
Шортанбай жырларының ең көне қолжазба нұсқасы Алматыдағы Орталық ғылыми кітапханада №1167 6-шы дәптерде Шортанбайдың ел аузынан жазып алынған өлеңі екі параққа жазылған екен. Мынадай анықтама берілген: ӘІдебиет жинағы араб әрпінде қолжазба. 1921 жылы Сыр-дария экспедициясы. жинаған Ә.Диваев. 2 бет 70 жолдай.
Ескеретін нәрсе «Бала зары» өлеңдер жинағы 1888 жылы Қазанда кітап болып басылып шыққан. Бұл 1890, 1890, 1901, 1906 жылдары қайырыла басылып шығып, ел арасында көп тараған.