admin

Хожа  Әбілқасымның хикаясы

Бисмиллаһ-ир рахман-ир рахим! Әзірет мәртебелі әзиз пәк жан әлемнен өткенде, ол ұлықтың перзенті Хожа Әбілқасым елу жаста еді. Бұл ұлық та Меккеге барып тауап етіп жүрген кезде әкесінің назарында болып, кемелге жетіп еді. Әкесінің өсиетін өзі орындап шейхтық қылып, халықты Құдай Тағаланың жолына бастап, әкесінің сөзін екі қылмаған. Халық шейх …

Толығырақ оқу »

Шейх ғұлама құтыбаз шежіресі

Бисмиллаһ-ир рахман-ир рахим! Жетінші бөлімде ғұлама зікірпаз шейхтің тәзкире естеліктері, барлық хал-ахуалы, зікірлері баяндалады. Бұндағы «құтыбаз» деудің мән-жайы бар. Қашанда дәруіштік мәртебесінде бір қиындыққа тап келсе, құтының ауызын ашып, назар қылған заманда істері оңайлана бастайды. Осы тұрғыдан машайхтар бұл әзизді «құтыбаз дәруіш» дейтін. Бірақ бұл әзиз барлық жағдайда бір қалыпта …

Толығырақ оқу »

Тарихтың бір үзігі

Мына суретте  шәй ішіп отырған қоңыр көйлекті  Қадиша анамыз,  Бабай ишан Жүнісұлының келіні.  Баласы бір оқтық болып шейіт болғанда  келінінің төркіндері рұқсат сұрай келіпті. Атасы да жастай жесір қалған келініне ырзалығын білдіріпті.  Алайда Қадиша анамыз төркініне кері қайтпай, келін боп түскен жерінде қалып әулеттің басына түскен бейнетті бірге көтеріпті. Елуінші …

Толығырақ оқу »

Хожа Әбу Нәсір Саманидің шежіресі

Бисмиллаһ-ир рахман-ир рахим! Бұл бапта Хожа Әбу Нәсір Саманидың шежірелерін [тәзкирелері] баян қыла-дүр. Бұларда Құдайдың мейір-нұры көрініп тұратын. Құранды өте әуенді оқитын, сондай-ақ патшалық салтанатты әбден білетін һәм ислам шариғатын тарататын. Бұл әзиз кемелдікте, әдепте, мейірбандықта, сөз сөйлеуде, дүниеуи және рухани ғылымда шариғаттың үкімін қабылдауда жетік әрі мұқият болатын. [Ол] …

Толығырақ оқу »

Кеңесің болса кең толға

КЕНЖЕҚОЖА ҚҰЛМЫРЗАЕВ Кенжеқожа ақын шамамен 1946 жылдары Ташкент облысының Шыназ ауданында дүниеден өтіпті. Ол кісіні жерлеп отырғанда НКВД-нің адамдары келіпті.  Оларға іздеп жүрген адамы Кенжеқожа ақынның бүгін қайтыс болғанын, соны жерлеп келіп отырғандарын айтыпты. Келген кісілер қабірді суретке түсіріп алып, сол жерде акт жасап, куәларға қол қойдырыпты да, оны қолға …

Толығырақ оқу »

Шабынан шошқа түрткен соң

Шортанбай Қанайұлына  Түркістан Қарашықта қойылған  ескерткіш Шортанбай ҚАНАЙҰЛЫ ШАБЫНАН ШОШҚА ТҮРТКЕН СОҢ Жамандықтың белгісі: Ұлың көңілі – бір бөлек, Қызың көңілі – бір бөлек, Өзінің көңлің бір бөлек. Алысар тұстар болса да, Әлсіз айбар не керек? Ендігі жанның ақылы Отқа түскен көбелек. Көбелектен несі артык, Өлген қазақ көрмедің, Жалға жүрген …

Толығырақ оқу »

Шейх хожа бәһау-ед-ддиннің шежіресі

Бисмиллаһ-ир рахман-ир рахим! Рауаятшылар мен айтушылар aлтыншы бапта шейх Бәһауеддин әзиздің өмірбаянын әңгімелейді. Ол шейх дін мазһабының шырағы еді-дүр. Исламның және мұсылмандардың күні еді. Барша  дәруіштердің   көсемі   еді. Ол әзиз ғылым мәселесі мен абыройда, жұмсақтық пен жомарттықта   және ар-ұятта  әзіреті  Осман  мен  Әлиден кейін бұ әзиздің кезіне дейін  оған ұқсайтын …

Толығырақ оқу »