Ғақлиат

15-бап. Күндеушілік раялықтан тыйылмақ баяны

Қаулуһу тағала: «Уммән мәрре әсідінызә әсәт» деді хазіреті Расул Мұстафа саллалаһу әлейһесалам рауаят қылды. Әбділла ибн Аббас рази аллаһу әнһу айтты: «14 кісі 14 түрлі істеген істерінің себебінен тозаққа барғайлар: 1) саудагерлер намаз оқымай, өтірік сөйлегендер. 2) байлар тәкапарлық қылса. 3) ғалымдар риялық көз бояушылық қылса. 4) дәруіштер бергенге қанағат қылмаса. 5) күндеушілік қылса, зинақорлар зина қылса, арақ боза ішсе, өтіріктен ант ішушілер һәм ата анасына азап қылушылар тәубе қылып тәубесін бұзса, намаз оқымаса, бірін екі ғып жесе, өтіріктен аманатқа қиянат қылса және Расул саллалаһу әлейһесалам айтты: «Үш түрлі кісінің дұғасы қабыл болмас: 1) харам жеуші. 2) ғайбат қылушы енді әр амалды қылсаңыз Құдай тағала дәргәһінда қабыл болса деп қылыңдар, қиямет күнінде қайғыланып, біздің қылған амалдарымыз қайда кетті деп қатты ауазбен айқайлап жыламағайсыздар. Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу айтар: «Расулулла саллаллаһу әлейһесалам айтты: «бір кісілер намаз оқиды, ораза тұтады, лекін145 ықыласы болмаса сауабы жоқ болады». Расул аллаһу айтты: «ықыласымен амал қылған пенделерді періштелер пейіш кісілері деп жазар», Құранда хабар берді: «қаулуһу тағала: инналлаһа лә йәзлиму мисқалә зәррәтин уәин тәку хәсәнәтәй йудаъифһә уәйути милләдунһу әжрән ъәзиимә146» (Негізінен Алла тағала тозаң түйірінің салмағындай да әділсіздік етпейді. Егер бір жақсылық болса, оны неше есе арттырады әрі өз жанынан да ірі сыйлық береді) деді.

Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу рауаят қылды, қиямет күні есеп алуға пендені келтіргейлер, ол пенде өмірі Құран оқушы кісі болғай, одан сұрайды: «Дүниеде не амал қылдың?» деп, ол айтар «Е, бар Құдайа, сіз жақсырақ білерсіз, мен күні түні Құранменен машғұл147 болдым» дегей. Пәрмен келгей: «Е, пендем, рас, шын айтасыз, бірақ кеуліңде Құран оқушы қари деп айтсын деп оқыдың» дер және бір пендені келтіргейлер, одан сұрайды: «не амал қылдың?» деп, ол айтар: «Құдайдың ырзалығы үшін ұрыс, соғыс қылдым» дер. Алла тағала айтар: «Өтірік айтасыз, мені батыр, палуан екен деп айтсын дедіңіз» және бір бай кісіні шақырар. Хақ тағала оған айтты: «Мен саған көп мал бердім, сен оны не қылдың?» дер. Бай пенде айтар: «Сенің ырзалығың үшін 145 Лекін – бірақ

146 «ан Ниса» сүресі, 40-аят

147 Машғұл болу /а/ – айналысу_ қайыр, садақа қылдым» дер, Хақ тағаладан нида келгей: «Өтірік айтасыз, сенің мақсатың мұндай еді, кісілер мені жақсы, бай деп айтсын деп бердің, садақаны өзіңе ұқсаған бай кісіге бердің қошеметке, кедей, міскінге бермедің, олардың хақысы сенің мойныңда қалды» дегей және бір адамды келтірер: «Дүниеде не іс қылдың?» дер, ол айтады: «Дүниеде көп бейнет, машақат тарттым, хаж қылдым» дегей. Хақ тағала айтар: «Сен бәленше қажы екен деп айтсын деп хаж қылдың» және бір адамды келтірер, сұрар: «Сен дүниеде не іс қылдың?» деп, ол айтар: «Қаншама ол дүниеде өмір бердің, күндіз ораза тұттым, түнді үшке бөлдім, бір уақытында Құран оқыдым, бір уақытында тәсбих, тәһлил148 айттым, бір уақытында намаз оқыдым және де мыңдаған алтын садақа қылдым» дер. Хақ тағала айтар: «Бұл істеріңнен дәме қылмағыл, менің үшін қылмадың» дер. Ол пендені тозаққа апарғай. Алла жәлил149: «Ей, пенде, қайтқыл» дегей. Ол пенде қуанып қайтқай. Ол айтар: «Е, бар Құдайа, мұнша қылған істерімді қабыл қылмадың, енді не себеппен жарылқадың?» дегей. Хақ тағала айтар: «Ей, пенде, бір күні ораза кезінде кеселдендің, дос кісілерің халіңді білгісі келді уа шәрбат сусын берділер, сен оны ішпедің, кесел болсаң да оразаңды бұзып, ашпадың. Олар кетті, су сұрап іштің, оразаң көз бояушылықпен рия150 қылдың. Сен бір уақытта Құран оқушы едің, бір кісі келді, даусыңды сен бәләнт151 қылып оқыдың. Ол кісі Құран оқығыш екен деп айтсын дедің. Ол ісің де рия болды және бір жерге барғанда намаз соңында екі рәкат намаз оқыдың, бұл кісі нәпіл намаз оқиды екен деп айтсын дедің, оның да рия болды және бір мәртебе мәжілісте отырып едің диуана келді. Халық азды-көпті тапқандарын берді, сен бір алтын теңге бердің, мұндай сакй кісі жоқ екен деп айтсын дедің, бұныңда рия болды. Ол пенде айтар: «Ей, Хақ пәруардәгар, не себептен жарылқадың?», нида келгей: «Ей, пенде, бір күні намаз оқып, хұтба қылуға отырып

148 Тәһлил /а/ – мадақтау

149 Жәлил /а/ – ұлы, зор

150Рия – көзбояушылық

151 Бәләнт /п/ – жоғары

едің бір нәресте бала бірге оқыды және бір ретте жолда бір тас яки бір ағаш бар еді, бір мұсылманға аяғына зиян болмасын деп алып тастадың, ол екеуі риясыз амал болды, сол себептен жарылқадым» дер. «Ей, мұсылман, істеген амалдарыңды риясыз істеңіздер. Бір Алланың ырзалығы үшін қылыңыз. Илләһи Мұхаммед Мұстафа саллалаһу әлейһесалам үмметіне тауфиқ уа һидаят беріп, түрлі жаман пейіл көзбояушылықтан сақатағайсыз аумин рәббіл аламин.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button