Асыл мұра

Өтірік сөйлеуді тыю баяны дүр

13-бап

Қаулуһу тағала: «Уәлләзиина кәфәруу уә кәззәбуу

139 Құрсант – қуану

140 Нәғузу билләһи минәзәлик – бұдан Алланың атымен қорғанамыз

141 Пұшайман – көңілсіз, жабырқау

биәйәтинә ууләика әсхәбун нәри һум фииһә халидуун142» (Қарсы

келіп аяттарымызды өтірік дегендер, солар, тозақтық болып,

олар мәңгі қалады) деген Әбу Һурайра рази аллаһу әнһу Расул

саллалаһу әлейһесаламнан естіп рауаят қылар. Миғраж143 түнінде

бір бөлек халықты көрдім, суреттері доңыз суретінде, тілдері

аузынан шығып үлкен жыландар тілдерін тістеп, құйрығымен

қамшылап жүрер. Хазіреті Жәбірейілден сұрадым: «Бұлар

қайсы халықтар?» деп, Жәбірейіл әлейһесалам айтты: «Бұлар

өтірік айтушылар, өтірік куәлік берушілер» деді және Расул

әлейһесалам айтты: «Мұнапық144 ғаламаты үшеу дүр:

1) сөйлегенде өтірік сөйлер,

2) уәде қылса уәдесінде тұрмас,

3) аманатқа қиянат қылар.

Ал момынның үш белгісі бар:

1) пейілі, кеулі жақсы күш болар,

2) сөйлесе шын сөйлер,

3) шариғат бұйрығын орындар және Расул саллалаһу

әлейһесалам айтты: «Әркім өзін алты нәрседен сақтаса пейішке

кіруге һәм кіргізуге мен кепілмін» деді.

1) өтірік сөйлемесе,

2) уәдесінде тұрса,

3) аманатқа қиянат қылмаса,

4) басқа біреуге қарамаса,

5) ғайбат сөйлемесе,

6) ата-анасына азап бермесе және айтты: «Барлық

амалдардың жақсырағы әркімге жақсы сөз айтқан дүр».

Қиямет күні барлық денеден сұрарлар күнәнің көбі тілден

болар. Тілде сөз көп күнә болар және хазіреті Мәззәбни рази

аллаһу әнһу хазіреті Расул саллалаһу әлейһесаламға айтты: «Ия,

расул Алла, маған насихат айт» деп. Расул әлейһесалам айтты:

«Ия, Мәәз, қайда жүрсеңдер сақта тартып жүр» деді. Жақсылық

142 «әл-Бақара» сүресі, 39-аят

143 Миғраж – Мұхаммед пайғамбардың көкке көтеріліп Алламен жүздескен түні

144 Мұнапық /а/ – екіжүзді

жамандық тілден дүр. Егер әркім өтірік сөйлесе, ырызғысы кем

болар. Пайғамбар әлейһесалам айтты: «әл кәзибу ләйсә мин

уммати» мәнісі «өтірік сөйлеушілер менің үмметім емес, мен ол

кісіден безермін және қияметте мен оған шапағат қылмаспын»

деді.

Ей, момындар, қиямет күнін хақ, рас, шын деп біліңдер

және һәм Алла тағала қасымызда деп біліңдер. Құдайдан

қорқыңдар. Егер кісі шын сөйлейтін болса, халық арасында

қадірлі, жақсы кісіден болар, ырызғысы көп болар, әртүрлі

қорқыныштан аман болар, дүниеде ақиретте екі дүниеде жақсы

болар. Иншаллаһу тағала Пайғамбар айтты: «мәнсәкәтән нәтә

амманнатә фәләһли жаннатә» мәнісі «әр кісі үндемей, сөйлемей

жүрсе әр бәледен құтылар, әр нәрседен құтылса пейіш ол кісінікі

болар». Ей, адам балалары, егер Алла тағаланың дидарын көрем

дейтін болсаңыздар орынсыз сөйлемеңіз. Еш уақытта кісі кеулін

ренжітпеңіз, харам жемеңіз, ақыл есіретінді ішпеңіз, арақ, сірке,

темекі тартпаңыз, зинһар зина қылмаңыз, некеңізден басқа

әйелге назар салмаңыз уа кісі ақысын жеуден сақтаныңыз, ғайбат

сөйлемеңіз, намаз оқып, ораза тұтып, малыңыздан зекет, ушыр,

садақа беріңіз, қылыңыз иллаһи Мұхаммед үмбетіне тауфиқ

жақсылық бергейсің. Аумин раббил аламин.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button