Бір суреттің сыры

Киiз үй туралы жұмбақтар мен жаңылтпаштар

Сайын Назарбекұлы

  • Отыз омыртқа, қырық қабырға,

Бәрін ұстап тұрған ауыз омыртқа. (киіз үй)

  • Бір нәрсе өзі білік, іші қуыс,

Ол заттың сүйектері айқұш-ұйқыш.

  • Көзі бар жарқыраған төбесінде,
  • Жайса үлкен, жиса болды, бір-ақ уыс. (киіз үй)

 

  • Ана ауылдың бурасы,

Мына ауылдың бурасы,

Желкілдейді шудасы. (түтін)

  • Белдеуде бес ат,

Бесеуі де қасқа ат. (саусақтар)

  • Үй үстінде төрт шыбық,

Төртеуі де тең шыбық. (түндіктің төрт бауы)

  • Тұрса үйдей,

Жатса қояндай. (ертоқым)

  • Әкесі баласын көтеріп тұр,

Баласы бөркін көтеріп тұр. (кереге, уық, шаңырақ)

  • Айдалада ақ отау,
  • Аузы-мұрны жоқ отау. (жұмыртқа)
  • Алпыс келін ат ұстап тұр,

Жетпіс келін жер тістеп тұр. (уық, кереге)

  • Иіледі ай құсап,

Жиырып алсаң бір құшақ (кереге)

  • Ала күшік үйді айнала жүгіреді,

Ақыры үйге кіреді. (басқұр)

  • Су көтерiп жүрiп келемiн,

Өзiм бiреуге мiнiп келемiн (иiнағаш)

· Астында оты жалақтап

Тұрады үш аяқтап (мосы)

  • Әуелінде шөп едім,

Жерге өскен көк едім.

Қолға түстім, жұлындым,

Сан жерңімнен буылдым. (ши)

  • Көк итім бар қабаған,

Арқаға киіз жамаған. (киіз есік)

  • Шешей отты көсеумен көседi,
  • Құрақ құрап көрпе көктедi,

Қырық құрақ көрпе көктедi.

  • Бiр қыз кесте тiктi,

Кестесiн түсте тiктi,

Кешке тiктi.

  • Өзiм үшiн ішiк iстеттiм,

Тысын тыстаттым, түсiн түстеттiм.

  • Көже пiстi,

Көженi неше кiсi iштi.

Неше кесе iштi.

  • Ала-ала алашалар,

Тамаша олар.

Оған кiм таласа алар.

Алашаларды

Таба алса алар.

  • Шежiрешi кiсi шежiре айтты,

Iшiндегi шежiресiн шешiле айтты.

  • Шанақтағы шалапты,

Аспай-саспай пiстi.

Төкпей-шашпай iштi.

  • Үмiт түбiт түттi,

Түбiттi түтiп бiттi.

  • Қазыққа мал байланар,

Байланған мал жайланар.

Сайын Назарбекұлының «Қазақтың киіз үйі» (2005 жылы Елорда) атты кітабынан алынған киіз үйге байланысты ұғымдар

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button