Бір суреттің сыры

Кәмел Жүністегі ағамызға Шаянда Құран хатым түсіріп, ас берілді

С.Саттарұлы

29-маусым Құрбан айтының екінші күні белгілі жазушы,зерттеуші Кемел ағамызға ата-бабасының өскен жерінде -Түркістан облысы Шаян ауылында Қосым ешан мешіт-медресесінде ағайындары жиылып ас берді. Шаянның тумасы ел ағасы Зейнелғабиддин (Ергеш) бастаған ағайын-туған  Қарағанды облысы Шет ауданынан келген Кәмел Жүністегінің бауыры Бұрхан, немересі Досмұхаммедпен қауышты. Ағайынның ауызбіршілігіне атсалысқан Алматыдан – Атымтай, Шымкенттен- Ғалым, Қазыбек, Оразалы, Сарыағаштан Сейт Омар, Әбибулла және Шаянның көптеген тұрғындары жазушы ағамыз туралы естеліктерін айтып, бағыштап құран оқыды. Ардақты азаматтың ерен еңбегін айтты.«Дос көңілі», «Көне хикая», «Көксеу», «Көксеңгірдің тасында», «Соңғы Абыз», «Ұлы пайғамбар және ұрпақ­тары», «Шырағдан», «Қоңыр Құлжа», «Мөрші», «Арманым оттан өрілген» кітаптарының, «Құба белдер» трилогиясының, «Тар заман», «Шортан­байдың зар заманы» зерттеулерінің халқы үшін қымбат қазына екенін, марқұмның артында сөнбес жұлдыздай еңбегі қалғанын еске алды.

Алла алдынан жарылқасын

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button