Сыр-сұхбат

Қызды төрге шығару, төрге отырғызу

Нұх пайғамбардың Хам, Сам, Жаппас деген үш ұлы және Уәсила деген қызы болыпты. Пайғамбар үнемі қызына құрмет көрсетіп, оған мүлде дауыс көтермейді екен. Қызы да әкенің қалауын қабағынан түсінетін сұңғыла болып өседі.

Нұх дастархан басында отырғанда үнемі қызын үш ұлынан жоғары, төрге отырғызады екен. Бұл үлкен ұлы Самның көңіліне күдік салыпты. «Уәсиланың жасы бізден кіші. Неге менен жоғары отыруы керек. Әкеміз бізді алалайды-ау» деп ойлайды. Бір күні дастарханда отырғанда:

– Әке, Уәсила кіші болса да, неге бізден жоғары отыруы керек? Ұлдың мәртебесі әрқашан биік емес пе? – дейді. Нұх:

– Біздің ырзық-несібеміздің көп болуы Уәсилаға байланысты. Құт қызды жағалап жүреді. Оны босағаға отырғызсаң, шамданады. Төрге шығарсаң, қуанады. Орны жайлы болса, дастарханнан ас-тағамды үзбейді. Тұрмысыңды түзейді, қыз жыласа, наласы қатты болады , жолыңды болдырмайды, үйіңнің берекесі кетеді, қыз келсе қуанып қарсы ал, риза қылып шығарып сал.– депті.

Содан бастап Нұхтың үш ұлы қарындасын төрге шығарып, құрмет көрсететін болыпты. Үш ұлынан өрбіген ұрпақ бұл жоралғыны сақтап, берік ұстайды. Қазақ арасында «қызыңды төрге отырғыз», «қызды босағаға отырғызба» «қызыңды құрмет тұтып сыйла, жылатпа» деген талап-ырымдар осыдан шыққан екен. Әйелдеріңіз кыз туды деп ренжімеңіздер, әпке-қарындастарыңызды құрметтеп, көтермелеп көмек етіп отырыңыздар, баласы мен жарына сыйластықпен қарап, реніш-налаңызды іште ұстаңыздар,
отбасыларыңыздың берекесі осы қыздарда деген тәмсіл бар.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button