Бекет ата ұстазы Пақыржан қажының тәспісі
Пір Бекет ата ұстазы Бақыржан баба. Маңғыстаулық Қазақтар Пақыржан қажы деп атап кеткен бұл әулиенің толық есімі – Мұхаммед Бақиржан Азиз. Азиз халықтың берген аты, Пайғамбар әулиетінен, Сейітқожа. Ата тек шежіресі де, рухани шежіресі силсила-шәриф те ұрпақтарының қолында сақталған.
Бақыржан бабамыздың өмір сүрген уақыты 1715-1795 жылдар аралығы. Хиуа ханы Құттымұратпен замандас….
Бекет атамыздың ұстазы.Ташкенттегі мұрағаттан табылған екі кітап:»Тәзкираи Мұхаммед Бақир»және «Рисалаи халифати суфихо»-да өмір деректері келтірілген және силсила-шәрифі көрсетілген. Қазіргі ұрпақтары Өзбекстанда Хорезім обылысы, Қоскөпір ауданы, Ғазауат ауылында тұрады. Хиуадан 25-шақырым жерде Түркмен шекарасына жақын жерде тұрады.
Сегізінші ұрпағы Назарбай Қожаның қолында атадан балаға жалғасып жеткен шежірелер және әр тасы кептердің жұмыртқасынан үлкендеу,ағаштан жасалған таспиғы сақталған.Таспиқтың тастарының қазіргі саны 500. Әуелде 999 немесе 786 болған деген жорамал бор. Әркімдер тәбәрік деп алып азайған. Атақты Жөнейт Ханда ауырып осы таспиқтың тастарынан тәбәрік деп алдырып емделген. 786-дейтін әбжад есебімен «Бисмилләһир рохманир рохим»- деген сөз. Әулие, піріміз Мырзағұлұлы Бекет атамыз 1764-1771 жылдары Хиуадағы Шерғазы хан медресесі «Маскани Фазилан» (ғалымдар ордасы) – да оқып жүргенде Бақыржан бабамызға кезігіп рухани тәлім-тәрбие алған. Қол беріп мүрит болған.