Ясауи мұрасы

Жақып-Қылауыз ата және қарақұрт

Қ.А.Яссауи Сыр бойында жатқан әулиелерді аралап, зиярат қылу үшін алдын-ала Жақыпқа хабар жіберіп отырған. Жақып Әбулайыс дарияның батыс жағынан күтіп алып, дұғасын оқып, дарияны кешіп өтетін жолын көрсетіп отырған. Ол кісінің көрсетуі бойынша Қ.А.Яссауи бабамыз нөкерлерімен дарияның шығысынан батысына қарай кешіп өтіп, әулиелерге зиярат жасап отырған. Бірде сол дарияны кешіп өткен жерге келіп аялдап, бесін намазын оқып отырған кезінде жайнамаздың ортасына бір қарақұрт пайда болады. Үрейленген олар қарақұртты кезегімен оқиды. Оқыған сайын қарақұрт ұлғайып, адам жұтатын дәрежеге жетеді.Сонда Қ.А.Яссауи бабамыз, Жақып ауылыңның мақұлығы ғой, өзің оқып қайтар дейді. Жақып Әбулайыс оқи бастағаннан қарақұрттың көлемі кішірейіп, бастапқы қалпына келеді. -Тақсыр, қарақұртты жоқ қылып жіберейін бе?- дейді.

Бізге зияны тиген жоқ қой, жібер өз еркіне, ол да болса Алланың жаратқан мақұлығы ғой,- дейді. Сол кезде қарақұрт көзден ғайып болады. Намаздарын оқып болып, дарияны кешіп арғы бетке өтеді. Сол жерде тұрып Қ.А.Яссауи бабамыз айқайлап;- Жақып, қолыңды жай, сенің бұдан былай атың «Құрт иесі — Қылауыз болсын, Аллаху акбар!» деп батасын береді. Содан бастап халық Жақып Әбулайыс бабамызды » Қылауыз» ата деп атап кеткен. Ал Қ.А.Яссауи бабамыздың нөкерлерімен кешіп өткен жерін халық осы күнге дейін Тассуат деп атап келеді.

Жақып-Қылауыз ата атты  мақаладан алынды

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button