Майлықожа

Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет

Уәдең халық ұнамайды бекер келсе,

Сөзіңді кім тыңдамайды шекер келсе.

Қыздырып сұхыбатты отырсаң да,

Бұзады мәжілісті бір есер келсе.

Жастарды тәрбие қып, сыйлау керек,

Ержетіп, еске толып, есейгенше.

Шын достың көңілі өсіп қуанбай ма,

Сағынып бірін-бірін есен көрсе?

Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет,

Жұмысы жөнге жүрмей кешелденсе.

Жорамалды қариядан жоба үйрен,

Түймедей түйініңді шешем десе.

Жол берме жобасызға, деймін, халқым,

Біреудің адал малын «жесем» десе.

Қоңсыңмен қоштасып қал, қол алысып,

Туысқан өз еліне көшем десе.

Халқыңа қоңыраймай қоғамды бол,

Белгілі қол бастайтын көсемдерше.

Намыс боп ақындарға қалады екен,

Бір адам «бұл айтқаның бекер» десе.

Тереңнен ойлап қиял ой табатын,

Ілгері кете алмаушы ем шешендерше.

Айтуға сондадағы міндеткерміз,

Белгілі халық ісі өтелгенше.

Қоямын сөз таппасам мұнан былай,

Ақын боп домбыраны көтергенше.

Қыза алмай жабырқанып отыр едім,

Тер шығып тебінгігіден төселгенше.

 

Тірлікте бір-біріңді сыйласпасаң,

Маған кел, күні ертең қи баспасаң!

Дос болу асылында неге керек,

Жаныңды досың үшін қинаспасаң.

Дос болып бір ауылда жүре алмайсың,

Жоғыңды бір-біріңнің жинаспасаң.

Досыңа кездескенде қиын жұмыс,

Қамыстан өртең шалған қираспасң.

Көлеңкең көлемді боп көрінеді,

Өсек бір-біріңді шырмаспасаң.

Мақтану «ақынмын» деп неге керек,

Халыққа ғибарат сөзден тыңдатпасаң.

Басыңнан абыройың төгілмей ме,

Көз салып көрінгенге қылжақтасаң.

Халыққа сонда басшы боларсыңдар,

Ешкімге ақылыңды ұрлатпасаң.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button