Майлықожа

Қожатоғайдағы Майлықожа термелері фестивалі

Түркістан облыстық мәдениет басқармасының жоспарына орай үстіміздегі жылдың 3-і шілдесінде Арыс қаласының «Қожатоғай» ауылында  «ҚОҢЫР ҚОНЫС – ҚАСТЕРЛІ МЕКЕН» атты Майлықожа Сұлтанқожаұлының жыр-термелер  фестивалі болып өтті.

Арыс қаласы Қожатоғай ауылы, мәдениет үйінің қызметкері – Сәдуақас Каукешовтің  ұйымдастыруы, демеушілердің, сондай-ақ ауыл әкімдігінің қолдауымен өткен Майлықожа атамыздың жыр-терме фестивалі Ұлы бабаның жерлестері үшін үлкен мәдени мейрам болды.

Аллаға шексіз шүкір, соңғы жылдары  Майлықожа Сұлтанқожаұлының шығармалары – жырлары мен арнаулары, термелері мен өлеңдерінің кештері жиі өткізіле бастады.

Жыр кешіне арнайы шығарылған билеттерді демеуші жігіттер сатып алып, ауылдастарына сыйға тартты.

Қожатоғай ауылының әкімі – Зәкірқожа Елшібаев, Сарыағаш ауданынындағы Қожалар қауымдастығының төрағасы – Бөкейхан Ақбердиев, сондай-ақ ауыл ақсақалдары жыр-терме фестивалін ашып, қатысушыларға шабыт тіледі.

Майлықожа мирасын зерттеуші, Ұлы бабамыздың академиялық басылымының авторы – Сейтомар Саттаровтың жүрек жарды аудио құттықтауы  Фестиваль  қатынасшылары мен ауыл тұрғындарына жеткізілді.

Терме кешін Түркістан облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының ұлттық жанрлар жөніндегі маманы, Халықаралық «Жыршы-термешілер» одағының мүшесі, «Ұлттық өнер жанашыры», ұстаз – Аязбек Рүстемов жүргізіп отырды.

Алматы қаласынан туған ауылындағы терме фестиваліне арнайы келген Философия ғылымдарының кандидаты,   Қазақстан Республикасының  Өнер қайраткері, айтыс өнерінің өкілі, ақын, сазгер, термеші – Жакен Омаров Майлықожа бабамыздың «Ата-ананың қадірі» термесін орындап, тыңдарманның алғысына бөленді.

Арыс қаласы Қожатоғай ауылы, мәдениет үйінің қызметкері – Сәдуақас Каукешов Майлықожа ақынның «Ақ пен қара» термесін орындады.

Еліміздің түрлі облыс және аудандарынан келген термешілер ауыл тұрғындарына тамаша көңіл-күй сыйлады.

Фестиваль қатынасшыларына алғыс хаттар мен қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

 

«МАЙЛЫҚОЖА – ӘУЛИЕ АҚЫН»

Жобасының авторы – Үсен Асқаров

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button