Қожа Ахмет Иассауи мен Шортанбай ақын үндестігі
Мұхамедрахым Жармұхамедұлы

Әдебиетіміздегі Зар заман деп аталатын әйгілі кезеңнің ірі өкілдерінің бірі – Шортанбай ақын. Ол бүкіл саналы өмірі мен бойындағы ақындық асыл дарынын туған халқының отаршылдық езгідегі ауыр халін, оның ертеңгі болашағының мән-жайын жырлауға арнады, өзі куә болып отырған заманның кесел-мерездерін өзгедерден бұрын сезініп, соны аяусыз ішкерелеуге аянбай атсалысты. Сол арқылы ақын қасыз жүріп қамалған ел-жұрттың сана-сезімін оятпақ болып, осыған орай өз тұсындағы игі жақсыларға да ой салып, оларды имандылық жолымен адалдық, адамгершілікке тартып, дұрыс жолға бастамақ болды. Діннің құдірет-күшін дұрыс түсінген ақын өз мақсатын осы ертеден қалыптасқан тәсіл арқылы жинақтауды көздейді. Бұл діншілдік оның кемшілігі емес, қайта оның мұсылмандық жолын жетіл білген артықшылығы, даңғыл білімдарлығы болып табылады. Бір атап айтарлығы ақын ислам шариғаттарын жұртқа бірыңғай насихаттауды көздемеген, қайта сол діндегі имандылық, әділдік, адамгершілік мәселелерін тек халық мүддесіне, оның жарқын болашағына байланысты,алып астастыра жырлайды. Бұл- ақынның Қожа ахмет Иассауиден бастау алатын біздегі сопылық әдебиетпен тереңнен жалғасып жатқан көне дәстүрдің айқын көрінісі еді.
Шортанбайдың өмірі мен шығармашылы жөнінде қолда бар деректер тым шағын. Бұларға қарағанда, ақын 1818 жылы Оңтүстік Қазақстан облысына қарасты Түркістан аудынының Қаратау бойында туып, Арқадағы Қарқаралы өңірін жайлаған елде 1881 қайтыс болады. Бұл жаққа ақын ең алғаш ел аралап жүріп таныса келе қоныс теуіп біржолата қалып қояды. Сол жердегі аға сұлтандар Жамантай, Құсбек, Саржан ел Басшыларының қасында жүріп, елдің ауыр езгідегі қиын жағдайын көзбен көріп сезінеді, бұл мәселе оның өзекті тақырыбына айналады.
Шортанбайдың туған, өлген жылдары мен өмірлік деректерін алғаш беруші белгілі жазушымыз С.Бегалин. Бұл мәліметтер кейінгі жылдары жарық көрген Қ.Мәдібаева мен Қ.Жүністегінің Шортанбайға арналған кітапшасында толықтырыла түскен. Аталған авторлар мұнда мына төмендегідей маңызды деректер келтіріліп, бұлай деп жазады. Шортанбайдың әкесі Қанай Балқаш бойындағы Шұбыртпалылар арасына келіп сіңген қожа тұқымы. Оның Қаратаудан шыққаны даусыз. Қанай Арқадағы Нақып қожаның қызына үйленген. Ақын шешесінің аты Шүкіман. Шортекеңнің өз кіндігінен Алдаберген, Аязбай деген ұлдары Бәйіш атты қызы болған. Аязбай сол жақта қайтыс болғанда, Алдаберген Қаратау жаққа кетіп қалған. Бұдан әрі Қ.Жүністегі өз әкесі Ыбыштың Жүністің осы күнгі Ақадыр ауданы Киікті стансасында тұрған Досбергеннің Қалиы деген жыршыдан Шортанбайдың көптеген өлең жырларын жазып алғанын соның ішінде Ақжолтай Ағыбай батыр атты дастан да бар еді деп көрсетеді. Сондай-ақ сол елдегі Шоқатұлы Анарбек жыршының да Шортанбай шығармаларын таратып насихаттауда елеулі үлес қосқанын айтады. Аталған жинаушылардан тыс, бұл іске кезінде жинаушы Бозтай Жақыпбаевтың тигізген қолқабысына да бөліп атаған жөн.
Шортанбай өлеңдерін тұңғыш жариялаған академик В.В.Радловтан кейін Қазан қаласында ақынның өлеңдер жинағы жарық көрсе, кешегі Кеңес өкіметі тұсында шығармалары әр алуан жинақтарда үздіксіз басылып келді. Мұның бәрі ақын өлең жырларының ел жүрегінен өшпестей орын тепкенінің айқын куәсі болып табылады.
Ақын шығармаларының зерттеліп бағалануы мәселесіне келсек, ең алдымен ол үстем тап мүддесін көздеген Зар заман ақыны делініп теріс бағаланып келгенімен ақынның әдебиет тарихынан алатын жоғарғы орнын ешкім де жоққа шығара алмаған.Ұлы Абайдың өзі де Шортанбайдың өлең жырларын сын тұрғысынан қатаң бағаласа да, оның өзіне дейінгі ақындардан шоқтығы биік тұрғаны мойындалады.
Шортанбай шығармашылығына толымды пікіп айтқан ірі ғалым М.Әуезов Абайдың пікіріне сүйене отырып халықты алға бастар өнімді жолдары жоқ деп кіналаса да ақынның өлең жолдарының ұтымдылығын тап басып жоғары бағалаған. Зерттеуші осыған орай Бұл кезде сауда капиталы артты. Бұдан ол жеріді. Оның жырының аты Зар заман болды. Оның бағыты дін болды. Осы жағынан қарағанда….көп үлгі көп сарыны Қожа Ахмет Иасауидің Диуани химетіне ұқсайды. Ақырзаман нышаны байқалады…Осы адамдар Абай, Шоқан, Ыбырайлар арман етіп отыпған жаңалықтан орыс халқының Ұлы мәдениетінен ел санасын жас буынын бар ұрпақтарын алыстатып ұстауға тырысқан деп көрсетеді. Рас, бұл тұста Абай қазақ поэзиясын жаңа дәуірдегі талаптарға сәйкес тың бағытқа бетбұрыс жасау мақсатында айтқан болса керек. Ал, Шортанбайдың халықтың болашақ тағдыры жөнінде айтқан жырларының ел мүддесіненаулақ емес екенін көру қиынға соқпайды. Бұған сол тұстағы отаршылдық езгідегі халықтың ауыр тұрмысы дәлел.
Келесі бір елеулі зерттеу – Қазақ әдебиеті тарихының екінші томының бірінші кітабына арнап белгілі әдебиет тарихшысы Ы.Дүйсенбаев жасаған Шортанбай Қанайұлы деген тарау. Мұнда да ақын ескішіл кертартпа, зар заман өкілі деп танылса да зерттеуші оның әдебиеттегі орны мен мәнін дұрыс ашып бағалайды. Ол өз пікірін бұлайша қорытады. Ол – өз кезіндегі әлеуметтік мәселені тұңғыш рет дерлік тиісті дәрежеге көтере білді, сонымен соған өзінің шама-шарқынша жауап беруге ұмтылған әдебиет қайраткерлерінің бірі болды. Ол бір жағынан халықтың бай ауыз әдебиеті дәстүрінен қол үзбей отырып екіншіден жаңа ғана туа бастаған қазақ халқының жазба әдебиетінің іргесін қалау ісіне атсалысты.
Тағы бір Шортанбай шығармашылығы туралы жазылған кұрделі де құнды зерттеудің иесі – белгілі жазушымыз-Сәбит Мұқанов. Еңбектің көлемі онша үлкен болмаса да бұған оның жырларының қыр-сырлары түгелдей дерлік сыйып тұр. Автор осы талаптарға сәйкес Реалист ақын Шортанбай заманының ірі суреттеушісі қырағы ақыны болғандықтан XIX ғасырда ауылда тап қайшылығын күшейтуге себепкер болған саяси шаруашылық жағдайларды да, көреді түсініп жырлайды. Рас, Шортанбай еңбекші халықтың ауыр тұрмысын көзбен көріп тебірене толғады, бірақ тап тартысының не екенін шын мәнінде түсіне қойды деп айту қиын. Сол себепті оның бұқара тұрғысынан қараған жөн.
Шортанбай өз дәуірінің шындығын бұлтарыссыз жырлап, көңілдегісін кімге болса да бетке айтатын болған. Қоғамдағы адамның мін-кемшілігін аяусыз сынап жөнге салуды мақсат тұтады. Өзгені сынауды да ол ең алдымен өзінен бастайды. Бұл жолдары Қожа Ахмет Иасауилің өзін өлтіре мінейтін жырларымен тереңнен жалғасып астасып отырады. Шортанбай өмірдегі тойымсыздық пен дүниеқорлықтың сырын өз басынан тауып
Қожа емес едім, сарт едім,
Арқаға келіп нан жедім,
Нан жедім де дәндедім.
Жүйрігі болса мінсем деп,
Сұлуы болса сүйсем деп,
Жарамда тонын кисем деп,
Күннен күнге сәнденді –
дейді. Осыған орай ақын өзінің мал-жанды болып қана қоймай ел құрметіне бөлегенін жатсынбаған Алтай, Қарпықтың қонақжай дархандығын да жырға қосады.
Қуандық жатқан сары бел,
Шағалалы сары көл,
Үйрек пен қаздай қалқытты,
Сары қымызын ішуші ем,
Аралап келіп түсуші ем,
Алтай менен Қарпытты.
Ескіше сауапты, Шығыс әдебиетінен хабардар Шортанбай ақын өлеңдерін жазып шығарумен қатар қаумалаған көп алдында жұрт өтінішімен түйдек-түйдек ағытып төпеп те жырлайтын болған. Бұл суырып салып айтқан жырлары өзінің көркемдік сипаты жағынан өзге өлеңдерінен ішбір кем соқпайтыны байқалады. Осы ерекшеліктер ақын бойындағы дарынның телегей-теңіз молдығын танытса керек. Ақындық өнер қиыннан жол, қиядан қисын табатын тапқырлықты талап етеді. Мұнсыз ақын деген құрметті атты алып жүру мүмкін емес. Айталық Сырдан Арқаға арғын ішіндегі Қаракесек еліне келген ақын алғаш сондағы билеуші Жамантайдың қасында болып өлең айтып жүрсе екен. Келесі бір сайлауда сол орынға Құсбек төре ие болып Шортанбай бұрынғы Жамантайды жамандауға мәжбүр болыпты. Бұдан кейінгі таласта Жамантай қайтадан жеңіп ақын кейінгі билеушіге жақындай алмай біраз уақыт қашқақтап жүріпті. Бірде ел аралап жүоген Жамантай Шортанбайға кез болып қалып Сөйле Шортанбайым сөйле десе керек. Сонда Шортанбай бөгелместен
Сөйлейді сөйле десең бұл Шортанбай,
Әр ханның заманында бір сұрқылтай.
Кешегі Құсбек төре хан болғанда,
Мен түгіл өзінің қайда ең хан Жамантай –
Депті сонда тұрып Жамантай Шортанбайым, жоқты сөйлейді екен десем барды сөйлейді екен деп қасына қайтадан ертіп алған екен.
Шортанбайдың өз шығармаларын Зар заман деп атауының ішкі сырын ашуға кешегі бір дәуірде ешбір мүмкіндік болған жоқ. Мұның ақыры қазақ халқы үшін ақырзаманға ұласады деген ойды меңзеп ақын бұдан құтылудың жолын іздеп шарқ ұрады. Отаршылдық езгіде жаншылған халқымен қош айтысып, қоныс аударып көше қалса дін орталығы Бұхарға қарай ауған жөн деп табады. Ақыннан қалған Зарларда ел басына төнген қауіп-қатердің зардабы мен нәтижесі не болмақ деген өзекті мәселе дамытыла жырланады. С.Мұқанов осы күрделі сұрақты ұтымды оймен жинақтап Шортанбайдың үш зары бар ол Зар заман, Бала зар, Өлең зар. Осы үш зарда да ол халықтың басына түскен зарды заманының зарын айтқан. Бұл үш зарды үш поэма деуге болады, сюжет жағынан бір-біріне жалғас, бірінің мазмұнын бірі өрбітетін поэма деп жазады. Зар заман поэзиясының ерекшеліктері мен теориялық негіздемелері Б.Омарұлының Зар заман поэзиясы атты монографиясында да әр қырынан ашылып талданған.
Шортанбай жырларының ұзын сүре бір тақырыпқа құрылуының үлкен саяси-әлеуметтік мәні бар. Патша өкіметі жыл санап отарлаудың құйтырқы амал-тәсілдерін зымияндықпен іске асыруға жанталаса кірісті. Соның нәтижесінде мұздай құрсанған патша әскерлері қазақ даласын отарлауға ұтымды жерлерді қантөгіспен басып алып, Атырау, Қорған, Петропавлоск, Омбы, Семей қорғандарын салып бекінеді, сөйтіп біртұтас халықтың ынтымық-бірлігі бұзылды, жайлау-қонысы тарылды, ауыр қыспаққа душар болды. Бұл отарлау саясатына қарсы Сырымның, Көтібардың, Кенесары-Наурызбайдың, Исатай-Махамбеттің, Жанқожаның Есет, Бекеттің көтерілістері аяусыз басылып жаншылды. Мұның артынша Кенесарының ұлы сЫздық бастаған көтеріліс және Адай көтерілісі бұрқ ете қалды, алайда бұлар да күшпен басылды. 1841-1868 жылдары аралығында Қапал, Торғай, Ырғыз, тбасар, Көкпекті, Алматы, Лепсі, Ақмола, Ақтөбе, Қазалы қалалары салынып, Ақмешіт, Шымкент, Әулиеата қалалары Ресейге бағынды. Бұл қоршаулар қазақ халқын біржолата бағындыруға жол салды. Осының ең кейінгі нәтижелерін көзбен көрген Шортанбай тығырыққа тығылған ел жағдайын жырлсмай отыра алмады, халықтың көзін ашып, санасын оятуға талаптанды. Ақынның жалынды өлең-жырлары сол халық тағдыры болашағының сөз еткенде, оның 1890, 1911 жылдарыҚазанда басылған «Бала зар» атты өлеңдер жинағын өз зерттеуімізге бірден-бір негз еттік. Бұдан тыс М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының Қолжазба орталығындағы ақын қолжазбалары да пайдаланылды.
Ақынның «Зар заман» топтамасына кіретін жырлары оның дүниеге көзқарас, танымын ашып белгілейді. Мұнда ол заманның бұзылып, танымастай болып өзгергенін үй іші, отбасындғы көріністер арқылы дәлелдемек болады. Шортанбайдың пайымдауынша, сүттей ұйып отырған отбасының адамдары дәстүрлі қалпынан айырылып, ата-анасы, үлкенді сыйлаудан қалған, тіпті адамдардың бір-бірімен қарым-қатынасы да өзгерген, әркім өз білгенімен жүріп-тұрып, бас-басына би болған заман болды деп шошынады. Мұның ақыры болмашыны кек тұтып, заң қуып арыз жазатын, тілмаштарға жемболатын кез болды деп көрсетеді.
Мұның өзі қара заман,
Қарлығының белгісі:
Ұл сыйламас атасын,
Арам сідікболған соң,
Атасы бермес батасын.
Қазы,болыс, хан қойып,
Қайдағы бір неқақсызшатасын.
Өзі қылған өкінбес,
Қыз сыйламас анасын…
Сыйламайды ағасын,
Алысып жыртар жағасын…
Ақсақалдан ұялмас,
Жүгірісіп қалаға,
Қаныққан соң жалаға!
Жеке кісілер мен отбасылардыан тұратын қоғамның жай-жағдайы қандай деген мәселеде ақын бұларды «замана», «қазақ халқы» ,»қазақ елі» деген ұғымдармен астастыра жырлайды. Шортанбай заманның бұзылуын ел тағдырымен, оның болашағымен тығызбайланыста алып қарайды, халықбасына төнген бұл пәледен тезірек арылудың жолдарын іздестіреді, бірақ оның да ретін таба алмай дал болады. Бар тапқаны жоғары жаққа («Құндыгерге») дат айтып, ақ тілекпен құдайына сыйынып хат жазудеп санайды. («Құндыгерге хат жазып, Кешіктірмей дат жазып, Өлместің де қамын қыл, Басың сотқа ілінбей»).
Қазақ халлқы кезболған заман жайын ол жан қалмай қырылатын ақырзаман көріністерімен салыстырады, сөйтіп бір Алладан жәрдемболмаса, өзге ешкімнен де көмекжоқ деген қалып танытады. өмірдің бұлайша түрленіп өзгеруіне басиы себеп: қоғамдағы дәуірлеп тұрған әділетсіздік пен зорлық-зомбылықтан деп қорытады:
Мына заман қай заман,
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман,
Тарлығының белгісі –
Жақсы жаннан түңілген,
Жаман малдан түңілген,
Мұның өзі зар заман.
Зарлығының белгісі –
Бір-бірлерін күндеген,
Жай-жайына жүрмеген!
Ақын заманның яки қоғамның бұзылуы жеке кісілердің, отбасының азып-тозуынан әкеліп соқты деп қана қоймайды, соның ішкі себеп-салдарын да шарқ ұрып іздейді, бұдан арылудың жолдарын тауып, ел-жұртты алдын-ала сақтандырмақболады, бәленің бетін аударып, халықтың сана-сезімін оятудың амалын қарастырады. Осы мақсатта ол, ең алдымен, ел билеушілердің зұлымды мен жауыздығын, парақорлығын, әділетсіздігін әшкерелеп:
Жамандық мұнша ұласты,
Жарысқа кірген жақсылар
Жақыным деп жан тартпай,
Кәпірлермен қынасты.
Аузына кәпір қаратты
Бұл дүниенің тұтқасын, –
деп бастайды да, патша ұлықтарының қорлық-зорлығын былайша сипаттайды:
Жандарал болды ұлығың,
Майыр болды сыйынғаның.
Айырылмайтұғын дерт болды
Кедейге қылған қорлығың.
Кәпірді көрдің піріңдей,
Тілмашты көодің жеңгеңдей,
Дуанды көрдің үйіңдей,
Абақты тұр қасыңда,
Қазылған қара көріңдей!
Шортанбай қазақ даласындағы әлеуметтік теңсіздік жайын сөз ете келіп, бай мен кедейді бірін артық, бірін кем жаратушы бір құдайдың ісі деп қорытса да, олардың ой-пиғылдарының әртүрлі екенін де аңғартады. Ақын «Бір пара жанды малды қып, бір пара жанды малсыз қып» жаратқан Аллаға ризашылық білдірсе де, бай мен кедейдің арасындағы айырмашылыққа наразылық танытқандай болады:
Байлар сәнге мінеді
Жазы-қысы құр атты.
Жарлы да өліп қалғанжоқ,
Оның да көңілін жұбатты.
Жалғанның беріп жарығын,
Бишара жанды қуантты.
Мінер атқа кем қылып,
Қара жермен тең қылып,
Бір пара жандыжылатты!
Бұдан тыс ақын «Жалғанның жалғанын бергені үшін» ризашылық білдірген кедейді тәубаға шақырып, ал дәулеті тасыпшалқып отырса да, ұрлық қылатын тойымсыз байлардың парақорлығын да өлтіре сынайды:
Байлар ұрлық қылады,
Мал көзіне көрінбей.
Байлар жейді параны
Сақтап қойған сүріндей.
Заманың сенің құбылды
Текеметтің түріндей.
Ойлағаны жамандық
Жарадан аққан іріңдей!
Ендігі бір күрделі мәселе: даласына жаңадан ене бастаған капитализм қарым-қатынастары, яғни сауда-саттық пен ақша жайын ақын шошына жырлайды, тіпті мұны адам баласын бұзатын бәленің басы санайды. Шортанбай осының бәрінің орыс тарапынан келгеніне де күмәнмен қарайды. Алайда сол саудакапиталының қазақ даласына біртіндеп ене бастауының өзі жаңалық болғаны даусыз, мұны ол түсіне алмады. Бұрынғы заманның қаймағы бұзылмай сақталып қалуын көкседі. Жаңадан келген ақшаны ақын:
Заманақыр боларда
Алуан-алуан жан шықты,
Қайыры жоқбай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты! –
деп, оны малмен теңестіре сипаттайды. Бұл тұста ол жалпы ақшаның өмірдегі орны мен мәнінен қарсылық білдіріп отырған жоқ сияқты, оның түпті ойы: халық басына төніп тұрған отаршылдық зардабы, ертеңгі күн жағдайы болса керек,осы жарқын болашақ мәселесі ақынның қабырғасына аяздай батып толғантады., түн ұйқысын төрт бөледі, жарғаққұлағы жастыққа тимей қайғы-шерге бөленеді. Шортанбай елдің басындағы ауыртпалықтың басты себебі: орыс патшалығының қыспағынна, отаршыл елдің жақсы қоныс, шұрайлы жерді басып алып,күнкөріс көзінің таралуынан деп санайды:
Ағашты тауға үй салып,
Алды кәпір алқымдап.
Елді еркіне қоймады,
Буыршындайтақымдап.
Дәуренбексіп болыс тұр,
Кәпірдің сөзін мақұлдап.
Бейшараның пұлы жоқ,
Қорыққаннан қақылдап.
Жарысқа кірген жақсылар,
Аша алмассың көзің деп,
Сол себептен қорқамын!
Ақын заман өзгеріп, заң, тәртіп бұзылып, адамдар арасындағы қарым-қатынастың тозуын сол кездегі патша әкімдері мен жергілікті ел басшыларының жеңұшынан жалғасып, қанау-тонауға жолберуінен де санаса да, жауыздықтың көзі – патшаның зұлымдықтарына алғашында көп мән бере қоймайтын сыңай танытады. Бұл ертеден мұсылман дінінде «ақпатша» деп қастерлейтін дәстүрдің көрінісі де болуы мүмкін. Халықбасындағы ауыр тұрмыстың тығырыққа тірелген кезеңін көріп, кімнің кім екенің біліп көзі ашылған Шортанбай енді сол патшаның отаршылдық саясатының мән-жайын ұғынған соң, мәселе ге басқаша көзбен қарауға мәжбүр болады. Бар бәленің басы сол патшадан тарайтынын түсінген ол өзтұсындағы халық өмірін «қаңғырған жөнсіз оққа» теңей, былайша сипаттайды:
Уәліден кетті керемет,
Патшадан кетті ғаделет,
Ақырзаман таянды.
Артынан кәпір біліп тұр,
Тірі жаннан хал кетіп,
Жөнсіз оқтай қаңғырып,
Жан шіркін ақыр берік екен,
Үзіліп кетпей неғып тұр?!
Шортанбай патшаның өзінен шығып жатқан сұрқия тәртіптің салдарында тап басып жырлады. Малды алумен тынбай,енді жасбоздақтарды әскерге аламын деп қоқаңдаған ұлықтарға айтар амалы таусылған би, болыстардың дәрменсіздігін, алды-артын орап алған патша әкімдерінің озбырлығын ақын жеріне жеткізе сынап, аяусызтүйрейді. Бұдан тыс «аяқты қия бастырмайтын орыс тәртібін» деол еске ала отырып, тұйыққа тірелгендей болады. Сол бұлтартпас, қатаң тәртіптің нәтижесінен халықтың ауыр күйзеліске тап болғанын бұлтарыссыз бейнелеп:
Аяқты қия басу жоқ,
Орыстың салған жолы бар.
Емін-еркін заман жоқ,
Ендігі жүрген жігітітң
Маңдайында соры бар! –
дейді де, соның ауырзардап, зиянын, ел ішінің бұзылып, адам құлқының өзгере бастағанынн шындық күйінде суреттейді. Осының салдарынан жұрттың болмашыны қуып бір-біріне бәле қарап, заң қуып кеитетінін, қалаға шауып арыз жазуға әдеттенгенін бәленің басы ретінде таниды:
Екі кісі ұрысса,
Қалам алар қолына,
Закөннің түсер жолына.
Өте қусаң оралдың
Орыстың жайған торына.
Малыңды бағып,тыныш ұйықта,
Талапты туған ерлелрім,
Абақты түсті сорыңа!
Осындай қиын кезең, ауыр сәтте ақын жарлы-жақыбай, кедей-кепшіктердің ауыр халіне жаны ауырып, жұрттың бір-біріне мұншалықты мейірімсіз болып бақастықққа жол беруін адам пиғылының бұзылуынан деп санайды, мұңның бәрі заман сазынан деген дұрыс қорытындыжасайды. Осылардың нәтижесінде елдің ауызбрілігі кетіп, бас-басына тірлік ететін заман болды, үлкенді сыйлайтын, құрмет тұтатын уақыт келмеске кетті, «қамалған қазақ ұлы» дұшпанына беріліп, оның табанының астында қалды деп қорытады. Сөйтіп, заман сазынан әркім өз білгенімен іс қылатын кезең туды, жастардың үміт оты сөнді деген ой айтып, барар жер, басар тау қалмағанын атап көрсетеді:
Бағынғанның белгісі,
Билік кетті басыңнан,
Қорлық көрдің жасыңнан,
Ұл-қызыңнан үміт кетті,
Айырылдың құда, досыңнан…
Ұлың көңілі бір бөлек,
Қызың көңілі бір бөлек,
Өзіннің көңілің бір бөлек…
Ендігі жанның ақылы – отқа түскен көбелек!
Ақынның пайымдауынша, зар заманның тұсында өз тобындағы жарлы-кедейдің қамқоры болып келген байлар да қайырымдылығынан айырылып, қарасудан қалды, «жаздай арық, күздей пішен шапқан» момынның тапқанын тілмаш пен бай бөліп алып, зорлқ-зомбылық жасайтынын да шындық күйінде сипаттайды.
Байды құдай атқаны,
Жабағы жүнін сатқаны.
Кедейің қайтіп күн көрер,
Жаз жатақта жатқаны.
Жаздай арық қазады,
Күздей пішен шабады.
Оны-мұны жиғанын
Шығыны деп тілмаш алады.
Жалғыз сиыры бар болса,
Соғымына сояды!
Шортанбай бай мен кедейдің арасындағы қарама-қайшылықты құдайдыңжаратуынан болды, олтағдыр ісі десе де, байлардың қайырымсыздығы олдүниеде өзінің алдынан шығады, түбінде Алла алдында жазасын тартады деген сыңай танытады.
Бай кедейді көрмейді,
Қызметін бір күн қылмаса ,
Майлы сорпа бермейді,
Әне байдың қайыры.
Бұрынғы өткен адамның
Міне, келді таяры.
Жалғанда қылған ісіңнің
Алдыңнаншығар ғайыбы!
Шортанбайдың бүкіл «зар-жырларын» көктей өтіп зер сала қарасақ, бұлардың бәрінің сопылық бағытта, яғни діншілдік сипатта жазылғанын көру қиын емес. Ақынның пайымдауынша, ең алғаш адамды Аллал жаратқанда, бірні адал, ендібірін арам, екіншісін ғалым, үшіншісін залым етіп жараттты, сол секілді кәпір мен мұсылман да осы талаптар бойынша өмірге келді. тіпті бай мен кедей де құдайдың әмірімен бақас болып жаралған, елге қызметімен жағатын адал басшы мен парақор, зұлым билеушілер де сол әлгі талаптың нәтижесі деп санайды. Сондықтан да адам баласына қанағат, ынсап бер деп Алладан сұрайды. әсіресе мұсылмандардың ораза, намаздықазажібермей орындап, шариғатжолына берік болуын қалайды, оларды әділдік, адамгершілік, имандылыққа шақырады. Ал заманның бұзылып, адамдардың мейірміділік орнына жауыздықққа, зұлымдыққа бейім тұруынақын ақырзаманның жақындауынан деп қорытады. Сонда болатын құдай алдындағы сұрайды, күнәлілер мен күнәсіздердің Сират көпірінен өту мерзімін айтып, тәубаға келтірмек болады. Мұны дәрменсіздік, әлсіздік, құрғақ мистика деуге келмейтіні түсінікті, ақын бұдан өзге тәрбиежолының жоқ екенін дұрыс пайымдаған. Осыған орай ол:
Мұсылманды бұл күнде
Орыс кәпір жеңіп тұр.
Ай сайын келіп санатып,
Есебіңді алып тұр.
Қайыр кетіп байлардан,
Бұзауға ақша беріп тұр.
Пәлен теңге торпақ боп,
Тиынға тиын болып тұр.
Залым туған сұмырайлар
Осылайша «кеңіп» тұр.
Шолақ иттей діңкілдеп,
Бір-біріне жетем деп,
Аласұрып өліп тұр, –
дейді.
Шортанбай азып-тозған заман жайын сөз еткенде де, өзінен бұрынғы діндар ақындардың ой-пікірін басшылыққа алып отырады. ол өз жырларында «Сопы Аллаяр» кітабын жиі атап, соған жүгініп сөйлесе де, көптеген толғауларында Қожа Ахмет Иассауидің бағыт-бағдарынан әсте бір ауытқымайды. Бұл дүние мен ол дүниенің мән-жайын әңгіме еткенде де, сол төңіректен табылатынын көреміз. Ақын жырларының асыл табиғаты өзіне ұстаз тұтқан Қожа Ахмет Иассауиден аулақ кетпейді, көбіне көп солармен үндес, мазмұндас. Айталық, заман мен адамдар жайында Қ.А. Иассауидің мына бір жолдары Шортанбай жырларымен іштей-тыстай табысып астасып тұр:
Ел, дүние, халқымызда қайырым жоқ,
Патша мен уәзірлерде әділет жоқ.
Дәруіштердің дұғасында қасиет жоқ,
Түрлі бәле халық үстіне жауды, достар.
Ақырзаман ғалымы залым болды,
Ізгі тілегін үзбеген ғалым болды.
Алланы айтқан дәруіштің жолы болды.
Ғажап сұмдык замана болды, достар!
Осындағы жинақы ойлар таратыла айтылса да, Шортанбай жырларында дәл сол сипатта көрініс тапқанын көреміз:
Бір пара жанды малды қып,
Бір пара жанды малсыз қып,
Бір пара жанды ғалым қып,
Бір пара жанды дінді қып,
Бір пара жанды дінсіз қып,
Шерне үшін жанды жаратты…
Азды көпке жем қылып,
Бір пара жанды жылатты.
Ашты-тоқты болсаң да
Иманың сақта ұятты.
Ардан кешкен ұятсыз
Дінсізге қылар мұятты…
Зар заманның аяғы,
Заманың кетті баяғы.
Шортанбайдың тағы бір топ жырлары күнәдан арылып, Құдайға құлшылық жасаудың жолдарын сипаттайтын Қ.А. Иассауи өлеңдерімен егіздің сыңарындай ұқсас өрілетін де атап айтуға тиіспіз. Оқып көрелік:
Аз тартайын десең күнәні,
Саһарменен тұрғаның.
Хақ диарын көрерсің,
Ақырет қамын қылғаның…
Медіресе, мешіт салдырып,
Мүфтиге берсең балаңды,
Азан-тәкбір айттырып,
Мешітке қойсаң моллаңды,
Сираттың желі соққанда,
Руза, намаз панаң-ды
Осы іспеттес ақынның өмір қызығының шексіздігі мен өткінші, баянсыздығын жырлайтын мына бір өлеңдері де жоғарыда айтылған пікірмен терең сабақтас:
Жорға мініп теңселіп,
Торғын тоңын білсентіп,
Мамық төсек салдыртып,
Ыңырантып тұрғызып,
Дүрия көрпе жамылтып,
Дүниенің қалай алдауы?!
Ит жүгіртіп, құс салған-
Өнерпаздың өнері.
Өтіп кеткен нәрсеге
Өкінсең жоқ келері.
Тұтас тұрса жабырамас
Бетіңнен кетсе бедені
Құбылып тұрған қызыл гүл
Қураса кетер мәнері.
Сабыр қылсаң жетерсің,
Құданың болса берері!
Он сегіз мың ғаламның
Құдіретімен жаратқан
Құдайдың қалай шебері!?
Ақынның заманындағы адамды, әсіресе,ел басшыларын дүние-мүлік,малүшінкүнаға батудан,дүниеқоңыздықтан аулақ болуға шақырған жырлары да нақтылыққа құрылып отырады. бұл орайда ол Мұхаммед пайғампар мен оның төрт шариярын, Ескендір мен Сүлеймен секілді әйгілі тұлғалардың да өмірден өткенін үлгі ете сөйлейді. Бұдан тыс өз басының мін-кемшіліктерін теріп айтып, ғапылдыққа ұмсынбауды дәлел ретінде ұсынады:
Құдайға мақұл ісің жоқ,
Біредікін іздедің,
Өзіңдікін көздедің,
Күшің жеткен адамды
Неге мұнша тіздедің?
Ұрлықпенен зорлыққа
Үмітіңді үзбедің.
Алмаған неме қоймадың,
Еш нарсеге тоймадың,
Азуы қарыс алаштың
Айтқанна болмадың…
Бойыңа жанды теңгермей,
Басыңа бір тас тиіп тұр,
Не қылайын дүниені,
Тырнаштап жидың инені!- дейді.
Міне, осындай Қазақ халқы бастан кешкен езгідегі ауыр тұрмыстың күрделі мәселелерін құдайдың басқа салғаны деп бағаласа да, ақын ел-жұртты соның бәріне көне беруге шақырмайды, халықты,сабырлылыққа,басшыларды әділдік,шындыққа үндейді. Ал ,орыс отарщыларына келгенде , «бәледен машайық қашыпты»деген қағиданы ұстанады. Ол үшін, ең алдымен қоқан хандығына бағынуды ауызға алса да,оның бұрынғы зардаптарын еске алып, бұл ойынан тез қайтып, ертеден дін орталығы болған Бұхар төңірегіне қопарыла көшуді ұсынады. Сөйтіп, бодандық жайын көп жырлап ,Қазақ елін «жерұйық»пен «жиделібайсынға» көшуге шақырған Асан қайғы мен Бұхар жыраудың айтқан ойларын мақұлдыйды. Мұндағы мақсат-тыныштық, бейбіт өмір болса керек:
Жағаласқан мына жау
Кетірер сөйтіп сыйқыңды.
Қолыңды қойса айдарға
Жарар сонда жылқыңды.
Бұхарға жетер күн туса
Тыншытарма едің ұйқыңды.
Шортанбайдың ендігі бір туындылары кейінгілерге өсиет-насихат түрінде келеді. Бұл орайда ол, ең алдымен шындықты бетке айтатын адам бойындағы сирек кездесетін қасиетті айрықша бағалап ,бұған қарсы сумаңдаған суық сөз- өтірік-өсектің зиянынан сақтандырады. Мұсылман дінінде сырттан айтылған ғайбаттың кешірілмейтін күна екені дәлелденген, оны құдай түгіл аруақтар да кешірмейді делінеді. Ақын осыны өзгелерге өнеге ретінде ұсынып:
Сырттан ғайбат қылғанша
Айт көзіне,өзіне.
Құдйдан қорққан мұсылман
Қарауыл қояр сөзіне.
Құдайдың барын білмеген,
Айтқан жөнге жүрмеген,
Менменсіген зор пенде
Қиық жүріп кете алмас,
Алдындағы жолығар
Құдайдың құрған тезіне.-дейді.
Бұдан ары ақын жиған-терген ілім-білімі бар ғалым кісілерден ақыл-кеңес сұраудың қажеттілігін, басқа біткен малдың ішіп-жеп қызығын көрудің керектігін, ынсап-ұят пен иман тілеу арқылы құрайға құлшылық етудің жайын алға тартады:
Ей,мүһмін,құлшылық етсең не етеді,
Ажал болдырмай қуып жетеді.
Мінезге бағым табылмас,
Ғадетіне кетеді.
Тақуада болған ғалымдар
Бұл жалғанда не етеді,
Баяны жоқ шіркінді
Бір күн тастап кетеді…
Иман-жанның жарығы,
Кеші тар болған жолда
Хабардар бол, а, пірім!
Ақын жоғары бағалып,асқақ жырлаған түйінді мәселелердің бірі:арамнан безіп,адалдан мал жимақ,үйдегі ата-наңды сыйлап құрмет тұту, адамгершілік жолдан ауытқымау секілді өмірлік жәйіттар. Ал ұрлық пенен араманан жиған малдың қайырсыздығы мен зиянын да көрсете келіп, андай адамдарды «арамнан жерімейтін» итке балайды. Осы орайда ол пара алатын би-болыстарды аяусыз сынай отырып, ел ішіне бүлік алып келген сайлауда болыс,старшын боламын деп мал шашқан ысрапты қою керектігін басты мәселе етіп көтереді. Бұл дертке айналған істі қоздырушылардан сақ болуға шақырады:
Әлің келсе меке бар,
Артық дәулет біткендер.
Старшын, болыс болам деп,
Ысырап қып малды төкпеңдер.
Таяндың енді өлімге,
Алты табан көріңе.
Сатып алған күнәнің
Кешуі болмас күнінде.
Осы секілді бұл дүние мен ол дүниенің мән-жайын баяндап, адамгершілікке шақыратын жырлар ақынның негізгі тақырыбы екенін бөліп атаған жөн. Осы сипат өлер алдындағы ел басшылары мен белгілі байларға арнаған өлеңдерінен айқын аңғарылады. Ол осы жырларда атақты бай Асан Қожа мен Тобықты Құанбай, Шорманұлы Мұса, Қуандық Қоңыр, Көпбай мен Нұрланға дұғай сәлем айта келіп, олардықұдай жолына берік болуға үндейді, баянсыз өмірден гөрі, бақилық дүниені ұмытпауға шақырады. Бұл жырлар өкініш пен үмітке құрылған дей саламыз. Ой жиынтығы, өзінің басынан кешкен ғапылдығы мен өкінішін жұртқа ескерте отырып, Алладан медет тілеу, алдан жарық етуді сұрау. Ақын осы талапта кейінгі буынға сенім артып:
Өзіңнен өрнек жайылды,
Жақынға, туған, қалысқа.
Өзімнен қалсын балаға,
Кетпес сөзім далаға.
Жоғалтпаса өзімді,
Жоқ қылмаса сөзімді,
Мен ризамынАллаға,-
дейді. Халқын беріле сүйген ірі ақынның бұл соңғы тілек, өсиеті дер едік.
Шортанбайдың бөліп атауға тұрарлық тағы бір туындысы:
Оның әйгілі Орынбаймен айтысы. Ақынның Шөжемен және Асанмен айтыстары ды мәлім. Алйда өзінің құрылысы мен мазмұны жағынан алғанда, оның Орынбаймен айтысы еркін қайымдасудың жақсы бір үлгісі болып табылады. Аты белгілі Арғын Орынбай ақын ел басшысы Тұрлыбекке еріп, Құсбек төренің еліне келсе керек. Құсбек төренің қасында отырған Шортанбайға бұл келіс ұнамайтыны белгілі. Бас қосылып ерігіп отырған жұрт екіжүйрікті айтыстырып, қызығын көрмек болады. Алғашқы сөзді Шортанбай бастап, Орынбайға жол болсын деген дәстүрлі сөзді айтқанда, Орынбайөзінің алу үшін келгендігін жасырмай, «Құдай берсе мол болсын» деп қалады. Шортанбай «мол болсын»деп қарақшылар тілейтін еді»деп қағытқанда, «ішің тар, хан жарлығын кім екі етеді?», Мейрамның малын қызғыштай қорғау жөнсіздеген сыңай танытады. Бұл аталы сөздерге жауап ретінде өлеңге биік талап қойылатынын ескертіп, Шортанбай пір тұтқан Қожаға тілің тиер деп сақтандырады. Ал, Орынбай болса, «ишанның өлең айтуы орынсыз, қазақтың өлеңінде нең бар?»деп ұтқырлық танытады.
Енді ақынның сөз қолдану, көркемділік шеберлігіне келсек, Шортанбай, ең алдымен, суырып салма дәстүрді берік ұстанған ақын болғандықтан, жыр үлгісіне бейім тұрады. Бұлары түйдек-түйдек күйінде жыр ағынымен ағытылып отырады, алайда мұндағы логикалық байланыс пен бірліктің бұзыла бермейтінін көреміз. Сондай-ақ, ол халық ауыз әдебиетіндегі мақал-мәтел мен ұтымды сөз тіркестерін орнымен тиімді қолданып отырады.Мәселен, «Қыз Жібек» жырында Жібектің белінің жіңішкерлігін сипаттайтын жолдарды ақын адам демінің үзілу сәтіне орайластырып:
Жан шіркін-ақ берік екен,
Үзіліп кетпей неғып тұр? –
деп бейнелейді. Ал, мақал-мәтелдерге келгенде, ол солардың мазмұнын сақтай отырып, ұйқас бірлігіне қарай аз-кем өзгертіп, түрлентіп қолданады/ «Сүтке біткен мінезге, сүйектен кетпей қояр ма?», «Текті құс қарар Қырымда, Ит айналар жырымда», «Өте қусаң қорқақты, Батыр да болып шынығар», «Қанды қалпақ кисе де, Түбі бірге түртпейді», «Жан жуымас жатқанға, Жөргем ерер жүргенге», тағы басқалар/.
Ақын шығармаларында сирек те болса ауыспалы мағынада алынған ұтымды тіркестер де ұшырасады. Бұлардың бір үлгісі:
Қасақана мал бітер,
Қайыры жоқ қабанға…
Қайны болмас қабан да…
Орыс – бүркіт, біз – түлкі, –
тәрізді болып келеді.
Ақын қолданған теңеулердің өзі нысанаға дөп тиетін өткірлігімен дараланады: «Аюдайын ақырған», «Жөнсіз оқтай қаңғырып», «Ұстараның жүзіндей, аударылған дүние», «Шолақ иттей діңкілдеп», «Құлан менен бұландай, үйде тұрмас ойнақтап» т.б. Ендігі бір насихат сөздер дәстүрлі мақал-мәтел іспеттес болып құрылады:
Ұзынға қысқа жетпейді,
Үлкенсіз нұсқа бітпейді.
Әдепті болса алғаның,
Алдыңнан кесіп өтпейді.
Шортанбай көзі қарақты, сауатты адам болғандықтан Шығыс әдебиеті үлгілерін де жақсы білгенге ұқсайды. Ол Құран-Кәріммен діни аңыздардағы өнегелі істерді де, Пайғамбарлар мен әулие-әнбиелер өмірін де рет-ретімен орынды пайдаланып отыратын.
Шортанбай өз дәуіріндегі қоғамдық, әлеуметтік өмірдің әр саласын кеңінен қамтып, көркем бейнелеген ірі суреткер болды. «Ол салт-сананы да, адам психологиясын да, экономиканы да, дәуірдің идеологиясын да қамтиды. Осы салалардың бәрінде де ескі патриархалдық қалып бұзылып, жаңаға жол ашылды. Әрине, ол ақынға ұнамайды… Бірақ оған қарамай, Шортанбай сол өзгерістер қалай басталып, өрістегенін, нәтижесін, процесті түгелдей көркем суретке айналдырып ұсынады. Осы сипаттарымен ақын жырлары өз дәуірінің айнасы іспетті халқымен бірге жасай берері сөзсіз.
Мұхамедрахым Жармұхамедұлы





