Атығай-Қарауыл руынан шыққан діни ағартушылар
Сәбит Естайұлы Ысқақов, өкетанушы, білім және ғылым саласының қайраткері
Көне дәуірлерден бастап алып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан сол әпсаналарға негіз болған қасиетті жерлерді халқымыз қашанда киелі санайды. Ұлтымыздың, еліміздің өткен, бертіндегі тарихында жұртының жақсы өмірі үшін күрескен дана ұлдарын айрықша жоғары бағалайды.
Атығай – Қарауыл Арғын тайпасының сансыз руының бірі болып табылады. Арғындарды: 5-мейрам және 7 сұпы деп атайды. Рудың қоныстары бірінші кезінде 15-ші және кейін екінші кезеңде 18 ғасырдың 20-жылдарынан бастап Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Ресейдің Төмен, Омбы, Қорған облыстарында тұрып жатқан жайы бар. Кейбір тарихи деректер бойынша ру тармақтары Сыр бойының Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан (қазіргі Түркістан) аймақтарында, Жамбыл облысының Шу аудандарында, одан басқа көрші Қырғыстандада баршылы.
Атығай-Қарауыл руынан XVII-XVIII-XIX ғ.ғ. орта жүз хандары Әбілмамбет, Абылай, Самеке, Уәли, Кеңесары кездерінде көп атақты тұлғалар шыққан: оның ішінде әскери қолбасшылар , батырлар, ханның кеңесшілері,билер, сұлтандар,ақын-жыраулар,т.б. елдің басқаруында жүрген адамдар бар болған. Ру басшысы Дәуіт бабамыз (қойған лақап аты Атығай) жобасы XV-XVI ғасырларда өмір сүрген. Бұқара шаһарында бек болған, бабамыз билік жүргізген басшы болған, сол төңіректің қай жерінде жерленгені белгісіз. Қосымша мәлімет: туған ұрпақтарына Өзбекстан төңіректерін зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет болып тұр.
Дәуіттен: Қалқас туған (шын есімі Қалмуханбет) батыр қолбасшы (менің он екінші бабам болып келеді), Бөкес, Сасық туған, қартайған шағында тоқал алып одан: Абыз, Сүгір, Назар, Ысты, Тоғанас батыр туған. Дәуіт бабаның ұрпақтары Бухара, Мәурранахр, Ташкент, Сыр өңірінде зор еңбегімен өте танымал болған. Тарихи деректер бойынша тектілі ру тарихы Әмір-Темір патшалығының кезінен басталады, атақты қолбасшы хан кеңесшісі, елшісі Қарақожа батыр болған, сөйтіп үзілмей батырлар-елшілер әулеті Құлеке Тәңірберді ұлы батырға дейін келіп тіреледі, ол XVIII ғасырда Абылай ханның кеңесшісі, серігі және елшісі (Ресей, Қытай,Жоңғария мемлекеттері арасында) болған. Ол біздің атақты алтыншы бабамыз Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің «Ақ сарайында» жерленген.
Кейінгі дәуірлерде 1595 жылы Тәуке хан өзіне Мәурранахрды бағындырады, ал 1598 жылы Буқараны, Содан кейін Дәуіт бабаның ұрпақтары оның әскерінде қызмет етіп, қызметіне ант береді. Сол жылдары билікке Есім хан келеді, ол сұлтандар мен бектерге зор уәкілеттікті ілестіріп береді. Есім хан тұсында 1603 жылы Бұқар-қазақ шайқасы басталып, 1624 жылы аяқталады (сол қырғын соғыста біраз қазақ халқы қырылады).Оның ішінде үш жүздің халқы, әсіресе қатты қиындық көргендер Қатаған, Қият, оның ішінде Атығай руы тағыда қазақ руларының адамдары болады.
Дәуіт бабаның ұрпақтары Бұқарадан, Ташкент, Қаратау бөктеріне, Сыр және Шу өзенінің бойына көшуге мәжбүр болады. Дәуіттің баласы Бөкестен Қарабатыр туған, одан Баба, Моныс. Моныстан Есенаман, Игісәт туады. Атығайдан Бағыс тағыда Құдайқұл, Жиез деген ұрпақтар туған.
1721-23 жылдары Ақтабан щұбырынды, Алқакөл сұлама уақытында біздің бабаларымыз ел болып Көкшетау, Торғай, Ақмола жерлеріне қоныс аударып көшіп келеді. Атығай Қарауыл руының бір бөліктері туған жерлерін тастап кетуге қимағандар Бұқара, Ташкент, Самарқанд, Андижан, Ходжент төңіректерінде қалып қалады. Отарлық саясат кезінде Атығай Қарауыл руының бірнеше ауылдары Ресей империя құрамына кіруін қаламағандар өздерінің байырғы Сары Арқа жерлеріне, туыстарына көшіп кетеді.
Орталық Азияда қазіргі кезде Атығай-Қарауыл рудың ұрпақтары Өзбекістанның Ташкент кентының «Арғын» махалләсі, Жоғарғы Шыршық т.б жерлерінде, Ауғаныстандағы Мазары Шариф қалаларында, Ыстамбулдағы Зәйтүнбұрну аудандарында, Иран мемлекетінің Солтүстік аудандарында, Тәжікстанның Ходжент қалаларында қазірде тұрып жатыр.
19-ші ғасырдың аяғы мен 20-ші ғасырдың басында Арқадағы Есіл-Нұра төңірегінде қазақ және солтүстікте тұрып жатқан түркі тілдес халықтары ислам дінінің заман өзгерірістеріне қарай бейімделді, жаңарту идеясын қолдаушылар қозғалыстары басталды. Бұл қозғалыстардың алдыңғы қатарында қазақтың ойшыл діни тұлғалары болды. Олар түркі, араб тілдерін әдебиетті дамытуда, пәндерді үйретуді, ғылым жетістіктерін пайдалану, ағартушылықты қолдайтын бағыттарға көп ықпалын тигізді. Қилы заманда қазақ елін отарлау саясатын жүргізу үшін Ресей патшалығы халықты шоқындыру, христиан дінін кіргізіп әртүрлі айлақорлықтарды пайдаланды, «указной» молдалар арқылы дін мәселесін бақылап ұстауға тырысты, 1853 жылдан 1907 жылға дейін «аграрлық реформа» деп атап орыстың «переселендерін» әкеліп қазақтың 17 млн десятин жерін тартып алды.
Сол күрделі заманда ағартушы жолын таңдаған діни саласының қайраткерелерінің бірі елде «Науан Хазірет» аталған атамыз бар. Науырызбай Таласұлы 1842 жылы Көкшетау округынің Жылгелді ауылында дүниеге келген, жастайынан зирек болып Қызылжар қаласындағы медресесін, одан кейін Бухарадағы «Көкілташ медресесін» бітірген, содан кейін Бағдад қаласында білімін ұстаз ретінде жетілдірген. 1886 жылы өзі халығы сұрауы бойынша Көкшетауға оралып ағарту жұмысын жалғастырады, Көкшетау мешітінің бас имамы лауазымында жұмыс жасап жүргенде медресе ашып, жанында интернат құрып шәкірттерге ислам дінінің сабақтарын жүргізіп ағарту жұмыстарын өзара жүргізген. Қазақ жастарын оқу құқығын кемісткен үшін және Ресей отарлық саясатына қарсы күрескен. Атамыздың үйінен 164-астам діни кітаптар және хаттар табады, оның ішінде Абай-Ибрахим Құнанбаевқа жазған хаттарын т.б табады, содан 1903 жылы Науан атамыз өзінің көмек жасаған әріптесімен бірге қудуаланып Сібірге айдаланады, Алаш қозғалысының төрағасы Алихан Бөкейхановтың кірісуімен және көмегімен екі жылдан кейін ол жердегі басқада адамдардың ішінде босатылып елге оралып келеді. Бірақ отарлық саясатына қарсы күресуді ол ғұлама атамыз тоқтатпайды. 15. 08. 1905 жылы Науан атамыз ғалым, саясат қайраткері Ысмаил Гаспринский төрағалық жасап ұйымдастырған Нижний Новгород қаласында өткен Түркістан, Сібір, Кавказ, Қырым халықтарының 150-ден астам делегаттары қатысқан 1-ші халықаралық мүсілман съезіне делегаты болып қатысады. Ол съездің қорытындысы бойынша қауылы-үндеу шығарылған: «Патшалық үкіметіне бүкіл Ресей көлемінде тұрып жатқан мүсілман халықтардың мүсілман құқығын сақтау қажет, ұлтына, тіліне, дініне, жаратылу жынысына қарамастан тиым салмау» делінген.
Біздің Атығай-Қарауыл руынан шыққан діни саласында, ағарту саласында үлкен қызмет жасаған адамдар көпшілік, оның ішінде біздің СҚО Шал ақын ауданының Көктерек, нағашы ауылымыздың тумасы Сыздық қажы Қойлыбайұлы атамыз болады. Әр кезде еліне, жұртына еңбектері сіңген діни саласында сауаты бар талантты, халқының қамын жеген, ел сүйгіш адамдадар болған. Солардың ішінде Сыздық атамыз өзі басшы болып 1898 жылы бес ауылдың, Есіл өзенінің бойына қоныстанған Атығайдың-Құдайберді тармағынан Уәріс бабамыздың ұрпақтарының атынан Азат-Тышқан батыр ауылының тұсында, оңтүстік беткейінде қыратта, кейін «мешіт» деп аталып кеткен жерде алланың иманды шаңырағын-үйін салдырған. Оқытушыларды Сыздық қажы атамыз татар молдаларды көрші Қостанай облысы Ыбырай Алтынсаринның туған жерінен, Орал төңірегінен, Троицк қаласынан өзі іздеп молдаларды тауып әкеліп, өз қаражатымен жалдап ел жастарын оқытқан. Ауылдағы сол мешітте қажы-атамыздың ақыл-ойымен 1903 жылдары «Хадим» оқуынан балаларды, төте оқу «Жадит» жүйесіне көшіргені елге белгілі. Терең ойлап, келешекті болжаған, көзі ашық, көкірегі зирек атамыз біраз шәкірттер дайындады, оқығандардың білім алғандардың ішінде меніңде аталарым бар.
Арғын руының атығай тармағының-құдайберді-бәйімбет тарауынан тараған, XVIII ғасырда аты шыққан Құлеке батырдың жетінші, Шал ақын (Тілеуке) Құлекеұлының алтыншы ұрпағы.
АЙҚОЖА ИШАН ТЕМІРҰЛЫНЫҢ 250 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН «АЙҚОЖА ИШАН ЖӘНЕ СЫР БОЙЫНДАҒЫ ТАСАВВУФ ИЕЛЕРІНІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРІ МЕН ҚИЛЫ ТАҒДЫРЫ» АТТЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫНАН





