Жақыпқожа ұлы Абд ар-Рахман бабаның басына зиярат

Баба рухына тағзым
Сарғайса да тарихтың ақ парағы,
Есімің санамызда сақталады.
Ақ жүрек асыл баба нар тұлғаңыз,
Жадында ұрпағыңның жатталады!
Ұмыттырмай не түрлі ғасырға да,
Жасырды сүйегіңді жасыл дала.
Алланың рақым нұры түскені ғой,
Қауыштың ұрпағыңмен асыл баба!
Әбибулла Таразға барып бау егіп жүрген. Бір күні кешке үйге келді. Көңілі бір нәрсеге алаңдаулы секілді көрінді.
-Сәке, мен Таразға әр аптада барып жүремін. Бір күні Шақпақ асуына жетпей машина өшіп қалды. Ары-бері шұқылап кінарат таппадым. Аср уақыты еді. Дәрет алып намаз оқып келіп, машинаға отырып кілтті ашып едім машина от алып кетті. Осы уақиға үш рет қайталанды. Енді ол жерден өтсем алыстан Құран оқып келемін, машина өшпейді,- деді.
Ойланып отырып Сол маңда айдау жолдың шетінде жалғыз жеміс ағаш болуы керек. Сол жерлерге менің нағашы жұртымнан Абдарахман деген бір атамыз жерленген болуы керек дедім. Осы сөз елге жайылып Марат-Дәурен деген жігіттер іздеп келді. Ізденіс басталды, Ақыр түбі біздің бабамыз болып шықты.
С.Саттарұлы



