Әбдісадық ишан
Сайыпназар ахунның үш ұлының үлкені Әбдісадық ишан. Сырдария ауданы үшінші ауыл қазіргі Амангелді кеңшарында 1848 жылы туып, 1888 жылы қатыс болған. Көкілташ медресесін бітіргені жайлы шатырхаты осы кезге деін сақтаулы. Бұл кісі жастай әкесінің қолында оқып, кейін қайын атасы Бұхар әмірінің жанындағы игі жақсыларының бірі Әбубәкір Тоқсабаның тәрбиесінде болған. Бұхар әмірінің балаларымен бірге тәлім-тәрбие алып өзбек, парсы, араб, шағатай тілдерін жақсы білген. Меккеге қажылыққа үш рет барған. Қажылыққа үшінші рет барып келе жатқанда өзбек жерінде обадан қайтыс болған. Ол кісінің қабіріне ашық кесене салынып, оны күтетін арнаулы шырақшысы бар.
Меккеге қажылыққа барғанда Мұхаммед пайғамбарымыздың ең соңғы екі тал қасиетті сақалын «мәймүбаракты» және алтын дәспідей қасиетті заттарға Мекке халифасына 400 адам арыз беріп сұрағанда, Әбдісадық ишанның арызы дәлелді олып шығыпты.
«Мәймүбәрәкті» көрген адам Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамарымыздың жүзін көрген болып есептеледі екен. Елге қайтып келе жатып «Мәймүбәрәкті» ұрлатып алып, оның жоғалғаны туралы 25 мемлекетке хабар берген екен.
Ишан өте ірі денелі, ерен күш иесі қайратты болыпты. Бұхарада оқып жүргенде күресте әмірдің бас палуанын жыққан. Әкесі Сайыпназар ахун сияқты ақын да болған. Әкесі Сайыпназар өлген соң мешітке өзі имам болып, медресе басқарған.