«Қазақтың қазақ болғанда, өзіне арналған, сыбағасына тиген жалғыз мейрамы –
Наурызнама. Ол күні қожаларға оқытатұғын, Наурызға арналған кітап болады. Наурыз жайын ұқтыратұғын ол кітаптың атын «Салдама» дейді. Ол күнде тілі орамды, сөзге шешен шалдардың батасы болады. Қожа кітап оқығанда, шалдар бата қылғанда, жұрт жылап, шулап «Әмин!» деп отырады. Сонан соң, олардың айтқаны-айтқандай келіп, халық, жұрт ілгері басып, малы да өсіп, басы да өсіп, берекелі болады.
<span;>…«Елді, жұртты оңға бастаймын! Ілгері басуына, мал басы өсуіне тілеулес боламын!» деушілер осы Наурызды құрметтеп, «Ұлыстың ұлы күні» атандырып, той-тамаша қылдыруға тырысуы керек».
Мәшһүр Жүсіп КӨПЕЙҰЛЫ, «Наурызнама»