Бір суреттің сыры

Бағыштаймыз құранды қолды жайып, Тілекпенен: Бар қайғы кетсін тайып

Алматовтар әулетіне көңіл-хош айту

Алмас-Мира! Балтабай-Шолпан!

Алланың өзі сыйлаған қос жұлдызыңның: Ғайнолланың келешегіне зор үмітпен қарайтынбыз. Бірақ 26 жасында Зейнолла өмірден озды. Зейнолла баламның кенеттен келген ажалы тек Алматовтар әулетінің қайғысы емес, күллі қазақ халқының, қала берді  бүкіл түркі дүниесінің ортақ қайғысы екенін сезіндік, білдік, көзіміз жетті, бірге қайғырдық. Алланың құлы болғандықтан, оның құзырына қол сұға алмайтындығымызда белгілі. Дегенмен, ақ Алла өзіне керегін ерте алады екен деген дүдамал пендешілік ой жетегінде қалдық. Мүмкін бұнымызда дұрыс емес шығар! Алла кещірсін! Болмаса тек дәрігерлік мамандық иесі ғана емес, күйші, домбырашы, биік парасат иесі болған Зейнолланың асқақ арманын шорт кесетіндей не жазығы бар еді деген пендеуи ойлардың мазалайтынын, жүрегімізді елжіретінін қалай жасырасың! Алланың алдында әлсізбіз. Айтарымыз: Зейнолла баламыздың Алла иманын жолдас етсін, алды жарық болсын! Өздеріңізге, перзенттеріңізге Алла ұзақ ғұмыр берсін!  Жүрегімнен шыққан, қайғы мұңмен тұздықталып, көзімнен тамған ащы зарымның белгісін Гүлнәзия екеуміз өлең «сымағымызбен» жеткізгеніміз ғой. Қабыл аларсыздар!

Қос жұлдыздың біреуі ағып түсті,

Жарқ етті де бақиға жанып  түсті.

Ортақтасқан қайғыңа халық-күшті,

Көзден тамған жасыңды бөліп ішті.

 

Қос жұлдыздың біреуі түсті ағып,

Бейнесі оның елестер сағымданып.

Кетпеді ғой ақ Алла барыңды алып,

Шүкірде Алмас, шүкірде жігер жанып.

 

Қос жұлдыздың біреуі өтті өмірден,

Ұмытпайды Зиконы көзі көрген.

Жаның жақын Алмасжан туған елмен,

Сондықтанда әз халқың бірге өзіңмен.

 

Қос жұлдыздың біреуі болды ғайып,

Ажал оғы дәл тиді ебін тауып.

Бағыштаймыз құранды қолды жайып,

Тілекпенен: – Бар қайғы кетсін тайып.

 

Қос жұлдыздың біреуі қалды қолда,

Келешегің, болмысың бәрі  сонда.

Мира келін! Өзіңе ол да олжа,

Қайыспағай, шаршама Ұлы жолда.

 

ҚМУ профессоры Қазыбай Құдайбергенұлы-жұбайы Гүлнәзия Әбілхайырқызы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button