Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Өкінсең жоқ келері

Ит жүгіртіп, құс салған,

Өнерпаздың өнері.

Өтіп кеткен нәрсеге,

Өкінсең жоқ келері,

Тұтас тұрса жарамас,

Бетіңнің кетсе бедері.

Құбылып тұрған қызыл гүл,

Қураса кетер мәнері.

Сабыр қылсаң жетерсің,

Құданың болса берері.

Он сегіз мың ғаламды,

Кұдіретіменен жаратқан,

Құдайдың қалай шебері?!

Жиырма бес жасында,

Жігіт жетер кемелге.

Он сегізде қыз толып,

Ана болар бір елге.

Құрбыңнан қорлық көрмессің,

Кұда болсаң дүр елге.

Жапырағын жайқалтып,

Жайлауда қонсаң бір көлге.

Көк ала шатыр нарменен,

Мың қаншалар пұлменен,

Он піркәншік кұлменен,

Сапар қылсаң бір жерге.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button