Бір «Умра» арнадық өзіңізге
Майлықожаның арманы
Майлықожа ақын өмірінде Меккеге бір барсам,Хаж амалын орындасам деп армандан өткен. Бірінші рет Хазреті Алидің қабрыне барғанда «Хаж қыла алмай жүріппін»деп армандаса;
Халайықтың қажеті
Сіздерге түсіп қалынар.
Қажы қыла алмай жүріппін,
Азырақ дүние малым бар.
Алдыңа келіп тұрыппын,
Мүсəпір, мұңлық халім бар.
Екінші Есенбайға жол болсын айтып барғанда Арманын молынан жеткізеді.
Жолыққанша қанша ай, заман қалып,
Қағбаға несіп болғай, аман барып.
Пайғамбардың рузасын көрген жерде
Бір топырақ жасағайсыз маған анық.
«Майлықожа тірі жүр, аман, – деңіз,
Сіздерді жат қылады тамам, – деңіз.
Нəпсі, шайтан залымнан ажыратқай
Əн хазіретке, төрт жарға сəлем, – деңіз.
Қағбаны дос тұтады көңіліміз,
Əгəр болсақ күнəдəн жеңіліміз.
«Əн хазірет рузасын бір көрсек» деп
Арзида мұнда жүрген өміріміз.
Ғашықпын Алла Тағала дидарың-ай,
Қағбаны қажы қылсам бір барып-ай.
Анхазіретке үмбет, төрт жорға дос көңілім бар,
Құдая өзің куə бұларыма-ай.
Есенбай болғай аман, келіскенің,
Ап келгейсіз құрманың жемістерін.
Хақ дидарға ғашығың бар азаматсың,
Пейліңде мінезі бар періштенің
Үшінші рет Момбек датқаның бәйбішесі Айғанымға жазған хатында «Әжіге баруға талапкермін» дейді-дайындық болып, әлде бір себептермен бара алмай қалған секілді.
Сөзімді оқытып жүр молдаларға,
Шыққан сөзім аузымнан соңғыларға.
Аман-есен болыңыз, Айғаным апа,
Талапкермін əжіге жол барарға.
Алла табарака О-Тағалының Рахым пәзілеті мен ұлым Көбжан, келінім Малика-бізді кемпіріміз екеумізді «Умра» қажылыққа алып барып-Хаж амалын орындатып алып қайтты. Осы сапарда Ұлы бабам Майлықожа Қажылықты армандап өткен екен-кел Майлықожа бабаның рұхына арнап бір қажылық өтейік деп келісіп-барлық алғы шарттарын тһорындап ақын бабамның рұхына арнап бір «Умра» қажылық ибадатын орандап қайттық.
-Я баба Сіз ғой біздің ардағымыз,
Игілік пен қоршалған жан-жағыңыз.
Бір «Умра» арнадық өзіңізге,
Орындалсын деп Сіздің арманыңыз! Сейтомар.
Қабыл етсін