Жаңалықтар

Көңіл айту

ДҮНИЕДЕН ӨТКЕНІМЕН САНАДАН ӨШПЕЙТІН АСЫЛ БЕЙНЕ
Сыр өңірінің айтулы тұлғаларының бірі , бар ғұмырын туған елге қызмет ету, бала тәрбиесіне арнаған қоғам қайраткері, білікті ұстаз Жұмабай Омарұлы Жәнібековтың өмірден озуы туралы суық хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Алланың ісіне не шара! Әулетіне, аймақ ұстаздар қауымына көңіл қосынын білдіремін.
Жұмабай Омарұлы текті әулеттің ұрпағы еді. Көктемде 70 деген белестің биігіне шықты. күзде үлкен тойым бар деуші еді, – қайран Жұмекең. Амал не, тағыдыр ісіне көнеміз де. Жұмабайдың (Жұман) өскен ортасы Түркістан мен қарт Қаратаудың, Сыр дәрия өзені бойындағы Жаңақорған ортасындағы «Қандөз» ауылы. Талай тектілердің мекені. Жұмабайдың ата-бабалары имандылық пен исламият қағидаттарын басшылыққа алған ел ардақтылары. Ысқақ баб, Әбдіжәлил баб, Қожа Ахмет Яассауй, Диуана, Айғожа ишан ілімдерін нәсихаттауда «Мәді қажы» қоғамдық қорының еңбегі айрықша. Оны көп жылдан бері тәжірибелі ұстаз, дін зерттеушісі Жұман Омарұлы басқарып келеді.
Баба-ата, Қорасан ата кесенелерін абаттандыру, көгалдандыру істеріндегі белсенділігін атап айтқым келеді. 2016 жылы Жаңақорған ауданында Айқожа ишанның өмір жолына арналған ғылыми-танымдық конференцияда академик Мұрат Жұрынов, ел анасы Бибіжамал Мәлікқызы, ғалымдар Камал Бұрханов, Досай Кенжетайұлы, ардагер Зинапдин Шермағамбет, қайраткер Ержан Уәйіс, әкім Ғалым Әміреев сөйледі. Бұл істі ұйымдастырушының бірі Жұмабай Жәнібеков еді.

Белгілі ғалым, этнограф Әсілхан Оспанұлының шығармашылық еңбектерін (Майлы қожа, Мәделі қожа ақындар туралы диссертация қорғаған) кітаптардың авторы. Қайта шығаруда ұлы Ералы Оспановтың еңбегі айрықша. Оның кеңесшілері профессор Қазыбай Құдайбергенов, Жұмабай Жәнібеков. Бірнеше мың тиражбен «Диуана қожалар әулеті» туралы кітапты да жарыққа шығарды. Бұл істе профессор, ғалым Амангелді Апушевтің еңбегі бар. Қарағанды облысы Шет ауданында Баба ұрпағы Шортанбай Қанайұлының 200 жылдығына орай өткізілген жиында Кемал Жүністегі, Кеңес Махамбетовтердің ұйымдастырушылық қабілеттері жоғары болса, Жұман Омарұлы Қызылорда облысынан бір топ Баба ұрпақтарын ертіп барды.
Қозжжан баба басында ұйымдастырылған кезекті бір жиында Сейілбек Шауқаманов, Сұлтан Махамбетов, Аббас Кәмішев, ғалымдар Д. Кенжетай, С. Қосанов, Қайрат Бекенов, шежіреші Сейіт Омар Сәттаровтың сөздері көпшілік көңілінен шықты. 2019 жылы Диуана қожа, Мәді қажы әулетінің шежіре кітабінің 1500 данасы шығарылды. Таратылды. Тұсау кесері Қызылорды, Керекуде өткізілді. Күдері мұрасы, сондай-ақ Қүдері қожаның 200 жылдығына «Күдері қожа мұрасы» (Күдері қожа Қалтай Мұхамеджановтың 4-атасы) кітабі, сонымен бірге Сайып Назар ахун, Айқожа ишан кітабінің тұсау кесері де Қызылорда да өтті. Ия, осындай игі істердің басынад Жұмабай Омарұлының жүргенін айтып жүруіміз қажет. Оның өмірі бүгінгі ұрпаққа үлгі, өнеге.
Қандөз елді мекенінде Алаш ардақтысы, Кеңес Одағының Араб еліндегі 1- елшісі, Қазақтан шыққан тұңғыш дипломат Нәзір Төреқұов, қаламгер, қайраткер Нұрмахан Оразбеков, Колхоз құрлысының ірі ұйымдастырушысы, қайраткер Әбсадық Әбсаметов, жазушы Нұрмахан Елтай дүниеге келген. Жұман Омарұлының атасы Жәнібек қария көзі ашық, көкірегі ояу, нағыз имандылыққа бет бұрған қайырымды жан. Үлкен ағасы Балтабай 83 жаста еңбек ардагері, одан кейінгі ағасы Қалдан Жәнібеков ел басқарды, бірнеше жыл Түркістан собхоз директоры, Қандөз ауылының әкімі болды. Жұмекеңнің ұлы Димаш құқық қорғау орындарында сот орындаушысы, Ғазизі жеке кәсіпкер, 10 немере сүйіп өтті. Жұмекең білікті үстаз, Қызылорда Пед иниститутының түлегі, Жаңақорғанда бірнеше ауылда мектеп директоры, аудандық оқу бөлімінің басшысы, Колледжі директоры, Қызылорда облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарды. Халық ағарту ісінің озық қызметкері.
Дүниеден өткені мен санадан өшпейтін абзал бейне Жұмабай Омарұлы Жәнібековтың есімі халықтың жүрегінде ұзақ сақталады. Жатқан жері жаннатта болып, артында ұрпағына бақ береке тілеймін. Алла алдынан жарылқасын!

Құрметпен Ержан Уәйіс

Халықаралық «Хорасан Ата» қорының құрметті президенті, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button