Асыл мұра

Рамазан айының баяны дүр

Қаулуһу тағала: «Шаһру рамазан әлләзи унзила фииһил қуран һудәл линнәси уәбәйинәтим минәлһудә уәлфурқан» мәнісі рамазан ораза айы шарапатты ай дүр. Ол айда Құран шәрип[1] ендірілді. Қадыр кешінде ләуһу мәһфуздән дүние жүзіне адамдарды көндіруші болған халде залалаттан[2] тағы да заһыр ғаламат болғанда өкімдерге көндірерге және де хақпен батыл арасын айыруға бұл ораза айының оразасын шын пейіл, ықылас, ынта-шынтысымен тұтпақ керек. Жақсылық оқып сауап табар, аш боламыз соған көнеміз деп тұтпақ керек. «Куллу амал ибн адам иудәғифул хәсәнәтә бә ашири әмсәлиһа илә сәбғумиәт дағфа қала аллаһу таъала илләссәуму фәиннәһу ли уә әнә әжли лиссаим фарахтани: фархатун ъинда фатарһи, уә фирхатун ъинда лиқайи раббиһи, уә лихулуф фиһи атибу ъиндаллаһи мин рихил миск» бұл хадистің мәнісі адам балалары жақсылық іс қылса біріне он сауап берер, 700 – ге дейін барар, оразаның сауабының саны жоқ дүр. Алла тағала айтты: «Ораза менікі дүр, сауабын мен беремін, менен бөлек ешкім білмес, мен білермін, менің үшін ауқат тағамын қойсын және ораза тұтушыға екі шаттық, қуаныш болар, бірі ауыз ашқанда, бірі Алла тағалаға жолыққанда және бір хадисі ораза тұтушының аузының исінің исі жақсырақ дүр. Алла тағаланың қасында жұпар исіндей болар.

Ораза перде дүр және айтты ораза болса бұзық сөз сөйлемесін. Надандық қылмасын. Егер бір кісі боқтаса яки ұрысса бұл айтсын оразамын деп. Бұған кәтта[3] берілген һадие[4] дүр. Оразамын деп айтпақ ұрысқанға және Расул саллалаһу әлейһесалам айтты ораза тұтқан кісіге пейіште бір неше хор ғусыр перілер базысы қызыл жақұттан, базысы жасыл жақұттан. Ол ғусырда хор қыздары болғай» деп хабар берді. «Хуурум мәқсуурәтун фил хийәм[5]» (Шатырларда тұратын хорлар бар) тағы да әрбір хорда 70 түрлі һулла болғай, әр хорда 70 қызметшілер қызмет қылып тұрғайлар және де хазіреті Расул айтты: «әркім Ораза айында 20 рәкат намаз қылса есепсіз сауап табар, яки оразасын бұзса оның орны тозақ болғай. Егер кәфәрәтін[6] бермесе, кәфәрәті бір құл азат қылмақ дүр я болмаса 60 күн ораза тұтпақ дүр» және Расул әлейһесалам айтты: «Ораза тұтушы кісінің дұғасы қабыл болады, ұйқысы ғибадат дүр, ояу отырғаны тәспі дүр» және хазіреті Расул айтты: «Әр айда 3 күн ораза тұтса сауабы көп дүр және әр айдың басында 3 күн, ортасында 3 күн, аяғында 3 күн ораза тұтса бір жыл оразасының сауабы болар. Дүниеден иманымен кеткей» және Расул әлейһесаллам айтты: «3 істерді әдет қылыңдар, 1) ұйықтарда таһаратпен жатыңыз, 2) әр айда үш күн ораза тұтыңыз, 3) сәскелік намазды оқыңыз және де тарауық намазын оқыңыз» және де ораза айт күні ораза тұтқан кісілерге Хақ субһана тағала айтар: «Ей, құлдарым, шын ниетпен зәһір уа бәтыныңызды тәкат таза қылып менің әміріме көнсеңіз жеті тозақтан азат болыңыз, жақсы амалың үшін пейішке кіретін болдыңыз, көр азабынан құтқардым. Мен сіздерге разы болдым. Тозақтан қалыс қылдым, дидарымды көресіз» дегей.

Енді оразада ғайбат сөйлемей, адамдарды шағыстырмай, харамнан көзін, аяғын сақтағай. Бес нәрсе оразаның сауабын жоқ қылар:

1) өтірік сөйлемек,

2) шағыстырмақ,

3) ант ішпек,

4) әйелдерден дәметіп қарамақ және де ораза айында ғайбат сөйлесе ораза бұзыла ма деді. Ғалымдар айтты: «Ораза бұзылмайды, бірақ та сауабы бұзылады, ғайбат қылған кісіні риза қылмайынша орзасы қабыл болмайды» және хадисте келтірді ораза тұтқаннан бастап ақырына дейін пітірін берсін. Егер пітір беруге шамасы келмесе күнә жоқ, шамасы келіп тұрып бермесе аспан, жер арасында асылып тұрар. Егер садақасын берсе оразада болған кемшілікті құртуға кәфәрәт болар. Себебі ораза қанат болар. Алла тағала дәргейіне барар ерміш, ораза айтар: «Е, Пәруәрдігәр[7], мен пәленше баласы пәленшеден разы болдым, сен де разы болғай» дегей. Егер оразада ұмытып кетіп ауқат жесе яки ішсе, шариғатқа келсе, көңілінде ораза екенін білмесе оразасы бұзылмайды. Ораза кісі күндіз шәһует[8] асып кетсе кәфәрәт болмас. Базы қатындар жүкті болса, яки жас баласы болса, өзі яки баласы өліп қалар деп қорықса оразасын ашсын, кейіннен намазын оқысын. Егер біреу нәпіл оразада бір үйге яки үйіне біреу мейман болса, үй егесі «келіңіз, ауқат ішеміз» десе, шақырса, айтса егер түс мезгіл болса оразасын ашсын, кейіннен қазасын тұтсын және хазіреті Расул айтты: «Әркім оразада сол айды қадірлемесе, ол кісі бетпақ дүр. Таңда қиямет күнінде менің шапағатым жоқ деді. Енді әрбір момын міндетті дүр ораза айын қадірлемекке, ғибадат, ораза, садақаны артық қылмақ керек дүр».

Айдың жақсырағы үлкен ораза айты дүр, онан соң құрбан айты дүр. Әркім құрбан айында 9 күн ораза тұтып, құрбан шалса, қаны жерге танбастан бұрын Алла тағалаға ол кісілердің күнәларын афу қылғай. Әркім айт болатын кешінде екі рәкат намаз оқыса, бір мәрте әлһәмдуні, бір мәрте Аятул күрсіні, 15 мәрте Ықылас сүресін оқыса, Алла тағала дариялар көбігіндей, ағаштар жапырағындай, соның санындай сауаптар бергей. Хазіреті Салман һарсы рази аллаһу әнһу айтты: «Бір күні құрбан айтының кешінде жолмен баратыр едім бір жақта бір қабірге жеттім» деді. Қабір сыртынына бір нұр шығар. Бұл қандай нұр екен деп тұрып едім, бір ауаз[9] келді. Құрбан айының оныншы түнінде ұйықтамай тағат қылған кісінің нұры» деді. Әркім оныншы түнде ұйықтамай намазды көп оқыса сауаптар бергей.

 

[1] Шәрип /а/ – құрметті, ұлы

[2] Залалат /а/ – залал

[3]Кәтта – үлкен

[4]Һәдие – сыйлық

[5] «ар-Раһман» сүресі, 72-аят

[6] Кәфәрәт /а/ – күнәдан арылу

[7] Пәруәрдігәр /п/ – Құдай

[8] Шәһует – құмарлық

[9] Ауаз – дауыс, үн

Карамат.

Мукіматіл муслимин кітабы

Қазан баспасы Мукімат Әли қаражаты илән 190 лз: басылған

6/Х-70

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button