Ағайынмен табысайын деп едім
Құрметті бауырлар! Мен – қожа тегінен тараған туыстарымды тапсам ба деймін. Жақында дүниеден әкем Теңізбай қайтты. Көзі тірі кезінде, ата-бабалары туралы көп заттарды айта алмады, бәлкім қуғынға түскендіктен білмеді ме? Нақтырақ айтсам: менің әкем Теңізбай, оның әкесі Кошалы. Кошалиден тараған ұрпақтар: Габдысадық (белгісіз), Мархаба (калмык елінде тұратын- белгісіз), Ахметфайыз, Гүлшахар, Теңізбай (дүниеден қайтты). Кошали акесі- Пірғали. Пірғали бауырлары -Сейдали, Ислям, Ерғали, Ибрагим, Сүлеймен, Гельман. Бұл бауырларымның әкелері -Қасым. Қасымның бауырлары – Сарсенали, Ақынали, Кеменали, Өтеп, Төлеп. Бұл кісілердің әкелері – Бекпай. Бекпай -Бектемір баласы. Бектемір – Даниспен баласы. Даниспен – қара қожалар ұрпағынан тараған. «Қара қожаның ішінде – Кедей қожа -Габдулманафтан тараған ұрпақтанбыз» -деп әкем марқұм Теңізбай шежіре қалдырыпты. Мен осы шежіре арқылы, әкем марқұм іздей алмай кеткен бауырларым мен бабаларының ұрпақтары – қожаларды тапсам ба деймин. Негізі ата-тегіміз орыс жері – Астрахань төңірегіненбіз.
Менің аты -жөнім Мадина Теңізбай қызы Бергалиева.
Хабарласамын деушілерге сымтетігім – 87776494888.
Хабарласындар!