
Манақып – төрт Мазһаб
Музиб боп өткен төрт имам,
Жағайына үзіп жандарын.
Жария қылған жаһанға,
Аят пен Хадис парманын.
Әуелі Ағзам ханифа,
Нұғман деп қойған намдарын.
Жүз мәрте көрген түсінде,
Раббысын Ғаршы Ағланың.
Тоқтық артық қыларды,
Қорқынышын ойлап таңланың.
Имамы Ағзам баршада,
Ішіне кіріп көбінің,
Бір аяғын көтеріп,
Біріне қойып салмағын.
Құраннан тамам хатым етіп,
Ажыратпай бірден салмағын.
Сиражи үммат лақабы,
Ғажабы бар дүр сәждәнің.
Инс-жын халқы біледі,
Миһражға Расул барғанын.
Сол түні көрген пайғамбар,
Аспанда ызғар аруағын.
Шырағы болып үммәтың,
Сол жерде айтқан аңлағын.
Мазһабтың болып егесі,
Ойлады қамын пәндәнің.
Хруштан хабар берерді,
Аятыменен Алланың.
Сухабтарға жолығып,
Субқатын тапқан әр ненің.
Ижтихат қылып шыдарды,
Суралмай бағзы қалғанын.
Хазреті Қызыр ладунның,
Білерді тамам жолдырын.
Тағлым алған Ағзамнан,
Мәселеде кімдерін.
Хазреті Иса бұл уақта,
Қылады аспаһан сыранын.
Дажалды кейін өлтіріп,
Алғанды дүние жайларын.
Мехнатта бағзы ұшларды,
Мазһабтың имам Ағзамын.
Екіншісі мазһабтың,
Хазреті имам Мәлікті.
Шаһариман мүлкінің,
Насабы оның барыпты.
Марина қылып ижрада,
Отанғып тұрған анықты.
Өзіде сонда туылып,
Бахшида мурһамланыпты.
Мазһабтың болып ықласы,
Шариғат шаһин жаратты.
Имам Шафи үшінші,
Маліктен тағлым алыпты.
Мұнысына қылып иштахат,
Ажыратқан еді әріпті,
Бастады қанша халықты.
Ахмед Ханбал төртінші,
Жақайулға халықты салыпты.
Өз алдына мазһабтың,
Дәрежесін тауыпты.
Мәртебесі бұлардың,
Өзге имамдардан қалыпты.
Өзгерілмей төрт мазһаб,
Ақырғаша қалыпты,
Бұл айтылған төрт имам,
Имамның қолын алмағы,
Мужтаһирлік қарардың,
Ақихат еді бармағы.
Рахметі Хаққа ұлансын,
Айтылған имам тамамы.
Дүниеде кітап көп болып,
Олардың тиіп қаламы.
Өз ләбізімен айтылған,
Баршасы оның Арабы.
Шариғат сөзін білмеген,
Ойлаған менен ауамы.
Оқымай оны білмеген,
Таркі күйлердің адамы.
Тәлім алып молдадан,
Дұрыс оқып қылса талабын.
Арабтың лебзін білгенше,
Өтеді қанша заманы?
Аз пурсатта үйретіп,
Білмектің еш жоқ амалы.
Шариғат жолын көп халықтың,
Білмейтін осы себебі.
Кітаптардың ішінде,
Парманы көп дүр Алланың.
Парыздан кейін айтылған,
Қылмағына пенденің,
Бесеу деп айтар парызды.
Исламның пайда болмағын,
Аузына алмақ әуелі,
Алланың бірлік намларын.
Екінші намаз оқымақ,
Парызын тұтып, һәм бәрін.
Үшінші нисап есепке,
Құйдырмақ зекет малдарын.
Рамазанда төртінші,
Ораза тұтпақ аңлағын.
Бесінші парыз күш келсе,
Қағбаға Хаж қылып бармағың.
Алланың атын парыз дүр,
Бір мәрте айтып тілге алмағың.
Ықырар болып сенбегің,
Қайталап және ділменен.
Өмірінде пенде бір айтса,
Бітеді парыз мұнымен.
Қайталап айтса зікірін,
Сүннат деп айтқан пікірін.
Бес зекет, ораза парыз дүр,
Намаз боп шарты тұрумен,
Білмесе шартын кінә жоқ,
Баршасын қылмай жүруін.
Пендеге намаз парыз дүр,
Иманға тіке кірумен.
Әзірлі қанша болсада,
Өткермей уақытты көзімен.
Ішінде қанша парыз бар,
Ажыраса қылмай бірінен.
Намазының баршасы,
Бұзылып кетер түбімен.
Парыздардың бәрінен ,
Намаздың жолы қиын дүр.
Ішінде қанша парыз бар,
Тәрк қылма деп бұйырды.
Ақылмен еш кім таба алмас,
Кітаптан көрмей бұл ілімді.
Намаздың шартын жол үшін,
Ойласам тәрк қылуды.
Айтпаққа мені куә қып,
Бір құдірет ащы ділімді.
Әрине ақыл мәснәсін,
Білетін берсе білімді.
Намаздың өтсем тәртібін,
Қазақы қылып тілімді.
Тәркігөй халыққа естіліп,
Болған соң тілі бұрынғы.
Үйренер еді тездікпен,
Білмейтін қиын ғылымды.
«Фиһк айдан» атты кітаптан,
Мұхтасар еді бұрыннан,
Намаздың барша тәртібі.
Ішінен баян қылынған,
Дәріс оқитын талапкер.
Оқитынын ғылымнан,
Молласы сабақ бередүр.
Фиһк айданы білуден,
Әуелі мұны пайдаланып,
Басқаға кейін ұрынған.
Бұл кітапты білмектің,
Пайдасы мұннан білінген.
Фиһк қайданы тәркі ғып,
Айтпақты көңілім қалады.
Өзге кітап тұрғанда,
Мұны айтқаным сәбәбі.
Оқыған әуел молданың,
Бұл кітап болар талабы.
Түркімен парсы ләбіз жоқ,
Баршасы еді Арабы.
Қалдырмай айтқан жақсы сөз,
Намазға зәрлі саманы.
Сол кітабты пайда еткен,
Әуелі қамтыр сананы.
Әзіздердің бір қадамы,
Мубарак еді талабы.
Өз қамымды мен бастадым,
Көп болғай Шаят сауабы.
Есендік пенен айтылып,
Ақыры болған тамамы.