халифа төңірегінде топтасқанға дейін, ислам әлемін бір халифа басқарғанда ғана сол халифаға байғат етемін деген екен. Осы дерекке сәйкес Мұхаммед ибн Ханафия Абдуллаһ ибн Зубайр (р.а) өлгенге дейін, яғни 692 жылыдң қыркүйегіне дейін Тайфте тұрып, ешкімге байғат етпеді» делінген.
692 жылы 1 қыркүйекте Абдуллаһ ибн зубайр (р.а) өлген соң, ислам әлемі бір халифаға бағынады. Оның айтқан шарты жүзеге асқандықтан халифа Абдулмалик ибн Маруанға адал болуға ант ант беру рәсімін жасайды. Мұхаммед Ханафия осыдан кейін Мәдинаға көшіп, қалған өмірін сонда өткізген.
Осы кітапта Мұхтар ибн Әбу Убайдтың қулығы деген тақырыппен берілген деректе Мұхаммед ибн әл-Ханафияның беделін пайдаланып, оның орынбасарымын деп жариялайды. Мәселенің қаншалықты рас екеніне көз жеткізу үшін бір топ куфалық арнайы Мәдинаға барып, Мұхаммед Ханафияны зиярат етеді. Кездесу барысында Мұхаммед-Ханафияға: Мұхтар бізге сізідң әміріңіз бойынша келгенін. Құран мен сүннетке сай әһл-бәйттің кегін алуға және әлсіздерді қорғауға шақырды. Егер байғат етуімізді бұйырсңыз, оған бағынайық, олай болмаса, бас тартайық»-деп сұрайды. Мұхаммед Ханафия: «сендерге байғат ету мен өш алуға келсем, Алла дұшпанымызға қарсы бізге қлаған адамды көмекке жіберуін сұраймын. Бірақ өтірікшілерден алыс тұрыңдар әрі өздеріңді, діндеріңді қорғаңдар»,-деп жауап қатады. Ешқайндай да халифа, мәһди емес екені, Мұхтар ибн Әбу Убайд оның орынбасары еместігі анықталады. Бұл Мұхтар тарапынан билікке жету жолында айтқан өтірік әңгіме екені әшкере болды. Оқиғаның әрі қарай қалай дамығаны жөнінде Смайыл Сейтбековтің Әмәуи халифаты атты кітабынан оқуға болады.
Ясауитану ғылыми орталығының басшысы Моллақанағатұлы С аударған мына деректе Әли ибн Әбу Талиб әулеті: Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бастауы деп көрсетіледі.
Мұхаммед әл-Әкбар, оны Мұхаммед ибн әл-Ханафия деп те атаған. Ол – Әлидің Хәула бинт Жағфар ибн Қайыс, Бәни Ханифадан туған ұлы. Мұхаммед ибн әл-Ханафия Таифте қайтыс болды. Оның жаназа намазын Ибн Аббас оқыды.
***
Әлиден он төрт ұл және он жеті қыз туылды.
***
Уақыди, Әлидің бес ер баласынан ұрпақ тарады деген, олар: Хасан, Хұсейін, Мұхаммед ибн Ханафиа, Аббас Килаби әйелінен туған және Омар. Таржума-и тарих-е Табари, VI-том, 340-бет.





