Маған тиген оғы ғой Қытайшаның
Майлықожа Мәделіқожадан 19-жас кіші. Жастайынан қасынан қалдырмай ертіп жүген соң кейде екеуі қарсыласып сөз айтып қалады. Біздің айтпағымыз Мәделі қожаға тиген зеңбіректің оғы жайында; Мәделіқожа Қанайға жазған хатында-
Алдағы жау шошыйды сарынымнан,
Орыс алып басылдым арынымнан.
Ап бердім Әзіреттің тайқазанын,
Сауыт жыртып оқ тиді қарынымнан-демегі Кешегі Ресейге барып жарты ғасыр тұрған Тай қазанды Қоқанда алмақшы болып көп әрекет еткен. Жай сөзбен айтқанға көнбеген соң тізеге салып иемін деп әрекетке кіріседі. Қоқаннан екі жүздей әскер алып келіп Әзірет Сұлтанның маңайын қорытып қояды. Жергілікті халық қулақтанып әскер жыйя бастайды. Арғы жағынан Жаманқара екі жүздей адаммен келеді Бергі жағынан Мәделі бастаған топ екі жүздей әскер мен екі жақтан ат қойып Қоқанның қолын Әзірет Сұлтаннан ысырып кетеді.Бул жайында Майлықожа Мәделі батыр ауырып жатқанда барып көңіл айтқанда;
Аз ғана заман атысып
Ерлікпенен алғансыз
Түркістан шаһар қамалды
Жекеге шыққан уақытта
Жеткізді оңнан шамалды.
Жекеге кіріп ат шаптың
Батырлық бағың жамалды
Хазіреттен алдың ерлікпен,
Батыр басы амалды.
Жаман күнда жат еттің
Атаң менен бабаңды
Найза тартыс жерлерде
Тайдырмады табанды.
Тәуекел қылған жерлерде
Таппағын ер ең залалды
Оқ жетпес қызыл ат мініп
Дауылпаз дабыл қақтырып
Екі қосын адаммен
Таңырқатып дақ қылып
Басыңды салып қатерге
Өлімді ойға келтірмей
Жүрегің тасып мас қылып
Тайдырмады құдайым
Талабыңды пәс қылып.
Ортаға шауып оққа ұрдың
Өз жаныңа қас қылып
Батыр атқа ұшырадың
Бейнетің жауға асқынып.
Қоқан билігі Әзірет Сұлтандағы Әмір Темірдің сауғасы Тайқазанды әкетпекші болғандағы қайрат көрсеткені айтылады. Қоқанның зеңбірегін арқан тастап сүйреп кеткен. Зеңбірек осы күні Шәуілдірдегі музейде тұр. Мәделіге оқ тиіпті дегенді есітіп аттана шапқан Майлықожа алдынан шықса, Қоқан арбаға шалқасына жатқан Мәделі ыңранып келеді екен. Майлықожа аңыратып қоя береді:
Әкеңнің айқасқанын көргем топта
Қып-қызыл өзің шаптың жанған отқа.
Алашқа аты мәлім Мәмед Әлі,
Келесің ыңранып жалғыз оққа-деп көңлін бөліп жаққа басқаға қаратады
Мәделі:
Бұл сөзді неғып айтсын мені білген,
Әкеміз айқасқа атпен дәуірен сүрген.
Маған тиген оғы ғой Қытайшаның,
Үш күн сені зарлатқан жиде тікен-деп жауап қайтарып басын көтеріп қараған екен.
Осы соңғы сөз батырға тиген оқтың төркінін анықтайды. Маған тиген оғы ғой Қытайшаның-Қоқанның өзі қолдан жасаған зеңбірегі жоқ. Қатар отырған елдерді шоқыстыруға бола Қоқанға зеңбіректі Қытай берген болуы мүмкін. Екінші Мәделі Ресейге қарсы шыққан жоқ.