Бір суреттің сыры

«Дінге қарсы аттаныс» газеті

Жақында Екібастұз қаласының тұрғыны, Совет қажы Жанкелдіұлы ағамыз бен  жеңгеміз Гүлжиян қажы Ханафияқызынан үлкен сәлемдеме келді. Ұзақ жылдар бойы  жылт еткен ізгіліктің ұшқынын  дәріптеген деректерді көзінің  қарашығындай сақтап жинаған екен. Солардың бір бөлігі газет қиындылары мен қолжазбалар. Онда  түрлі қоғам қайраткерлері мен  сол өңірдің азаматтары туралы көптеген деректер бар екен. Алдағы уақытта бұл да оқырмандарға  жетеді деп ойлаймыз.  Сол құжаттардың ішінде сарғыш тартқан мына  отызыншы жылғы газет ойға қалдырды. Шынында да дінге қарсы күрес деп жатамыз, оның не екенін және халыққа қалай насихатталғанынан бейхабармыз. Мына газет соның  нақты айғағындай. Оны біздерге жеткізген аға-жеңгемізге үлкен алғыс айтамыз. Алла сіздерге қуат беріп, көретін қызықтарыңыз көп болсын демекпіз.  Әзірге, мына құжатпен таныс болыңыздар.

Айгүл УАЙСОВА

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button