Бір суреттің сыры

Қожа-Жаһанның бас сүйегі

Маньцин империясына қарсы күреске шығып, жеңіліске ұшырағаннан кейін Орта Азияға қашқан Қожа-Жаһанды (Кіші Қожа, Ханқожа деген лақаптармен белгілі) 1759 жылы Бадахшан әміршісі Сұлтаншаһ өлтіріп, басын Бейжіңге жібереді. Императордың жарлығымен оның бас сүйегінен ғұрыптық ыдыс – Капала жасалады (оң жақтағысы). Бас сүйек қазіргі күнде Пекиндегі  Гугун (қытайдың ұлттық музейі қорында сақталып тұр)

***

Ежелгі ғұндарда адамның бас сүйегінен ішімдік ішетін ыдыс жасайтын дәстүр болғаны айтылады. Сол секілді, Ламаизмде де бас сүйектен рәсім құралын дайындайтын жоралғы болыпты. Ол капала немесе топа деп аталады. Анықтамаға жүгінсек, Капала (санскрит тілінен аударғанда «бас сүйек») – индуистік Тантрада да, буддалық Тантрада да (Важраяна) рәсім құралы (тостаған) ретінде қолданылатын бас сүйектен жасалған ыдыс. Әсіресе Тибетте олар көбінесе қымбат металдар мен зергерлік бұйымдармен нақышталып жасалады. Көбінесе белгілі деңгейге жетткен ламалардың бас сүйегінен олардың өз өсиеті бойынша дайындалған. Олар осы арқылы парасат жалғастығы іске асады деп сенген.
Ламаизм тарихында небір атақта, әйгілі капалалар болған. Соның бірі Қытай императоры Сун Лицзунның (1205-1264) бас сүйегінен жасалған. 40 жыл алтын тақта отырған Сун Лицзун өмірден өткен соң, Юэнму кесенесіне жерленеді. Қытайды моңғолдар бағындырғаннан кейін, Құбылайдың қасында қызмет еткен ламаизм діндары, атақты Пагба-ламаның шәкірті Рин чэн Скябс Оңтүстік Қытайға басқақ болып жарияланғанады, ол 1277 жылы жүзден астам қытай ақсүйегінің моласын аштырып, тоналған қазыналарды ғибадатхана құрылысына жұмсайды. Сол қатарда Сун Лицзунның бас сүйегін алдырып, капала жасатады.
Қытайлық Мин әулеті моңғолдарды қуып салғаннан кейін, Сун Лицзунның бас сүйегінен жасалған капаланы зор құрметпен денесінің қасына қайта жерлейді.
Ерлан Мазан фб парақшасынан алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button