Бір суреттің сыры

Магруй

Мая апаймен кездесудің де сәті түсті. Алматыға қарай жолға шығып бара жатқанымда апайдан екі рет қоңырау түскенін телефоннан көрдім. Ізінше,  қайыра хабарласудың сәті түспеді. Жолда байланыстың жоқтығы бар, әрі апама тосын сый болсын деп,  Алматыға да келіп барып, хабарымды бердім.   Алматыдағы Зенков көшесінде орналасқан үйдің алдында бір жыл бойына тек телефоннан дауысын ғана естіп жүрген апайымның өзімен жүздестім.  77-ден асқан апамыз жатсынған жоқ, ала шыққан апортын беріп, туғанындай  шұрқырасып кеттік. Сөз арасында телфон шалғаныңызға  жауап бере алмаған себебімді айттым. Сонда апамыз: Саған хабарласқан себебім, сол күндері көңіл күйім болмай, құлазыған сәтім еді. Өмір бойы жүрегімде арқалап келе жатқан жүкті ауырсындым ба, осы ізденістерімді қойсақ қайтеді деген ой да келді. Соны айтқым келіп еді ғой. Бірақ өзіңді көріп, қуанып кеттім, тынысым кеңіп, серпілгендей болдым. Сендердің қолдау көрсетіп, қызығушылық танытқандарыңының өзі күш бергендей болып тұр, – деп апамыз көзі күлімдеп, ізденістеріміздің соңы не болар екен деп күмәнданып жүрген маған да демеу білдірді.

Сонымен,  Райымбек бабаның  ескерткіші қарсысындағы қалалық зиратқа келдік.  Кіре берістегі гүл сататын жерден бір шоқ гүлін алып, апамыз алға бастады. Қорымның екі қанатын бөліп тұрған кең жолды бойлап келеміз. Әруақтардың мәңгілік мекені тірілердің тамашалайтын жері емес екенін түсінемін, алақтап жан-жағыма қарамайын деп, көзімді жерге салып келе жатқанмын. Бір кездері апамыз қолындағы гүлдің бір сабағын кесіп алып  жол шетіне лақтыра салды. Қарап қалып едім, Қаныш Сәтпаевтың қабірінің тұсы екен. Есіме, Мәш тәтенің естелігі түсті. «Қазақтың қанат-құйрық бітіп, жетіп келе жатқан бауырымнан айырылдым» деп қаралы қазаны жеткізген жақсы ағасы еді. Оның жанында жазушы Мұхтар Әуезовтің ақ мәрмәрдан жасалған ескерткішін айнала бере, шахидтер жатқан жерге келдік.

26 желтоқсанда  1941 жылы әуеапатынан қайтыс болғандардың зиратының арқалығындағы 1948 жылғы 30 қыркүйектегі әуе апатының құрбандарының зиратының белгісінің үстінен шықтық.

Ресми деректерде, ғалымдар мінген Ли-2 ұшағы Балхаштан солтүстік-батысына қарай 39 шақырымда жарылады. «жас болсам да есімде.  Алматыдағы опера театрының балконында отырмыз. Сахнадағы 5 ағаш табытты жақсы көрініп тұрды. Гимннің естіліп тұрғанын білемін. Әлі күнге дейін  сол ырғақты естісем осы көрініс  көз алдыма келеді. Содан мәшинеге отырып, осы зиратқа келдік. Маған сол кезде жеткізбейтін ұзақ жол жүргендей болған. Сөйтсем, Алматыдның шеті екен ғой. Одан әрі қарай ештеңе есімде жоқ. Артынша анам қайтыс болды. Қысты күні болатын, жүн қолбағымды тістелей берсем керек, жыртылып қалып, саусақтарым жалаңашталып қалды. Ана мен әкеден бірдей айырылып қалғанымды кейін сезіндім» деп Мая Қылышқызы есіне түсірді.

Магруй Хафизқызы Мұхамедова-Бабаева Маяның анасы, Қылыш Бабаевтың  студенттік кезінен табысып, шаңырақ көтеріп, дүниенің аз күндік қызығын бірге көрген жары да осы зираттың қасында жатыр…

Менің қолымдағы фотоларда өмірге ғашық жандардың бейнесін көремін. Магруй Хафизқызының студентік кезіндегі, одан кейінгі екі баланың анасы болған кезіндегі бейнесі де сабырлы қалпымен жылы ұшырайды. «Есімде, күніне түскі асқа екі рет қазан асылатын. Өйткені үйге келіп-кетіп жатқандар көп болушы еді. Әкемнің қызметіне қатысты келгендерден басқа, ағайын-туғандарға да әкемінің ықыласы ерекше еді. Анам жүрегі ауыратын, нағашы әжемді әни дейтінбіз, оған да көмекші болсын деп сіңілісі де біздің үйде жүретін. Жасымнан татарлардың оратсында өсіп, татар тілі құлағымда тұр. Жақсы түсінемін. Өкінішке орай, әкем мен шешемнің қазасынан кейін көп нәрсе өзгерді. Бір өкініштісі, тата

р нағашыларым «қазақ» деп бауырына тартып елжіремегенін сеземін, әкем мен шешемнің қазасынан кейін сап тыйылған ағайындарымда бауырымыз деп иелік ете алмады. Бірақ Бабаевтың қызы болып өмір бойы осы аттың көлеңкесінде өстім. Саналы өмірімде  ғылыми жұмыстарымен айналыстым, десе де әкемнің деңгейіне жеткенім жоқ. Әке ісіне, оны ңжарқын бейнесіне лайықты адал қыз болып, естелігімді сақтадым» деп Мая апай өткен күндерден сыр шертті.

Өмір болғасын әртүрлі нәрсе болады ғой. Жол көрсетіп, жөнін айтып отыратын жанашыры болмаған соң да, көп ағайыннан қол үзіп қалғаны бар.

Бірақ, үлкен тұлғаның тағдыры бүгінде өсіп-өнген бабаевтардың басын қосып, біріктіретіне күмәнім жоқ. Тек қана әулеттің емес, қазақ ғылымы қайраткерінің өмір жолы  көбімізге үлгі болары анық.

Дегенмен, пендеміз ғой,  арасында өткен-кектенді қозғап не қажеті бар деген сұрақ қылаң береді. Мая апайымыздың да ойында осы жүрсе керек.

Бір жыл бойына  жинаған естеліктерімді, жазбаларымды, тарихи құжаттардың жайын Мая апайға әңгімелеп келемін. Деректерге қарағанда  ажалды бірге қарсы алған арыстардың бірі Кәрім Мыңбаевты костюмінің түймесінен таныпты. «Ал, сіздің әкеңіздің тек қолы ғана жоқ екен. «Апаттың салдарын зерттеген комиссияның ішінде Қылыштың ағасы Балташтың балдызы Өмірәлі болыпты. «Ағамның қайтарған шашы көрініп тұр, бір қолы ғана кем» деп ол да көргенін айтып кеткенін жеткіздім.  Сол сәтте апамыз деректі қайталап анықтап алып, көзіне жас тұнып, жүзі жадырап сала берді.

– Мына  деректің мен үшін қаншалықты маңызы барын білесің бе? Бұрындары Балхаштың үстінде жарылды деген соң сол суда қалды ғой. Ес білгелі бос таб

ытқа келіп жүрмін деп ойлаушы едім. Сөйтсем әкем осында, мына топырақта жатыр екен ғой» деп тағы да көңілі толқыды. Әрине, мен мұның барынша санама жетті дей алмаймын, бірақ өмір бойы әкесінің  атының шуағына ғана жылынып, мейіріміне асық болып өткен жанның жүрегіндегі бір медетке де разалығын түсіндім. Түсіндім де, зерттеулерімнің маңыздылығы санамда жаңғырды.

Мая апай бұрынғы әкесінің үйі тұрған жерге салынған үйде тұрып жатыр. Көп қабатты ғимараттың алдындағы алып теректерді нұсқап, бір кездері бала теректердің зәулім ағашқа айналғаны айтты. Әкемнің ескі үйі сүріліп мына  ғимарат бой көтерді. Зейнетке шыққалы бері осы үйдің «шырақшысына» айналдым деп күліп алды. Расында да, бұл үйде Мая апайды танымайтын жан жоқ. Аз-кем серуендеп жүргенімізде алдымыздан кездескендер иіліп сәлем беріп, амандасып жатыр. Апамыз, осы үйдің тұрғындары шығар жастарды онша тани бермеймін. Үйдің ішінде де  айналасында да бір артық жатқан нәрсе жоқ. Бәрі тап-түйнақтай жиналған, ұқыпты қолдардың ізі білінеді. Оның басында, әрине, апамыз жүреді екен. Үйге қатысты жайттың бәрін назарынан қалыс қалмай, тұрғындардың  қолайлы өмір сүруіне қатысты барлық жүйеннің қалтқысыз жұмыс істеуін қадағайды. Жеке міндеті болмаса да шаруаның бір шетінде өзі жүреді. Бәлкім  әкесінің үйіне келген қонақтардай қабылдайды ма кім білсін?! Бұл үйдң тұрғындары Мая апайға, Мая апай оларға бауыр басқан. Бәрінде бір үйдің тұрғындары деп айтқанымыз да дұрыс болар. Осындай жылылқытң арғы жағында еңселі теректер өсіп тұр. Қазақтың жарқырап шыққан ғалымы Қылыш Бабаевтың өміріне куә болған теректер. Сары жапырағы сылдыр қағып сол күндерден сыр шертіп тұр ма кім білсін?!

Айгүл УАЙСОВА

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button