Білген Шайыр айтады

Мұса хазірет Шонаұлы мұрасынан

Оқушы, мынау сөзге құлағың сал

Бірінші бәйіт

Бисмилләһир Рахманир Рахим!

Оқушы, мынау сөзге құлағың сал,

Өлімнен болса зеһінің ғибрат ал.

Ғаламның саруары пайғамбардан,

Қалған сөз үммбетіне, бұл бір ахуал.

Өмірің, денсаулығың, бәрі қонақ,

Ертеңгі күнге нансаңыз, дәл бүгін бар.

Тірлікті босқа жүріп, құр өткізбей,

Аллаға қызмет ғып, қамданып бар.

Құр жинап атақ үшін тайтаңдадың,

Өлген соң ол, кімдікі қайырсыз мал.

Жауабын сен арқалап, жазықты боп,

Қалғанда жалғыз көрде боласың дал.

Иесінің қолына беріп кеттім,

Қатын, бала, туыстарым, бөліп ал.

Дүниеңіз жетерліктей бай болдыңыз,

Басқаратын бала да, туыстар бар.

Жүректегі тілегің орындалды,

Ойлауға жөні жоқ деп, не арман бар?

(Тәмам)

Екінші бәйіт

Бисмилләһир Рахманир Рахим!

Хақ жандырған шырақты кім сөндірген,

Ғәзәзіл сөндірем деп малғұн болған.

Адаммен Һауаға дұшман болып,

Шырағын сөндірем деп өзі күйген.

Мысал бар-ау елден ақ сондай,

Болсаңда қанша білгір Ғәзәзілдей.

Ғәзәзіл ғурур222 болып арасында періштенің,

Қарғыс алып шайтан болды сорлы маңдай!

(Тәмам)

Үшінші бәйіт

Жақсы әйел ерлердің гүлі емес пе,

Жаман әйел шарасыздың күні емес пе?

Жас бол, кәрі бол, әйелді көргеніңде,

Бір сөз айтпаған ерлерге мін емес пе?

* * *

Үш түрлі нәрсеге дауа жоқ:

Қарттықпен қосылған ауруға дауа жоқ!

Күншілдікпен болған араздыққа дауа жоқ!

Жалқаулықпен қосылған кедейлікке дауа жоқ!

222 Ғурур – алданыш, алданып қалу.

 

224 Таһлил – «Лә иләһә илләлла» деп Алланың бірлігін дәріптеу, зікірдің абзалы – «Лә иләһә илләлла».

225 Тасбих – Алланы дәріптеу, сыйыну. «Сұбханалла» – Алла пәк деп айту.

226 Жәһил (жәһіл) – қараңғы, надан. Жәһилия заманы – ислам діні келгенге дейінгі кезең.

 

 

Келініне берген батасы

Я, құдайым!

Келін берсең,

Келісті ғып бер!

Ат берсең,

Жүрісті ғып бер!

Бала берсең,

Ырысты ғып бер!

Тірілеріне ынтымақ бер,

Өлгендеріне жұмақ бер.

Осы айтқандарымның бәрін,

Үйіп-төгіп бір-ақ бер!

Сұраушыдан сөз қалған жоқ,

Беруін білетін Алла өзің бер!

(Тәмам)

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button