Білген Шайыр айтады

Құдіретін көрсең хұданың

Кенжеқожа Құлмырзаев

Құдіретін көрсең хұданың

Атамыздың белінен,

Анамыздың қарнына,

Бірқатар қаннан су қылды.

Хауа ананың нәсәбін

Жел ұшырып жем қылды.

Шишаны шығып шишадан,

Пайғамбар болды шынжырлы.

Ерлі-зайып жұрт қылды,

Аялдан перзент туғызды.

Хауа ана деген қатынға,

Жетпіс құрсақ көтертіп,

Жұп-жұрттан туған ұл қылды.

Өніп-өсіп солардан,

Бірнеше пұрқа халық боп

Жаһанға сауда жүргізді.

Ей, біреулер кәпір ғып

Қарсылық дауға қып жүрді.

Біреулер болып мұсылман

Алланы шақ деп бір білді.

Біреулерді патша ғып,

Алтыннан пай-тақ міндірді

Біреулерді бай ғылып,

Дүнияның мүлкін жидырды.

Біреулерді сына ғып,

Үстіне бір қыл қап кидірді

Біреулерді сұлу ғып,

Жаһанға қылды нұр жүзді.

Біреулерді палуан ғып,

Дүнияның жүзін бүлдірді.

Біреулерді молда ғып,

Шариғат жолын білдірді.

Біреулерді кедей ғып,

Бір пұлға қылды-ау ділгірді.

Біреулер жарлы, біреу бай,

Адамзат емес бір құблы.

Мейлің патша, батыр бол,

Дүнияға толмас бір құнды.

Он сегіз мың ғаламның

Бәрі де көшер бір күнде.

Елу жылда ел жаңа.

Қазан деп айтар бір жүзді.

Жазғы шапқан бәйге аттай,

Алдымызда тұр дәйекші.

Береміз ахыр шылбырды,

Қашанда шылбыр бергенше,

Сайратып жүрмін бұлбұлды.

Дүния бір түлкі нәсілі

Әуреге салып бүлдірді.

Жанашыр дос деп біз жүрміз,

Алдамшы дүния-құзғынды.

Опасы келсе сұм дүния,

Шалдырмастан шаршатып.

Һәммәнің атын сұм қылды

Жаратқан жалғыз бұйрығы бар

Құдіретін қалай білгізді.

Білгізгені  емес пе?

Өлтіріп жерге кіргізді.

Махшарда қайта жан бітіп,

Бұл пәндені кіргізді.

Артық пен кемді теңгеріп,

Таразы таңлап тұрғызды.

Алданғанға сөзімді

Бауға бір қонған бұлбұлым

Білмегендерге сөзді пар қылып,

Ей, айқайлап жүрген, айхай бір жынды.

****

Он сегіз мың ғаламның
Алла болар панасы
Мұсылманның көңілінде
Алланың Һәмді санасы
Алланы екеу деп айтар
Кәпірлердің жаласы
Ынанбайды бұл сөзге
Адамның ақыл данасы
Бірін тілін бірі алмай
Екі тапқа бөлінген
Адамзаттың баласы
Әлі күнге ынанбайды
Келеді болып таласы
Өз нұрымен жаратқан
Расуллулла Мухаммад
Құранменен бекілген
Ислам бір діннің сарасы
Дінге қуат бергей деп
Кенже қожа ғаріптің
Шығарған ғазәл намасы
Һәмді сана Аллаға
Бір өзіңді жат қылдым
Топырақтан жаратып
Адамды гауһар зат қылдың
Жарты күн тұрып Жәннатта
Ғапілетпен бидай жегізіп
Есігін Пейіш жаптырдың
Шығарып дүние жүзіне
Жалғанға бері қайттырдың
Жұп айладың Хауаны
Ажыратып үш жүз жыл
Екі көзін жас қылдың
Мәккә Шәриф жайында
Арапаттың тауында
Қосып қөңілін шат қылдың
Тұқымын мың мың сан қылып
Жаһанды көл қып ашқыздың
Абылды Қабыл өлтіріп
Нәлеті шайтан нәп қылдың
Топан суын қаптатып
Ноқыны суға ақтырдың
Ибрахим Қалилге
Намұртты дұшпан қып
Зембілмен отқа атқырдың
Смағұлды құрбан қып
Көк қошқарды түсіріп
Жанына ара ап қылдың
Бінә қылып Ысқақты
Әзіреті Бибі Сараны
Шарапатын жақтырдың

 

Дайындаған Сейіт Омар Саттарұлы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button