Ғақлиат

Уәжіб иманы

Иман-жүйесі – «Шар кітаптан» үзінді

Уәжіб парыздан кейінгі орындалуы шарт болған амал – уәжіб имандары он екі нұсқа:

  1. Ғалымдармен сұхбат етпек;
  2. Пасық және бейнамаздардан қашпақ;
  3. Шөлдегенге су бермек;
  4. Науқас ағайынның көңілін сүрамақ;
  5. Жетім және сағырлардың басынан сипау, көңілін аулау;
  6. Мүьмін ағайын арасы ажыраса татуластырмақ;
  7. Алла дәрежесінен мүсәпірге шапағат етпек;
  8. Өлікті жумақ;
  9. Жол үстінде зиянды зат жатса алып тастамақ;
  10. Жол үстінде нәжіс жатса, бетін топырақпен жасырмақ;
  11. Қағбаны тәуап етпек (Ата-анасын зиярат етпек);
  12. Ғалым адам ауамға зәру шариғат амалдарын үйретпек.
  13. Ғалымдармен сұхбат қүрмақ.

Енді осы он екі нұсқаны өз шама-шарқымызша тарқатып алайық.

«Адамдар мен жануарлар және әртүрлі хайуандар арасында Құдайдың ғалым бәнделеріндей одан қорқушы жоқ. Құдай әр кез жоғары және кешіруші».

Алланың кәләмі болған Құран шәріптің мағынасын шешіп оқи алатын және халыққа баяндап беретін ғүламаларды Пайғамбарларға парапар есептейді. Әзірет Мұхаммед Мұстафа с.ғ.с. бұйырады: «Менің үмбетімнің ғүламалары Бәни Исраил Пайғамбарларындай». Расул бұйырады: «Кім ғүламаларды дос тұтса, мені дос тұтқаны. Кім мені дос тұтса, ол Алланы дос тұтқаны болады, кім Алланы дос тұтса, Алла тағала оны жәннатқа кіргізеді». Кімге Алла тағала ілім берсе, оны әзіз тұтыңыздар, себебі ол Алланың әзіз тұтқандығының белгісі.

«Бейіш халқының әзізі менің үмбетімнің ғүламалары, жүлдыздар аспанның көркі болғанындай ғұламалар менің үмбетімнің көркі».

Алла тағала адам баласына сегіз қасиет береді: соның төртеуі кімде болса жәннатқа лайық: бірінші жарқын жүзді, екінші шырын сөзді, үшінші жұмсақ көңілді, төртінші ашық қолды (қайырымды). Егер кімде төмендегі төрт қасиет болса ол дозаққа лайық: ызғарлы, қатал жүзді, ащы, жаман тілді, мейірімсіз, шектен тыс қатал, төртіншісі бақылдық, Кімде-кім ғұламалар сұхбатында (кеңесінде) болса Алла тағала оған жәннатқа лайық төрт мінезді береді. Расул Әкрам с.ғ.с. бұйырады: «Дүниенің тұрақтылығы төрт нәрсеге байланысты. Әуелі ғүламалардың ілімі, екінші әкімнің әділдігі, үшінші байлардың қайы-рымы, төртінші бұқараның (халықтың) дұғасы».

Егер ғұламаның ілімі болмаса (ғауам-ун-нас) ауам халық адасады. Егер байлар қайырымды болмаса, бұқара халық опат болады, егер бұқараның дұғасы болмаса байлар опат болар еді, егер әкім әділ болмаса адамдар тура қойларды қасқырлар жегендей бір-бірінің етін жейді.

Расул с.ғ.с. бұйырады: «Әркім ғалым алдында бір уақыт намаз оқыса, маған ықтыда еткендей болады. Егер ғалыммен отырса оның тәніне дозақ оты арам».

Рәуаят: Қысырау бір кітаптан көреді, Үндістан қалаларында таулар бар, таулар үстінде жеміс ағашы өседі, бұл ағаштардың жемісі өліктерді тірілтеді екен. Қысырау таң-тамаша болып, бір ақылды, дана адамды осы сөзді анықтап келу үшін жұмсап жіберді, оған бір жыл уақыт берді. Ол адам Үндістан тауларын кезіп әр түрлі жемісті сынап көрді, еш елік тірілмеді. Кейін ол ғалымдарды табуға әрекет етіп, Үндістан ғүламаларынан бұл оқиғаның анығын сұрады. Олар айтты: «Таулар ғұламалар, ілімдері сондай қасиетті жеміс. Жәһілдердің ой, ділдерін тірілтеді». Әлгі дана кісі бұл хабарды Қысырауға жеткізді. Қысырау шат болып, ол адамға сый-сияпат беріпті. Шәріп Әбу-л-Бәракат: «Кімде-кім алты түрлі адаммен отырса, оның бойында алты түрлі қасиет пайда болады. Егер саудагермен бір болса, онда дүние-малға деген ықылас оянады. Ал залыммен отырса, діліне қаталық кіреді және тәкаппарлығы асады. Мүнапықпен отырса өсек, жала көбейеді. Салық (таза) адамдармен отырса ділі тазарып, күнәні аз істейтін болады. Жас балалармен отырса жанжал, шатақ, әзіл, бүзақылық көбейеді. Ғалымдармен отырса, әдеп, ғылым мәртебесі өседі». Иә, Жаббар ием, барлық мүьмін бәнделеріңді ғүламалар мен және олардың нәзілдерінен берекетті ет. Әмин йа раббил аламин!

  1. Пасық және бейнамаздардан аулақ жүру.

Пасық деп өсекші, біреуді көре алмайтын (бақыл), ынта-ықылас, жүйелі ойы жоқ, ешкімге көлеңкесі түспейтін, тіпті ата-анасы мен туғандарынан да безіп кеткен адамды айтады. Бұндайлар өз нәпсісінің құлы болып өмір сүреді. Өз басынан көлеңкесі артылмайтын ол әрине, ешкімге туыс, ағайын болып жарытпайды. Түбі сізге де опа етпейтінін білсеңіз, оған жуық жүргенмен пайда таппайтын болған соң, өзіңізді қашық ұстағаныңыз абзал. Дін қарындас болмаса, діл қарындас болмаса, тіл қарындас не керек.

Ал бейнамаз деп өзін қалақ еткен, барлық әлемнің байлығын қолына берсе де сол Алласын танымайтын адамды айтамыз. Себебі біз кімнен жақсылық көрсек сол адамға рахмет айтып, разылығымызды білдіреміз, бес-он тиын қаражат, немесе рухани сүйеу, игі жұмыс, ізгі тілек алсаң әлгіге қарыздар секілді халде түрамыз. Ал ең жоғары илаьи ізгілікке бас ұрғымыз жоқ, намаз Аллаға разылық талап-тілекті тек Алла береді деп түсінген адамның амалы, сондықтан адамнан дәметуші, адамнан ғана жақсылық күтушіден аулақ жүрген абзал.

  1. Шөлдегенде сусын бермек.

Сахара шөлде, немесе жолаушы адамға аңқасы кепкенде су беріп бауырын жазу әрине, өте сауапты, қайырымды іс. Бірақ біз шөлдеген адам деп тек таңдайы кепкен адамды ғана емес, бәлкім, жақсы сөзге, кемел ақылға, келелі кеңеске жол іздегендерді де айтуымыз керек. Бір ағайын басына іс түсіп қиналған жағдайда, мүсибат, қазалы жайда соның алдында болып көңілін аулау, өзі жете алмай көргісі келіп, аңсап отырған жанашырға, досқа барып дидарласып жан-дүниесінің шөлін қандыру. Бұл исламның мақсаттарының бірі. Яғни біз сүннәт амалындағы қауымбыз, ал қауымның алғышартты міндеті – бір-бірінен хабарлас жүрер, жағдайына қарасар, қауымның бір мүшесі шөлдесе сусынын қандырар, міне осыған көңілі тоқтаған, сенімі мықты қауым мүшелері қиналған шақта өзіне қол үшын беретін ағайын бар деп көңілін тоқ санар.

  1. Науқас ағайынның көңілін сүрамақ.

Ілгеріден қалған ата-баба мирасының біреуі – науқастың көңілін сүрау. Хадис: «Алла тағала өз бәндесіне айтады: «Ей, бәндем, мен сені ете сағындым, келіп мені кормедің ғой», бәндесі: «Иә, Пәруәр-дігер, сенің жайын лә мәкан (белгісіз) болса мен әжіз бәнде болсам, сені қалай барып көруім мүмкін?» Сонда Алла тағала: «Ей, бәндем, пәлен деген досың науқастанып жатыр. Сені сағынып, жүзіңді көруге асық, егер оны барып кергеніңде, мені көрген болар едің», – дейді.. «Ей, бәндем, қарным аш еді, сенің жағдайың жақсы, қарның тоқ болдың, сонда мені есіңе алмадың, маған тағам ұсынбадың», – дейді. Бәндесі: «Иә, Алла, саған қалайша тағам беруім мүмкін, мен бір әжіз бәнде болсам, сенің мекеніңді білмесем?» – дейді. Сонда Алла: «Ей, бәндем, сенің алдыңа пәлен деген адам қарыз сұрап келді. Сен оның сезіне опа қылатынын, уәдеге берік, қарызын уақытында өтейтінін білетін едің, ендеше сол бәндеге қарыз беріп әжетін етегеніңде менің қарным тоқ болар еді», – дейді. Демек науқас ағайынға барып көңілін сұрау Алла алдында ең мақұл амал болып табылады. Ал бір-бірімізді тек науқас кезде емес, күнделікті тірлігте жоқтап, хал сұрасу, жылы жүзді амандасу, бұл да мұсылмандықтың бір белгісі, мойнымыздағы парыз.

  1. Жетім және сағырлардың басын сипамақ, мейір-шапағат етпек.

Халық арасында «Жетімнің ақысы жеті дарияны құртады» деген нақыл сөз бар. Ислам дүниесінде кісі ақысына өте қатты қарайды. Ақы иесі кешпейінше Алла тағала ол адамдағы кісі ақысын кешпейді. Себебі бір адам біреудің ақысын жеп кетіп, артынан тағадат-ғибадат етіп Алладан мен пәленшенің ақысын жеп едім, кешір, десе, Алла тағала оны қалай кешірсін. Ақы иесі Алланың бәндесінен бір зәбір көрсе, Алласынан екінші зәбір көруге лайық емес қой. Ал жетімнің ақысы туралы: Алла Расулінің алдына бір араб барып: «Иә, Алланың Расулі, менің күнәм өте көп, қалай етсем құтыламын?» – дейді. Алланың Расулі: «сенің күнәң таудан үлкен бе?» десе «Иә, таудан да үлкен», – дейді. «Сенің күнәң теңізден де көп пе?» – десе, «Иә, теңізден де көп», – дейді. Сонда Алланың Расулі: «Сен жетімнің ақысын жеген екенсің ғой», – деген екен. Сол секілді бір мүьмін дүниеден өткен соң, артында қалғандарына қарайлап, жағдайын біліп, жылы сөзбен, жақсы насихатпен ауламақ имандылықтың белгісі.

  1. Мүьмін ағайын арасында сөз аралап ажырасса табыстырмақ.

Ағайын арасына сөз түсіп (өсек) ажырасып кету қауымның бөлінуіне әкеліп соғады. Ал, Алланың Расулі: «Сіздер қауымдасып көп болыңыздар, мен сіздердің көптігіңізбен масаттанамын», – деген, яғни қауым болу, бірге жүру, ауырлық, шаттық, қуанышты бірге бөлісу адам баласына көп жеңілдік келтіреді. Демек: бар мүмкіншілікті пайдаланып, қауымның ыдырамауына күш салып, ағайын арасы ажыраса шамасы келетін адам табыстырмақ керек. «Үш күннен артық өкпе сақтап жүрген бізден емес» деген хадис бар. Ең бірінші мүьмін ағайын өзі білмей үш күннен артық кінә сақтаса, исламнан шығып кету қаупі бар. Айтыпты: «Бір жасы үлкен адам мен жас жігіт керісіп қалады. Ара ағайын ертесіне келіп, жасына «Сен айыпты болдың, оның жасы үлкен еді, бізбен жүр, кешірім сұра, куә болайық», – десе, әлгі жігіт көнбейді. Ара ағайын бүдан түңіліп, енді жолы үлкеніне барып: «Бұларың айып болды, анаған айтсақ көнбей жатыр, енді өзің-ақ жұр, сен-ақ кешірім сұрай ғой», – депті. Жасы үлкені «мақұл» деп бұларға

ілесіп, әлгі жігіттің үйіне келеді. Келсе, қой союлы, жай салулы, қол қусырулы, екеуі бірін-бірі кешіріп, арқын-жарқын тарайды. Соңынан жүрт келіп жігіттен: «Мұның қалай, біз жүр десек бармадың, енді өзі келсе, малыңды сойып, сонша бәйек болдың» десе, «Е, ағайын, мен естіп едім араздасқан адамдардың қайсысы бүрын кешірім сұраса, соған Алланың рахметі жауады деп, сондықтан Алла рахметіне лайық бола қойсын деп жолды жасы үлкенге беріп едім, депті».

Мұнан шығатын қорытынды, кімде-кім ренішті жағдайда бірінші кешірім сұраса, әрине, иманы кәміл болар. Олай болса, ағайын арасын татуластыруға көп күш-әрекет жұмсаған жөн.

  1. Алла дәрежесінен мүсәпірге, пақырға шапағат етпек, яғни, қолында барынан бермек.Алла тағала адамдарға дүние тіршілігінде дәрежені теңдей етіп бөлген емес. Ақыл-парасат, қажыр-қайрат, денсаулық, көңіл-күй барлық адамда бірдей емес және олай болуы мүмкін емес. Міне осы қағидаға бойұсынған адам ғана өз дәрежесін, яғни, ақыл-парасат-ты, мал-дүниені Алланың жеткізген дәрежесі деп түсінеді. Енді ол осы жетістіктерді өзінен кемдеу адамдармен бөліспегі керек. Ислам дүниесінде садақа кәммасына өте қатты мән беріледі. Садақа деп біз біреуге ұстатқан бес-он тиынды ғана емес, шөлдегенге ұсынған сусын, сасқанға қосқан ақыл, кеңілі пәс болып, қайғыға батқан адамға, мұқтажға қол ұшын созған жәрдемді айтуымыз керек. Пайғамбарымыз Мұхаммедтен с.ғ.с. қалған хадисте: «Садақаға он сауап, мұқтажға әжет өтеген қарызға сауап тиесілі» дейді, себебі садақаны кез-келген қайыршыға береді, қарыз тек мұқтаж болып қысылып келген адамға тиесілі. Яғни, сіз көшедегі қайыршыға бес-он теңге ұстата алмасаңыз, бәрібір басқа біреу береді. Оның үстіне ол дәл сол мезгілде қаржыдан қатты қысылып отырмаған болуы да мүмкін, ал сізден қарыз сүраған адам шын мәнінде қиналып келді. Қайырымдылықтың алғы шарты қиналғанға жәрдем ету. Одан соң мүқтажға берген қарыздан өсім алу барып түрған сорақылық. Ислам дүниесінде мұны сүтқорлық дейді. Мұқтаж адамға қарызды есімімен беру Алланың Расуліне қарсы қару алып соғысқа шыққанмен бірдей депті. Өйткені ол сізден мұқтаж болып келіп қарыз сұрап түр, ал сіз оны онан сайын балшыққа батыра түстіңіз және садақа – қайырымдылық дегенде біз тек қана бес-он тиын дүниелік емес, жақсы сөзді, қысылғанға берген ақыл-қайратты, адасқанға көрсеткен жолды, үлкенге ілтипат, кішіге бөлінген көңілді, ата-ананың құрметін орнына қоюды айтуымыз керек. Ұл мен қыздың тәрбиесіне кеңіл бөліп, келешек үрпақ жағдайын жасау, солар иманды болып өссе қаншама қайырымды, сауапты істер жүзеге келеді, міне, сауапқа, қайырымдылыққа барар жол.
  2. Өлікті жумақ.

Алладан басқа барлық мақұлықат өз уақыт-сағаты жеткен соң бұл дүниеден өтпек, соның ішінде адамзат жалған дүниеден (фәни) мәңгі дүниеге (бақи) аттанарда, өз қолымыздан ақ жуып арулап көму, шығарып салу бұл әрбір адамның парызы. Қазақ арасында өлікті жууға жанашыр, сыйлас, қадірлі қданы кіргізеді және мүмкіншілігіне қарай жас айырмашылығы онша қашық болмауына зер салады. Мұндағы мақсат мәйітке кірген адам қадірлес болса ерінбей, жиіркенбей таза жуып – тәрбие етеді дейді. Сондықтан кеше ғана өзіңізбен ойнап-күліп бірге жүрген қарындас, құрдас, қадірлесті ақ жуып арулау иманды адамның ғана қолынан келеді һәм ол иманды адамға тән қасиет. Мәйітті Алланың разылығы үшін, дін қарындас-тығымның парызы деп ақысыз-сұраусыз жуу және барлық құрметін орнына қойып жуу – бұл қасиеттілік. Кейде, ертең жәрдемі тиетін адамға құрмет көрсету, немесе қол ұшын ғана тигізіп ырымын істейтіндер, яғни Құдайдан қорықпай тек адамнан үялатындардың табылып қалуы мүмкін, біздің мақсатымыз осындай келеңсіз жағ-дайларды болдырмау және сол жағдайды түсіндіріп, оқушыны есіткенін жұртқа жария етіп, тәрбие береді деп үміт етеміз, Иншалла.

  1. Жол үстінде зиянды (жолаушыға) зат жатса алып тастау.

Ислам дүниесінде өте сауалты істердің біреуі – жол жөндеу, көпір  салу болып есептелінеді. Жол көпшіліктің, халықтың мұқтажын өтеу үшін қажет. Яғни жолмен жарлы да, бай да, кәрі де, жас та жүреді. Техниканың жедел өскен бүгінгі заманында жол үстінде бір зиянды зат жатса, келе жатқан айтайық, жеңіл машина ұрынып қалса, бір жері майысып, болмаса басқадай ақау түссе, қаншама шығын, зиян. Жолаушы жолынан қалады, ал сол зиянды затты өзін имандымын деген кез-келген азамат алып тастаса ешкімге залалы тимес еді. Демек, жол үстіндегі зиянды затты алып тастау бес-он теңге садақа бергеннен артық болмаса кем емес екен.

  1. Жол үстінде нәжіс жатса бетіне топырақ тастамақ. Алғашқы бөлімде (амалда) жолдың мәнін айттық, ал ел болған соң сол жол үстінде дәрет сындырып жолды арамдайтын нақұрыс табылып қалады, біреу ақылы толық болмағандықтан білместікпен істейді, біреу әдейі істейді.

Сол нәжісті алғаш көрген адам топырақпен жауып, жасырып кетсе, қаншама адамның көңіл күйін бұзылудан сақтап қалады. Бірінші көрген адам болса жиіркенеді, көңіліне қаяу түседі, тіпті байқамай басып кетуі мүмкін, енді екінші өзіңіз секілді біреу осылай етпеуі үшін иманыңыз кәміл болса, зиян келетін заттың көзін жойыңыз.

  1. Ата-Ананы зиярат етпек, қадірлеп-қүрметтеу.

Шығыстың жеті жүлдызының біреуі – Әлішер Науаи «Насайм-ул Мүхаббат» шығармасында жазады: «Исмаил Даббас айтып еді: қажылықта шайқы мүьмінді көрдім, отырып алып хирқасын (шайқылар киетін арнайы киім) жамап отыр екен. Сәлем беріп едім, не ниетің бар деп сұрады, қажылық дедім. Ол кісі: «Анаң бар ма?» – деп сұрады. Бар дедім. Енді қайтып анаңның алдына бар. Мен жалаңаяқ, жалаңбас, ешкімнің жәрдемінсіз елу рет қажыға барғанмын, баршасын саған беремін, анаңның сені аман-сау көрген көңіл шаттығын маған бер» деді». Мінеки, ата-ананың разылығы қаншалықты биік мәртебе екендігін осыдан білсе болады. Ата-ананың разылығы Алланың разылығы деп осыны айтуымыз керек. Хадис. «Иә, Алланың Расулі, бірінші кімге жақсылық етейін деп сұрағанда Анаңа депті, және келіп сурағанда Анаңа депті, үшінші рет сұрағанда және Анаңа деген екен. Яғни Ата-анаңның разылығын иеленбей тұрып, соларды разы етпейінше Алла разылығына жете алмайсыз.

  1. Ғалым адам ауамға зәру шариғат үйретпек.

Шариғатта иманы жоқ ауыл мен тәуібі (емшісі) жоқ ауылда (елді мекенде) өмір сүру мүьмін үшін арам деген қағида бар. Алланың жолы – шариғатын, адал мен арамды, жақсы мен жаманды ажыратып бере алатын адам басшы болған қауым адаспайды. Алла тағала көңіліне ілім үялатып жол салған адамға алғышарт саналатын имандылық, адамдық, тазалық, ораза, намаз, зекет, қажылық амалдарын, олардың абзалдығын, өмірге, ақыретке керек, зәру екенін үйретсін. Мінеки, бұл жоғарыдағы аталғандар Уәжіб иманы болып есептелінеді.

Мұсылманның білгені абзал, дін-насихат деген сөз. Яғни діншіл болу, насихатқа мойынсұну, халайықты дінге шақыру екінің біріне берілген мәртебе емес. Ислам өз тұғырына отырған заманнан бері 1430 жылдай болса, сол кезден осы уақытқа дейін дінді насихаттап, оған қызмет еткен адамдар санаулы-ақ, ал дінді мойындаған ізгі тілекті, ибалы адамдар миллиондап есептелінеді.

Әзіреті Омар р.ғ. айтыпты: «Иә, пірәдарлар, алдымен әдеп үйреніңдер, одан соң ілімді қолға алыңдар, әдеп ілімнен жоғары. Егер әдепсіз ілім оқысаңыздар ол ілімнен пайда жоқ, әрбір кісі сопы болғысы келгенімен, әдебін-тәртібін білмесе, қанша әрекет еткенімен сопы дәрежесіне жете алмас. Мүьмін бәнделердің тағадат-ғибадаты жәннатқа тартар, әдебі Аллаға тартар. Осы айтылғандардың белгісі, әдеп-ғибадаттан түрақты дәрежелі болар екен. Иманның бес есігі бар, бірінші – ықырар-ықылас есігі, екінші – тасдық, орнықтылық, мықты айнымастық есігі, үшінші  – парыз есігі, төртінші – уәжіб есігі, бесінші –

Мүстаьаб, әдеп есігі.

Әрбір бәнде әдепті өзімен сақтаса шайтан лағынет үмітін үзер. Егер бәнделер әдепсіз болса шайтан бұзамын деп үміт етер, әдепсіз бәнде не сөзінен, не ісінен жаңылысар. Яғни шайтанның тіліне еріп, өзім білемінге салып біреудің көңіліне тиер. Бір әзіз адам айтқан екен: «Мойныма шынжыр салып асып қойсаң шыдармын, тікеннен төсек төсеп жатқызсаң шыдармын, наданмен 70 жыл мәслихат жаса десең шыдармын, бірақ бір мүьміннің көңілін ауырт дегеніңе шыдамаспын». Әзірет Дәуіт Пайғамбар Аллаға мінәжат қылды: «Иә, Алла, дүние жүзіндегі падишалардың қазынасы бар, өзіңнің қазынаң қайсы?» – деді. Алладан нідә келді: «Иә, Дәуіг, менің қазынам ғаршы-ағладан ұлық, күрсіден кең, жәннаттан пәк, таза, күллі аспандардан жарық, менің ол қазынамның күні бәнделерімнің зауқы (шаттығы), қазынамның аты сұхбат (мәжіліс) жүлдызы мүьмін бәнделерімнің көңілі, қазынамның топырағы талап, мәрттік, айнымастық, дуалы (қорғаны) ықылас/ менің қазынамның төрт есігі бар, бірі – әдеп, бірі – ілім, бірі – сабыр, бірі – ырзалық. Ол қазыналарым маған назар қылар, мен де оларға үнемі назар қыламын. Менің мүьмін бәнделерімнің көңілі мен үшін сондай ұлық, әрі кең, он сегіз мың ғалам, «Ғаршы-Күрсі», Лаухыл Қалам күллі жаратылған заттар ол көңілге сиып кетер».

Демек, жақсылар үшін көңілді таза сақтамақ парыз болды. Бәндеге сұрақ берер: Сен имандымысың, яки иман сенде ме? Жауап: Мен имандымын – иман менде, мен мүьмінмін, ал иман менің сипатым дер. Біздің жоғарыда келтірген мысалдарымыз иманның сипаты.

Алла тағала әрбір өзін мұсылман деген бәндесін осы сипаттарға лайық етсін. Әмин йа раббил-аламин!!!

Мүьмін бәндеден сұрады: – Бұзырық иман не? Жауап: Алла тағаланың зікірін көп айтпақ. Алла тағала айтады: «Ей, иман келтіргендер, жад айтыңдар Алла тағаланы, көп жад ай-тыңдар және таза айтыңдар түнде де, күндіз де».

Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button