Ясауи мұрасы

Яссауия ағымының муршиді Қожа Ахмет Яссауи

Камилхан КАТТАЕВ

СЕЙІТ АТА МЕН ЯССАУИ АҒЫМЫ МУРШИДТЕРІНІҢ ТАРИХЫ

(Монография)

ЕКІНШІ БӨЛІМ

ЯССАУИЯ АҒЫМЫНЫҢ МУРШИДІ  ҚОЖА АХМЕТ ЯССАУИ

Оның есімі Қожа Ахмет, ал бүркеншік аты: Яссауи, Құл Қожа Ахмет, Құл Ахмет. Туған жері Яссы қаласы. Бұл ұлы мәртебелі Яссауия-султония дәуірінің негізін қалаушы болды, ал Орта Азия мистицизмінің құрамдас тіректерінің бірі Хазрати Қожа Юсуф Хамадонийдің (1140 ж. қайтыс болған) үшінші халифасы. «Хожа Аҳмади Яссавий мақомоти» кітабын жазған Данышпан сопы және  «Нихоя» кітабына пікір жазған авторлардың бірі Имом Сағноқийдің айтуынша, басқа тараптан Әзірет Қожаның тегі болған Шайх Шахобиддин Сухравердий-Сиддиқийға жалғасады екен.

Жас кезінде шәкірт бала осы дәуірдің ізашарларының бірі болған Арыстан бабқа шәкірт болады және оның өсиеттері бойынша Бұқараға барып, Қожа Юсуф Хамаданидің қызметінде болады. Данышпан сопының «Манокиб» кітабынан белгілі болғандай, Хазірет Яссауи тәрбиені Қызырдан алған. Ғұлама Абдурахмон Жомидің «Нафахотул-унс» шығармасында Қожа Джахан-Абдулхалық Ғиждуванда құпия тәрізде зікір айтуды Қызырдан алғанын жазады. Бірақ Әзіреті Яссауиге де ұстазы Әзіреті Қамодоний тарапынан жахрий зікір айту бұйырылған.

Әзіреті Қожа Ахмет Яссауи түрік сазгерлерінің султонул-орифини және рухани әкесі болып табылады. Сол себептен кейбір деректерде ол кісіні «Яссауй ата деп те атайды», ізбасарлары мен қолшоқпарларын да «ата» қосымшасымен атай бастаған. Әзіреттің туған жері «Яссы» (қазіргі Түркістан) қаласы.

Әзірет Хамодоний 4 халифаны тәрбиелеген. Олар: Қожа Абдулла Баркий, Қожа Хасаний Андоқий, Қожа Ахмет Яссауи, Қожа Абдулхалық Ғиждуваний «Қандия» және «Рашахоти айнул-хаят» кітабында келтірілгендей, Әзіреті Хамадонийдің өлімінен соң  шәкірттері бірінен кейін бірі Иршод масхабына өтіп кетеді.

Әзірет Қожа Ахмет Яссауиге кезек келгенде, ол Бұқара халқын дауат етумен шұғылданады. Біраз уақыт өткен соң Әзірет Яссауиге көктен белгі келеді. Ол өзіне табын болған барлық жамағатты және муридтерді Әзірет Қожа Абдулхалық Ғиждуванийге тапсырып, өзі Түркістанға сапарға шығады.

Насриддин төре ал-Ханафий ал-Хусайний ал-Бухорийдің  «Тухватуз-зоирин» шығармасында көрсетілгендей, Әзірет Қожа Ахмет Яссауи Яссауи ағымы үйінен 30 дін тарқатушылар шығады. Бірақ Әзірет Қожаның 4 әйгілі халифалары болған. Олар: Мансур ата, Сейіт ата, Сүлеймен ата, Хаким ата. Бірақ Әзірет сұлтанул-орифин Яссауидің 99 мың жетілген мурид ізбасарлары болған еді.

Кімде-кім түрік машайхтарының ауыр ахуалдарынан хабар тапқысы келсе, жоғарыда аталған шығармалардан тыс, Насириддин әл-Ханафи әл-Хусайни әл-Бухарийдің «Канзул-атақия» деп аталатын шығармасын  көңіл бөлсін.

Әзірет Қожа Ахмет Яссауи 562/1166 жылы Яссы (Түркістан) қаласында қайтыс болған, оның қабіріне Ұлы Әмір Темір тарапынан үлкен кесене тұрғызылған.

Хазірет Яссауи халифалары

Басқа ғұламалар көшбасшылары сияқты Әзірет Қожа Ахмет Яссауидің 4 халифасы болған. Олар – Мансұр ата, Саид ата, Сүлейман ата, Хәкім ата.

Осы халифалар туралы көптеген көне шығармалар мәлімет береді, сонлай-ақ Абдурахман Жомийдің «Нафахотул-унс» Али ас-Сафидің «Рашохоти айн ул хает», Әлім шейх Азизонның «Ламаҳот мин нафаҳотлқудс», Мақсуд ибн Носириддин Бухорийдің «Равойиҳ улқудс», Носириддин тура Бухорийдің «Тухфат уз-зоъирин», осы шығармалардың барлығында Яссауи ағымының түрлі дәуірлерде осы халифалар тарихы кейде толық, кейде қысқа тілге алынады. Бұдан басқа және 19 ғасырдың соңынан бастап түрлі өлкелерде басылған литографик кітаптар да болып, көбінесе жоғарыда келтілген көне деректер пайдаланылған.

БІРІНШІ ХАЛИФА – МАНСУР АТА

Ол Қожа Ахмет Яссауидің бірінші халифасы, Арыстанбабтың перзенті еді. Ол дүниелік және рухтық білімдер иегесі еді. Жас кезінде алғашқы тәрбиені әкесі – Баб Арыстаннан алған. Әкесі қайтыс болған соң, оның өсиеті бойынша Қожа Ахмет Яссауиге шәкірт болып түсіп, кемелдікке қол жеткізеді. Ол 597/1197 жылы қайтыс болады.

АБДУЛМАЛИК ҚОЖА

Ол Мансұр атаның тұнғыш перзенті. Әкесінің өлімінен соң, оның орнына орынбасар-халифа болады. Тәліптерге ағым жолында иршод беруші, салықтар тәрбиесімен шұғылданып, қайтыс болғанға дейін қызмет етеді.

ТОЖ ҚОЖА

Ол Абдумалик Қожаның перзенті болып, Зеңгі ататын әкесі еді. Ол халықты ағымда таза жолға бастайды. Дәуір шығармаларында халифалардан тыс Абдулмалик Қожа және оның ұлы Тож Қожаның ескерілуі, олардың Зеңгі ата арқылы баяндалады. Себебі Қожа Ахмет Яссауи негізін қалаған Яссауи ағымы танымал ағым болып, «Шариф сулики дәуірі» (яғни, Яссауия джахрия сұлтандығы). Әсіресе Зеңгі атаға байланысты алтын шанжыр арқылы танымал болған.

ЕКІНШІ ХАЛИФА – САЪИД АТА

Али ас-Сафидің «Рашохоти айн ул хает» шығармасында жазылғандай, ол Қожа Ахмет Яссауидің екінші халифасы болып, пірінің нұсқауы бойынша муридтер тәрбиесімен шұғылданған. Жалпы деректерде бұл тұлға мағлұматтар өте кең.

ҮШІНШІ ХАЛИФА – СҮЛЕЙМЕН АТА

Хазірет Қожа Ахмет Яссауидің үшінші халифасы болып, түркі тілдес ғұламалардан еді. Оның асыл сөздері дәруіштердің тұрмыстық сипаты туралы көп нақыл сөздер айтылған және Түркістанда өте танымал болған.

ТӨРТІНШІ ХАЛИФА – ХӘКІМ АТА

Хазірет Қожа Ахмет Яссауидің төртінші халифасы болып түркі тілде мыңдаған нақыл сөздер айтқан және бұл сөздер халық арасында кең таралған.

«Ламаҳот мин нафаҳотл-қудс» кітабында айтылғандай, Әзірет Хакім ата шариғат ілімінде 30 мыңға жақын, ағым барысында 30 мың ақиқат пен нақыл сөздер айтқан екен. Дәуір шарифы ол тұлғамен тығыз байланысты болған.

Дереккөздер анықтауы бойынша, Хәкім ата әрдайм пірі Қожа Ахмет Яссауидің қасында жүретін еді. Күндердің бірінде ойынан мынандай ой өтеді «Көпшілік халық Иршады мәртебесіне ие болады, бұл тұлға ол мәртебеге жете алмады». Бұл султонул-орифин Қожа Ахмет Яссауиге аян болды, ол сол мезетте «Менің қалауым, біз көзіміздің тірісінде бірге болсақ, өлімнен кейін бір жерге жерленсек екен, енді сізге рұқсат еттік және халифалыққа қабылдандық. Сіз Хорезм еліне барып тәліптерді тәрбие етіңіз».

Хәкім ата түйеге мініп, сапарға шығады және Хорезм еліне келеді. Хорзм елі патшасы оны сынап көрмекші болады. Сол сынақта бір шейх қолын шөп-таяқ алып, Хәкім атаның таяқтап, тұрғызбақшы болады, сол кезде бірден оның қолы сал болып қалады. Патша бұны көріп Хәкім атаны сынағаны үшін кешірім сұрайды. Оған өзінің қызы Анбар ананы некелеп береді. Олардың некесіне Хубий Қожа туылады.

Хубий Қожа ер жеткен соң одан ерекше қасиеттер пайда болады. Сонымен қатар аз уақыт ішінде ұзақ шақырымдарды басып өтеді. Хәкім ата бір күні Анбар анға былай дейді: «Сенің ұлың Хубий Қожа жақсы ма немесе менің ұлым-муридім Зеңгі ата ма?», сол кезде Зеңгі ата Ташкентте, ал Хубий Қожа Түркімен жерінде болған екен. Сол жерде Хәкім ата «Әй, Зеңгі деп шақырады» Зеңгі ата сол мезетте пайда болады. Анбар ана 3 рет шақырғаннан соң Хубий Қожа келеді.

Айтуларынша, бір саудагер Хәкім атаның алдына келіп, үлкен сыйлық қойып, былай деді: «Бұл Хубий қожа әзіретіне сыйға тартылды, біздің кемеміз шөгіп кетіп бара жатқанда, біз ол кісіге садақа сыйлық атап едік және аман қалдық». Хәкім ата Хубий Қожаны алдына шақырып, садақа туралы сұрайды. Ол былай дейді: «Бұл кеменің ішіндегілер менен жәрдем сұрады, олар жіпті дарияға лақтырып және оларға жәрдем бердім», осыны естіген Хәкім ата былай дейді: «Екі қошқардың басы бір қазандай қайнамайды». Бұған жауап ретінде Хубий Қожа былай дейді: «Мүйізін сындарса қайнайды». Содан соң ол әкесінің алдынан шығып, ол туралы ешкім мәлімей ала алмайды.

«Рашахоти айнул хаят» кітабында айтылғандай, бұл хикметтер «Фавоиди анфос» айналымда атақты болған. Ол адамның атақты философиялық хикметтерінің бірі мынау еді:

«Кімді көрсең қызыр деп біл»

«Түнді көрсең – қадір біл».

Аудармасы:

Кез-келген адамды құрметтеп, қыдыр деп қабылда,

Кез-келген күнді шүкір көріп, қадір түні деп қабылда.

Яғни, өмірде сұхбатта әрбір адамды өзіңнен биік көріп, мырза бол және әрбір күнді шүкір деп қадір біліп, бекерге өткізбе деген мағынада.

Бұл хикметтер мен Әзірет Хәкім ата адамдарды бір-біріне мейірімді болуға және әрбір өткен күнді бекер өткізбей, халыққа қызмет етіп, еңбек етіп пайдалы түрде өткізуге шақырды.

Ирак шейхтері  Хуросон ғұламалардан 1 қиын сұраққа жауап сұрайды. Хуросон шейхтері өз кезегінде жахрия ағымы шейхтерінен осы сұраққа жауап сұрайды. Ағымның белсенділері Хәкім атаның мына хикметтерін жауап ретінде жолдайды:

Барлығы жақсы, біз жаман

Барлығы бидай, біз сабан.

Ирак шейхтері бұл жауаптарды қабыл етті, себебі бұл жауапты ғұламалар сыпайылық деп пікір таласқан.

Әзірет Хәкім ата пірі Әзірет Қожа Ахмет Яссауидің нұсқауымен Хорезм еліне барып, халықты ағым бағытында қалыптастырды. 1191 жылы сол жердегі Аққорған елді-мекенінде қайтыс болды.

ДАНЫШПАН СОПЫ

Бұл кісі Қожа Ахмет Яссауидің ізбасар шәкірттерінен болып, өзінің пірі туралы алғашқы «мақомат» (қолжазба) жазған. Өте данышпан, өте шариатшыл және тақуа болғаны үшін, оның лақап аты «Данышпан» өлімінен соң Яссының Отырар елді-мекенінде Баб Арыстан қабірі жерленген. Көптеген қолжазбаларда және басылған кітптарда еліміздің ғалымдары оны Яссауидің үшінші халифасы деп жазуда. Бұл шындықпен жанаспайды.

ЗЕҢГІ АТА

Бұл құрметті адам Ташкент (Шаш) қаласында туылып, сол жерде қайтыс болған. Әзірет Хәкім атаның алғашқы халифараның бірі еді және ол Зеңгі баба деп те аталды. Сол үшін ол Зеңгі деп аталуының себебі денесі және беті қарадан келген кісі болған еді. «Тухфатуз-зоъирин» (авторы Носириддин Бухори) кітабы бойынша Зеңгі атаның тегі: Зеңгі ата ибн Тожхожа ибн Абдулмаликқожа ибн Боб Арслан.

«Рашахоти айнул-Хаят» және «Ламахот мин нафахотулкудс» шығармаларында келтірілгендей, Зеңгі атаның пірі Хәкім атаның Анбар ана есімді әйелі болған, бір күні Хәкім атаның қарадан келген өңіне өкініші пайда болады.

Хәкім ата оның бұл ойын сезіп қояды да, былай дейді: «Жақын арада менен де қара адамға кез боласың дейді». Көп ұзамай Хәкім ата дүниеден өтеді, шәкірті Зеңгі ата жесір қалған әйелді өзімен некелесу мақсатында жаушы жібереді. Анбар ана Зеңгі атамен некелесуді өзіне ар көреді, келісімін бермейді. Сол күннен бастап оның басы төмен қарай қисайып қалады. Сонда Зеңгі ата елші арқылы былай дейді: «Есіңде болса сен Хәкім атаның жүзінің қара екенін айптағаныңда, Хәкім ата жақында менен де қара адамға кез боласың» деген еді. Елші келіп бұл сөздерді Анбар анаға жеткізеді. Анбар ана Хәкім атаның болжамын есіне алып, жылайды және некеге келісім береді. Дәл сол күні әйелдің басы жайына келеді. Және бір нақылда айтылғандай, Әзірет шейх Нажимиддин Кубро Әзіреті Зеңгі атағы дәуірлес болған. Өзінің аса таяғы мен жайнамазын сыйға тартқан. Зеңгі ата 1258 жылы қайтыс болған. Оның 4 халифасы болған: Ұзын Хасан ата, Сейіт ата, Садр ата және Бадр ата.

ҰЗЫН ХАСАН АТА

«Ламаҳот мин нафаҳотул-қудс»-да Ұзын Хасан атаның есімі тағы да Усуллик Хасан ата аты арқылы әйгілі болған. Ол мәртебелі кісі Зеңгі 4 халифасының алғашсы еді.

Алым Шейх Азизонның нақылы бойынша Ұзын Хасан ата, Сейіт ата, Садр ата мен Бадр аталар Бұқарада бір үйде тұрып дәріс оқыған. Бұлардың барлығы әлемдік ілімді аяқтап, рұхтық ілім талабында үй-жайларын тастап, Түркістанға жол алады. Ташкенттің маңындағы бір шөлдеп өтіп бара жатады.

Еріндері түйенің ерінніндей түйекешті көреді. Бұл Зеңгі ата еді. Отбасын бағу мақсатында ол Ташкент халқының падасын бағатын еді. Бамдат намазынан кейін зікірмен және жахрмен айналысатын еді. Бағып жүрген малы ешқайда жайылып кетпей, айналасында жүреді екен.

Тәліп білімділері атаның алдына келіп қараса, бір жалаңаяқ шөл тікендерін арқанға байлап жүр екен, аяғына бір тікен кірмейді. Таң қалып, ол кісінің алдына келіп сәлем береді. Ата сәлемін қабыл алып, былай дейді: «Сіздер бұл өңірден емессіздер, кімсіздер және қайдан келесіздер?»  – дейді.

Келгендер: «Тәліп білімпаздарымыз. Бұқарада оқып жүрген едік. Кенеттен біздің жанымыз бұл ілімдерден зерікті және басқа жолдағы ағымға кіру ниеті пайда болды. Ақиқат іздеп жолға шықтық, ақиқат иісі бізге де ашылса. Әр тарапқа жүріп, кәміл муршид іздерміз, тапсақ одан көп нәрселерді үйренуге ниеттіміз. Одан соң ғажайып күш дәрежесіне жетсек».

Ата былай деді: «Олай болса мен бір иіскеп көрейінші, содан соң муршидке барар жолды корсетермін». Ата төрт жаққа қарап, 4 тарапты иіскеп былай деді: «Төрт тараптан иіс алдым, бірақ өзімнен басқа муршидті сіздер үшін таба алмадым. Енді мен қателеріңді тазалап, сіздерді хаққа жеткіземін»  – деді.

Ұзын Хасан ата мен Садр ата сөздерін қабылдап, осы қара адамға өзінің нұрын аманат еткен деді.

Сейіт ата мен Бадр аталардың жүрегінде қарсылық пайда болды. Сейіт ата ойланып, мен әлемнің Сейіті болсам, енді осы қара падашыға басымды иемін бе деп менсінбеді? Бадр ата да солай ойлады, бұл түйеші неге талаптанып жатыр?

Бірақ Зеңгі ата осы төртеуінің көңілін пайымдап, өзіне қарай бұрады.  Осы 4 адамнан біріншісі болып Иршадқа еріскен Ұзын Хасан ата еді.

Ұзын Хасан ата битиний ілімнен тысқары жүниежүзілік ілім заманында да үздік және алдыңғы болғаны үшін, «Әдіскер ата» лақап атын алған еді. Осы муршид пірдің қабірі Түркістанға жақын жерде Сайхун (Cырдария) өзені жағалауындағы Узунада деген елді-мекен еді.

СЕЙІТ АТА

Осы кітаптың жазылуына себепші болған мәртебелі ол тұлға Зеңгі атаның екінші халифасы болып, зікірлері алдыңғы бөлімдерде берілді. Айтып кету қажет, егер Яссауия-жахрия ағымы сулуки арбаптары Зеңгі атаның үшінші халифасы Садр ата арқылы танылған болса да, Яссауи ағымының ондап, бәлкім жүздеп әйгілі арбаттары арасында Сейіт ата бармақпен санаулы ұлы арбаптардың бірі ретінде танылған. Яссауия-султания ұрпағы дәуірінің жалғастырушысы болған.

ИСМАИЛ АТА

Бұл адам Сейіт атаның жақын адамы және ең ұлы халифасы еді. Исмаил ата туылған кезде әкесі нәрестені Хасан ата алдына апарып дуа сұрағанда, Ұзын Хасан ата баланың аузына түкіріп қойған, берекеттің барлығы содан бастау алған.

Исмаил ата Сайрам мен Ташкент ортасында орналасқын Хузен елді-мекенінде өмір сүрген. Адамдар оның арқасынан ғайбат және өсек айтса, ата оған ренжімеген – молдалар менің сабыным мен наным деген екен. Накшбандия ағымының ұлы арбабы «Екінші Нақшбанд» лақап атын алған Әзірет Қожа Ахрори Уали Исмаил атаның бұл сөдерін жақсылықпен еске ала отырып, былай деді: «Адамдар бастапқыда Исмаил атаға қарсы пікірлер білдіреді екен, бұған жауап берген Исмаил ата – мен олардың сөздеріне көңіл бөлмеймін, асын бердім, даңғарасын қағармын».

Яғни, ол мәртебелі адамның көркем фәлсафа сөздерінен мынаны түсінуге болады: «Күн ысығанда сая бол, суықта тон бол, аштықта нан бол».

Исмаил ата бақилық болған соң, өз елінде Хузен елді-мекенінде әкесінің қасында жерленген. Замандар келіп, Әмір Темір сайыпқыран Исмаил атаның мазарының үстіне үлкен кесене құрдырған.

Исмаил атаның Исхақ ата есімді ұлы болған. Ол Сейіт атаның ұлына халифа еді. Исхақ ата да әкесі сияқты жетік болған, Ташкент және Сайрам ортасындағы Исфиджаб қаласында қайтыс болғанға дейін қызмет еткен.

САДР АТА

Бұл мәртебелі Зеңгі атаның үшінші халифасы болып, өзінің шын аты Мавлоно Садриддин еді. Оның тегі Әзреті Али атаның ұрпағы еді. «Музаккирул-аҳбоб» кітабының авторы Хасан Қожа Нисорий өз тегін Садр атаға жеткізеді және Садр атаны Зеңгі атаның перзенті деп айтады.

Яссауия-жахия дәуірі арбаптары Садр ата арқылы байланысады. Муршид Зеңгі ата дер кезінде ерік-жігерлі болды және қызметіне сәйкес қалыптасып ұлы муршидке айналды.Дереккөздерге сәйкес, ол мәртебелі тұлға өмірден өткен соң Ортасарай деген жерде, Ташкенттен 24 км ұзақ жерде жерленген.

БАДР АТА

Жоғарыдағы бөлімдерді айтқанымыздай төрт толип ілімі – Ұзын Хасан ата, Сейіт ата, Садр ата және Бадр ата дүние ілімдерін бағындырған соң, сопылық ағымы ілімдерін де үйрену ниетінде пір іздеп, Зеңгі атаға кездеседі және пір іздеп жүргендерін айтады. Сонда Зеңгі ата оларға пір тауып беруге көмек беретінін айтады. Ата былай деді: «Олай болса мен бір иіскеп көрейінші, содан соң муршидке барар жолды корсетермін». Ата төрт жаққа қарап, 4 тарапты иіскеп былай деді: «Төрт тараптан иіс алдым, бірақ өзімнен басқа муршидті сіздер үшін таба алмадым. Енді мен қателеріңді тазалап, сіздерді хаққа жеткіземін» деді. Құрлықтың барлық жерлерінен муршид іздедім, бірақ сендердің қателеріңді жөндеп кемел дәрежеге жеткізетін өзімен басқа адамды таба алмадым.

Зеңгі атаның бұл сөздерін естіген Хасан ата мен Садр аталар сол мезетте ақ күш жігерлі болуға келісті. Бірақ Сейіт ата мен Бадр ата жүрегінде қарсылық пайда болады. Біз Сейіт ата ойланып, мен әлемнің Сейіті және кемелі болсақ, енді осы қара падашыға басымды иемін бе деп менсінбеді? Бадр ата да ойлады, бұл түйеші неге талаптанып жатыр? – деп. Керемет күш пайда болып, олардың ойларын Зеңгі атағы аян қылады. Сондықтан Зеңгі ата оларды бірнеше жыл бойы, екеуінің күмәнді ойлары жоқ болғанша тәрбиелейді. Тез арада күш-жігерге бет бұрған Ұзын Хасан ата мен Садр ата иршад құқығын алады.

Бірақ Зеңгі ата осы төртеуінің көңілін пайымдап, өзіне қарай бұрады.  Осы 4 адамнан біріншісі болып Иршадқа еріскен Ұзын Хасан ата еді.

Сондықтан мистицизмде шежіре, байлық пен мемлекет ескерілмейді, тек дінді дамыту, қызмет көрсету және халықтың мүддесі үшін жасалған дұғалар сияқты тәжірибелер ғана ескеріледі. Сопылық адамдар Замири ислам дініндегі тәкаппар нәпсіқұмарлардың рационындағы ең тақуа тап болып саналады, ол өзінің қасиеттерімен қарапайым халыққа үлгі болды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

28 бет

 

ҮШІНШІ БӨЛІМ

 

СЕЙІТ АТА ЖӘНЕ ӘУЛЕТІ ТУРАЛЫ

 

Сейіт атаның ұрпақтары, басқа да ірі ұрпақтар сияқты, біздің еліміздің Мәуренахр жерінде үлкен орынға ие болды. Төменде тағы да көреміз, көптеген билеуші әулеттер мезгіл-мезгіл осы таптың өкілдерін нақыптық және елшілік дәрежесімен сипаттағанын, мұны шынайы дереккөздер ұсынады.

Таныш Хафыздың «Абдулланома» («Әскерді ұлықтау») кітабында Шайбани ханның билігі кезіндегі сарай қызметкері сейіташаның ұрпағы туралы айтылады: «Шах Исмаил Шайбани ханды шейіт етіп, сарбаздарын ұстағаннан кейін, құлдық Архоны Герат сарайының күмбезіне оқ жаудырды. Мирзо Бабырдың туысы хонзода Бегімді шахид Хан (Шайбани хан) ажырасып, Сайидтің ұрпақтарының біріне қалыңдыққа берген».

Профессор А.Семенов болса Шайбани хан ханзада бегімді өзіне сенімді деп есептеген және Сейітата әулетінде дүниеге келген Сейіт Жаъфар Қожаға әйелдікке берген болса керек деп пікір білдіріп, жеке тұлғаның атын анықтайды.

Бұл жөнінде профессор Б.Ахмедовтың «Өзбектер ұлысы» кітабында былай жазылған: «1503 жылдың көктемінде Шайбани хан тарапынан Балхқа, Бадиузамон мырзаның құзырына Сейіт Жаъфар Қожа есімді адам жіберілген».

Демек, Шайбани хан дәуірінде осы әулет уәкілі сыйлы болған, сонымен қатар кейбір мәселелерде елші қызметін де атқарған.

 

29 бет

 

Біз көне дереккөздерден алынған кейбір шежірелердің бірінде тұлға есімі келтірілсе, басқасында лақап аты келтірілген. Осыған орай бірімен-бірі есімдері шатастырылған. Кейбір шежірелерде кітап жазушылар тарапынан бір немесе екі тұлға қалып кеткен болса, басқа кітаптар мен құжаттарда бұл деректер толық келтірілгенін көреміз. Осындай жолмен шежірелер тіктеледі.

Жоғарыдағы бөлімдегілерде айтылғандай, Әзірет Сейіт атаның негізгі 2 ұлының аты кітапта келтірілген: тұңғыш перзенті – Сейіт Омар, екінші ұлы – Сейіт Абдулла Зарбахш. Сейіт атаның негізгі самараи-шажараи-тайибаси осы екінші ұлы Сейіт Абдулла Зарбахштан тарағанын деректерден көрінеді.

Тұңғыш ұлының сахих шежіресі табылмады.  Самарқандтың Ургут ауданынан бір әдебиет оқытушысы өзі үшін түзіп, бізге алып келіп көрсеткен «Сейіт ата шежіресі» деп аталған және «Сейіт Ибрахим ибн Имами Мусои Козим» деп аталған жазбаларында өзін Сейіт атаның Умархожа есімді ұлына 14 атамен жеткізген. Бұл қорытынды дұрыс емес болып, қарапайым шежірешілік ережесі бойынша, 800 жыл аднын өткен тарихи тұлғаға 15-ші ата болып жетуі өте кеңдік қылады. Себебі, салыстыру мақсатында Махмуди Аъзам Дахбеди және Шейх Құдайберді Уәлилер дәуірінен 475 жыл өткен болса да, олардың қазіргі орта жасы жас әулеттермен арғы аталарына 12-15 атамен жетіседі, бұл сахих шежірелерінде келтірілген. Жоғарыда келтірілген Ургут шежіресі 2 бара-бар артық дәуірде (яғни 800 жылда) 15 атамен шежірені түзіп жеткізу ақылға сыймайды. Сол себептен бұл шежіре кумәнды саналып, кітабымызға енгізілмеді. Біз үшін негізінен көне кітаптарда және кейбір сенімді құжаттарда келтірілген әулет тарихы нақты деп есептеледі.

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button