
Аққұба жарың болса, бөкен санды,
Қып-қызыл екі беті болса қанды.
Жігіттің, сірә, арманы болар ма еді,
Құшақтап алып жатса сондай жанды.
Аққұба жарың болса, бойы сұңғақ,
Алдыңа шақырғанда келсе зырлап.
Даусы «әу» дегенде әрең шығып,
Бөксесі еңкейгенде етсе бұлғақ.
Ер жігіт күнде бір жас жасармай ма,
Қойнына сондай жарды жатқанында ап.
Торы айғыр семіз қылып баққан қандай,
Қазығын жерін тауып қаққан қандай?
Ай жарық күндізгідей кешке таман,
Сайды өрлеп торы айғырмен шапқан қандай?
Торыны сай басына тұсай салып,
Ішіне ақбоз үйдің кірген қандай?
Жолығып ақбоз үйде ашық жарға,
Қызықты тамашаға батқан қандай.
Бұраңдап ашық жарың күліп тұрса,
Шыдатпай құрғыр нәпсің тілеп тұрса.
«Аз ғана бір сұқбат құрайық» деп,
Екі ашық бір-біріне тілек қылса.
Ежелгі қу әдетің қозған кезде,
Қос емшек көкіректен тіреп тұрса.
Қызығын ашық жардың көрген қандай,
Кеудеге шайы көйлегін түрген қандай.
Маңдайдан сонда терің шықпайды ма,
Жас бала емшекке тырбанғандай.
Қызыққа көп тамаша батқан қандай,
Таласып тар төсекте жатқан қандай?
Көңіл мас, көз жұмулы жатқан кезде,
Мақшардан таң сарғайып атқан қандай?
«Әттең-ай, таң келтесі атты ғой» деп,
Онан соң үйден шығып қайтқан қандай?
Қалқамен қол ұстасып бірге келіп,
Торы атты бағанағы тапқан қандай?
Шылбырын торы айғырдың қызға ұстатып,
Насыбай қағып-қағып атқан қандай.
Насыбай қызық екен өз әлінше,
Алдыңда тұрса жайнап ақша маңдай.
Ол жерде айтылмаған сөз қала ма?
Сандықтың кілтін тауып ақтарғандай.
Торыға онан кейін қарғып мініп,
Қайыр қош қалқаменен айтқан қандай?
Әлқисса
«Индийская любовь» деген сөз тіркесі – нағыз, шынайы махаббат пен жыныстар арасындағы қатынастың идеал бейнесі іспеттес. Үнділер – көне, өзара қатынастың қыр-сырына терең бойлаған халық.
Комментариде – сол үнділердің бүгінгі тақырыбымызға арналған сөздерін келтіруді жөн көрдім.
«Камасутра» – көне үнділердің трактаты. Майлықожа бабамыздың айтқандары үнді даналықтарымен үндесіп тұр…
Айып көрмеңіздер – қазақшаға жеткізе аудара алмаспын деп, орысша беріп отырмын.
***
О, Кто сотворил женщину – сосуд нектара, средоточие удовольствий и источник наслаждений.
***
Томимый страстью не уснет на мягком ложе; удовлетворивший страсть сладко уснет и на шипах.
***
Когда, прекраснобедрая, томимая любовью, сама пришла к мужчине, то он пойдет в ад, убитый ее вздохами, если не насладится ею.
***
Бесполезно проходит юность той, что не отведала сладости любовного наслаждения с искусным мужем.
Дайындаған Үсен Асқаров





