Бір суреттің сыры

Тәбәрік

Қисуа

Алла Тағаланың ерекше нәсіп еткен сыйы болар, Меккеге барғанында қасиетті Қағбаның жамылғысы – жылына бір рет, оның өзінде ел билеген сұлтандарға ғана берілетін «Қисуа» «Жыржыс қажы АРПЫНҰЛЫНА (1845-1929). бұйырған екен. Қажы ел басына күн туатын керзаманды ерте біліп, өзін милиция келіп ұстап әкетердің алдында қасиетті тәбәрікті  Жаппар деген досына аманаттап кеткен екен. Сол жәдігер араға сексен жыл салып, қажы ұрпақтары Жыржыс қажының шөбересі Арыстан МӘУЛЕНҰЛЫНА табыс еткен. Қажы Қарағанды өңірінде мұсылманшылықты насихаттаған, алғаш рет мешіт салдырып, медресе ашқан белгілі ағартушы. Ботақара ауданына кіре берісте жолдың бойында  Жыржыс қажы мешіті орналасқан.

Бүгінгі көзі тірі қариялардың, моллалардың айтуынша қазіргі Қараөткел аталатын ауылдың зиратында бес қажы, жеті әулие жерленген екен. Мұнда жерленген әулиелердің есімдері ұмыт болған. Ал, қажылардың есімдері белгілі. Олардың ішінде атағы ел ішіне көбірек тарағаны Бейсенбай қажы мен оның баласы Сәлмен қажы. Сәлмен қажы БЕЙСЕНБАЙҰЛЫ Мекке мен Мединаға екі рет 1908-1909 жылдары барып қайтқан. Қажының ұрпақтарының қолында Меккеден алып келген қасиетті тәбірік сақтаулы тұр.

«Сонымен, 2002 жылдың 5 қаңтары күні мені, елшіні және бас мүфтиді тақ мұрагері өзінің алтынмен апталып, күміспен күптелген зәулім сарайында қабылдады. Қабылдауға уақыт тапқаны үшін ризашылығымды айтып, түп-тамыры осы елден шыққан ата-бабаларымның түгелдей дін жолына қызмет істегендігін тілге тиек етіп, тіпті олардың есімдері жазылған шежірені өзіммен ала келгенімді жеткіздім. Жүзі сұстылау көрінетін тақ мұрагері дәл осы тұста күлімсірей басын изеп, орнынан тұрды. Сол кезде ғана аңғардым, бойы екі метрге жуық, нағыз патшаға лайық келбеті бар жан екен.

Қоштасар сәтте тақ мұрагері елеусіздеу ым қаққандай болып еді, әлекедей  жаланған  көмекшілері  қара  қыжымға алтынмен апталып Құран сүресі жазылған қисуаның бір бөлігін әкелді. Ханзада бұл қисуа бір жыл бойы күллі мұсылман дүниесінің бас киесі саналатын Меккенің әл-Харам мешітіндегі  қасиетті  Қағбаның  жамылғысы  болғанын айтып,  оны  маған сыйға  тартатынын жеткізді.  Қуаныштан  басым  айналған мен екі қолыммен бірдей тақ мұрагерінің қолын алып, протоколдық шектеулікті жиып қойып, қисуаға маңдайымды тигіздім» деп жазады Мұхтар  ҚҰЛ-МҰХАММЕД Асылзада атты мақаласында.

 

Қасиетті тәбәрікті сыйға алған келесі азамат  «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясының президенті  Әбдіқалық Амангелді  ЕРЕНҒАЙЫПҰЛЫ мұсылмандарды  Қасиетті Қағбаға бастап апарып жүргелі  жиырмадан астам ға  жыл болды. Қасиетті Қағбаға кіріп, онда екі мәрте намаз оқып, дұға тілеу құрметіне ие болған, Біріккен Ұлттар Ұйымы кеңесінің (UNCOPA) шешімі бойынша  «Қоғам алдындағы еңбегі үшін» халықаралық алтын медалімен марапатталып, «Бейбітшілік миссиясының елшісі» атағын алған біртуар азамат тоғыз  мыңнан астам қажыларымызға жетекшілік еткен. Амангелді бауырымыз тәуелсіз елімізде алғаш рет  қажылық компаниясын ұйымдастырған топбасшыларының бірі.  Өзі басқаратын компанияның сапарлары Мекке-Мәдинадағы үлкен қажылықты қамтиды.  Умра – кіші қажылық бойынша жыл бойына  қызмет етеді.

Меккенің есігінде 43-жыл тұрған алтын құлып Амангелдіге бұйырды деген хабармен сүйіншілейміз. Амангелдінің қолында Арабия корольдігі бектіткен «сетификат»-меншік иесі хаты да бар.

 

 

 

 

 

 

Ендігі сөз «Мәймүбаракты» да көргендер туралы болмақ.

Сайыпназар ахун ӨТЕНҰЛЫ (1810-1873 ж.ж.) кезінде «мусанниф» деген атақ алған. Сайыпназар ахун бұрынғы Сырдария ауданының «Иіркөл» деген көлінің маңында «Қыстау мешіт» және «Жайлау мешіт» деп аталатын мешіт-медресе кешенін салдырған. Аталмыш «Қыстау мешітінде» су-кәріз жүйелері бар, 500-ден астам адам сиятын намазжайы бар мешіт, 300 балалық медресе, құжыра, кітапхана, дәретжай, жан-жағы қоршалған аула ортасында желмен су көтеретін қыш шегенді құдық, диірмен, асхана, астық пен азық-түлік сақтайтын қойма және жұмыс адамдары үшін 11 бөлмелі үй орналасқан.

Сайыпназар ахун ғұлама ғалымдығымен қатар айтарлықтай ақындығы бар, шығармашылық адамы болған. Оның «Әзіреті Әлі», «Мұхаммед Ханафия», «Қожа Ахмет Иассауи» дастандары мен араб, парсы және түрік тілдерінен қазақшаға аударылған көптеген ғылыми және әдеби шығармалары бар.

Сайыпназар ахунның үлкен баласы Әбдісадық ишан (1848-1888 ж.ж.) Бұхара қаласындағы «Көкалташ» медресесінде білім алған. Меккеге қажылыққа үшінші рет барғанда Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) ең соңғы екі тал қасиетті сақалы – «Мәймүбаракты» және алтын дәспіні алуға қол жеткізген. «Мәймүбаракты» көрген адам Мұхаммед пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уәсәлләм) жүзін көргенмен бірдей болып есептеледі екен. Өкінішке орай, осы баға жетпес қасиетті жәдігерлерді елге қайтып келе жатқан жолда Әбдісадық ишан ұрлатып алады. (Құрбанқожа Смағұлұлы).

Ислам әлемі үшін қастерлі де асыл құндылық саналатын Пайғамбардың сақал шәрифі Атбасар өңірінен табылған еді. Өз бабаларынан аманаттап, көздің қарашығындай сақтап келген 85 жастағы Фәтима әжеміз сол кездегі Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлына тапсырған еді.

Мүбәрак бір тал қара сақалдың пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) тән екенін айғақтайтын арнайы 8 мөр басылған тарихи құжаты да бар. Онда: «Мұхаммед пайғамбардың бір тал сақалы 1956 жылдың 12 қыркүйегінде Меккеге жиналған мұсылман қауымының қатысуымен Шейх Ахмаддинге берілген болатын. Мен бұл мүбәрак сақалды 1921 жылы март айында Иуртеке қажыдан алдым. Алған адамның аты – Бөкей қажы Сандыбайұлы. Бөкей қажы қайтыс болғаннан кейін оның ұлы Әбдібек алды. Бөкей қажының қайтыс болған жылы 1924 жылдың ақпан айы», – делінген. Діни басқарманың ғалымдары осы құжатты қазақ және орыс тілдеріне аударған екен. Сауд Арабиясының бір топ сарапшылары да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сақалы екенін растапты. Бір тал сақал шыны ыдыстың ішіне сақталып, екі жағы күміспен күптелген. Ұзындығы 3 сантиметрді құрайды

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button