17-бап. Жақсы пейілді болу, ашу келгенде сабыр қылмақ баяны
Қаулуһу тағала: «Уәиннәкә ләъалә хулуқин ъазиим158» (Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің) деген хазіреті саллалаһу әлейһесалам айтады: «Барлық амалдарды таразыға тартқанда жақсы пейіл, мінез барлық амалдан ауыр келер» дейді. Хазіреті Айша рази аллаһу әнһу айтты: «Әркім әр күнде Аллаһуммаһ-дини әхсәнәл-әъмәли, уәл-әхләқи» (Ия, Алла, мені ең жақсы істер мен жақсы мінезге жетелей гөр) десе жаман пейілді кісі болса, мінезі жақсы болар. Бұл дұға шарапатынан иншалла тағала жақсы болар, және хазіреті Расул әлейһесалам айтты: «әркім бәлеге ұшыраса осы дұғаны көп оқыса Құдай тағала жад қылғай. Жақсы мінезді көп оқыса өмірі ұзын, ырызғысы көп болар, Құдай тағала жақсы мінезді кісіні дос тұтар».
Хикаят
Бір қожаның бір құлы қой бағар еді. Таяқпен ұрып бір қойдың аяғын сындырды. Қожа айтты «неге сен мұндай қылдың» деді. Құл айтты «сенің ашуың келема деп қылдым» деді. Қожа айтты «ашу шайтан ісі дүр, сені азат қылдым» деді. «Міне жақсы кісі осындай болады. Егер түрлі зиян және өлім, ауру көрседе сабыр ету керек. Кісі көңілін ауыртпау керек. Кісінің жаманы мынадай болады. Кісінің күнәсін кешірмес. Егер бір кісі күнә қылса, келіп ұзыр159 қылса ол зырын қабыл қылып, мен кештім десе ол кісінің күнәсін Алла тағала кешер» деді. «Нәғузу минәззәлик билләһи тағала» деді.
18-бап. Өлім, қазаға сабыр қылмақ баяны
Әннәс ибн Мәлік рази аллаһу әнһу айтты: «Бір сахабаның емшекте бір баласы бар еді. Бір күні өлді. Расул саллалаһу әлейһесаламға хабарлады. Пайғамбар барлық сахабаларымен
158 «әл-Қалам» сүресі, 4-аят
159 Ұзыр /а/ – кешірім
барды. Ол сахаба тіпті қайғырып, көңілі ойран болып отыр екен. Расул саллалаһу әлейһесалам айтады: «неге қатты қайғырасың, шүкір қылып, күш бол қиямет күнінде ол нәресте балаға айтар бар пейішке кір деп, ол нәресте айтар менің ата-анам қайда дүр.
Ол екеуі кірмейінше пейішке кірмеймін дер. Оның ата анасын тауып пейішке жіберер» деді. Ол сахаба оны естіп күш болды, қуанды, қайғылары кетті. Онан соң Алланың тағдыры мен бір күні Расул саллалаһу әлейһесаламның Ибраһим атты баласы опат болды. Расул әлейһесаламның көзі жас болды, жылады.
Сахабалар айтты: «Ия, Расул Алла, сіз кісі жыласа жылама деп тияр едіңіз, өзіңіз неге жылайсыз?» деді. Расул Аллаһ әнһу айтты:
«Түсінбейсіздер, мен қатты ауазбен ойбайлап жыламаңдар деп тыюшы едім» деді. «Жай тым-тырыс жыласа рахмат болар» деді. Бұл үшін Құранда хабар берді. Қаулуһу тағала: «Уә бәшширис сабириин әлләзиинә изә әсәбәтһум мусиибәтун қалуу иннә лилләһи уәиннә иләйһи рәжиъуун160» (Сабыр етушілерді қуандыр. Қашан оларға бір қайғы жетсе: «Олар шын мәнінде біз Аллаға тәнбіз әрі Оған қайтушымыз» деді) деп, егер бір кісіге қайғы өлім келсе, осы аятты оқыса сабыр қылушылар сабыр көңілімізді жаман пейілден аман қылып сабыр жоқтау бергейсің. Аумин раббил аламин.