Білген Шайыр айтады

Тәубе

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Бір дінсіз сексен жасап, тоқсан жасап,
Арақ ішіп шошқаның етін асап.
Өлімнен сағат бұрын тәубе қылып,
Жарылқа тәубе қылдым десе я, Раб.
Өткеріп күпірлікпен тоқсан жылғы,
Қатасын ғапу етіп қылған күллі.
Болмаса әлихиммат Пәруардігәр,
Қай патшасынан бөлек қылар мұны.
Әуелі әлмисақтан берген жерде,
Құдая құп ықырармен бірлігіңе.
Жарылқап рахметіңмен мен ғаріпті,
Дүниеге шад қыла көр келгеніме.
Ағы көп шаштарымның азы қараша,
Болуға жақындады өмірім ада.
Иманның абыройын нәсіп қылып,
Пазылыңмен жарылқай көр я, Раббана.
Кіре алмай қараңғыда ешбір тамға,
Мұқтаж боп тұрушы едім жанған шамға.
Қабірімді раушан қылып шад қыла көр,
Қалдырмай қараңғыда қайғы қамға.
Қарамай қатасына құлдарыңның,
Жарылқа, я, Раббана бәрін аның.
Болсада күнәм көп тағатым аз,
Үмітім рахметіңнен көп дүр сенің.
Қойсада патша болып басына тәж,
Өлімге қыла алмайды ешкім де лаж.
Бір ауқат бұл дүниеде өтіп кетер,
Маһшарда қыла көрме аш-жалаңаш.
Әзіреті Бахауаддин ғаусал ағзам,

Ерлердің бұрынғы өткен баршасы һәм.
Еш нұқсан Құдіретіңе болмас ерді,
Бізді һәм қылғаныңда сондай адам.
Жараттың бейхиммат қып өзің бізді,
Жіберіп әр тарапқа көңілімізді.
Жамиғ достарыңның құрметінде,
Төрт қылма қияметте көзімізді.
Танамда тілім болса рукуғ сайын,
Өзіңе азыжлықтың айтсам жайын.
Аздық қылса қылады көптік қылмай,
Жарылқа деп жалынсам бар Құдайым.
Білмейді ажыздығын көп адамдар,
Хусусан ақылы жоқ көп надандар.
Болған соң тәні сахат, тамағы тоқ,
Тұмсығын көкке беріп мұртын бұрар.
Құрт түссе бір тісіне тұрар қақсап,
Нышаны ажызлықтың бұл емес пе.
Ойланса ақылменен қылып ынсап,
Осындай ажызлықпен ғәріп пенде.
Қылады тәкаппарлық ол несіне,
Қорықпайды көп надандар Жаратқаннан.
Адамдай көзі жеткен өлмесіне,
Аш болса қайсы біреу таппай тағам.
Қоюға жарамайды ешбір қадам,
Мойнына ажызлықтың алса керек.
……………………………………………….,
Ақылмен бұл ақуалды білген адам.
Салдырған неше байлар қыштан сарай,
Бір жерде емес, әр жерде бар дүр талай.
Дүниені абад қылдым дегенменен,
Жөнелер ажал келсе тоқтай алмай.

Неше бір байбатшалар малды шашқан,
Көңілі әр тарапқа алып қашқан.
Жатуы түс болғанша қанбайтұғын,
Ұйқысын ажал келсе шайдай ашқан.
Қалмайды ажал келсе ешкім өлмей,
Ажалға бап-парапар бай мен кедей.
Бар еді не адамдар бұл атырапта,
Қайратқа қулық, закон болған бірдей.
Қарасаң ақылменен назар салып,
Тұрған жоқ ешбіреуі өлмей қалып.
Көп надан әй, дариға ойламайды,
Кетті деп солар қайда ғибрат алып.
Оқуда әйнек қойып өз көзіме,
Қараймын өзім тыңдап өз сөзіме.
Лайық айтқаныма жұмыс қылмай,
Өкпем бар сол себептен өз-өзіме.
Құдая құп ықырармын кетпегіме,
Бір күні ажал нәубет жетпегіне.
Аздығы химматымның себеп болып,
Құлшылық көңілім бітпес еткеніме.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button