
Мұқаш хазірет Түктібайұлы мұрасынан
Бірінші бәйіт
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Жүйріктен сөз шығады бөлек-бөлек,
Бір кезде ақ сұңқар ем екі түлек.
Сөйлейін замананы тәрбиелеп,
Жақын ғой ажал шіркін бір зеңбірек.
Зеһинлі жүйрік білер сөздің мінін,
Ойлаймын мінсіз ғой деп қызыл тілім.
Жақсы сөз тыңдайтұғын ерлер болса,
Арқаның алдыңа сал қызыл гүлін.
Арғы атам Басар-салих халықтан асқан,
Пірлерім бар азулы, шайтан қашқан.
Өр мен қырды қамшылап жөнге салған,
Кешегі Бағайекем шын арслан!
Жігіттер, сал айғайды осындайда,
Бүгіннен соң бұл дәуірен саған қайда.
Қажылар Шонты менен Батырқожа өткен,
Сөзінің қырмызыдан қолы майда.
Екеуі мүрид оқытып, кітап артқан екі нарға,
Пір болған Омбы, Семей, Паулодарға.
Кәрі ағасын жылатып, жас баласын,
Медине мекен еткен, амал бар ма?
Атандым он бесімде бәйге көктеп,
Күлдірлі ән салушы ем өндіршектеп.
Сайраған Сарыарқаның бұлбұлы едім,
Бұл кезде менде жүрмін бүгежектеп.
Жаратқан барша жанды рахман Алла,
Ғаламға он сегіз мың сан-сан фана.
Түркі тілмен Алладан жәрдем тілеп,
Сөйлейін етпе айып бірәз ғана.
Мен ғаріп ғылыми, ақыл зейінім тар,
Қауағид-Қағидаға болдым нашар.
Қазақ лисанменен96 бір назым сөз сөйлейін,
Бола гөр, шапағатшы хақ Пайғамбар.
Бір Алла көкте де емес, жерде де емес,
Бір Алла еш уақытта мекенде емес.
Алланы бір мекенге ұқсатуға,
Мұхаммад үмметіне мүмкін емес.
Алланы ерегісіп пәнда жеңбес,
Куфуан Ахад – еш зат жоқ оған теңдес.
Басар, Самиғ, Хаят, Қудірет, Кәлам, Ғылым,
Ирадат,97 Ләм ялид уаләм юләд – туған емес.
«Кун!»98 десе, барша мақұлық бар болады,
Мақұлығы бір өзіне зар болады.
Бар-жоқ қылмақ тағдыры екі болмас,
Күнбе-күн бұл жиһан99 қар болады.
Ғұмыры осы дүниенің жетпіс мың жыл,
Алпыс үш мың жыл аһли-жын қылар сайыр100.
Бәни Адам101 ғұмыры жеті мың жыл,
Молла болсаң Кітап көр, айттырмай біл.
Жаратқан әуелі Алла Расул нұрын,
Еш нәрсе жаратқан жоқ одан бұрын.
Сол нұрды елу мың жыл тәрбиелеп,
Жақынырақ даргаһынан102 береді орын.
Бір кезде назар салды осы нұрға,
Жарымы параланып болды суға.
Толқындап дариядан көбік шығып,
Жеті қат көк көбіктен болған тұлға.
Тағыда сегіз тамшы тамады нұр,
Сегізі сегіз жәннат хулламен103 һур104.
Қаһарынан тамады жеті тамшы,
Кәпірге гүл-гүл жайнап сайланып тұр.
Тағыда екі тамшы Күрси, Ғаршы105,
Аймен күн жаратылған екі тамшы.
Жеті қат жер сол нұрдан пайда болған,
Баршаға Алла Тағала мейірбан.
Инс106 пен жын107 екі тамшы жаратылған,
Әр жанға нұр әсері таратылған.
Алпыс үш мың жыл дүниеге жындар толып,
Алланың тілін алмай қиратылған.
Алланың күші келер қиратпаққа,
Бір қосып тәнді, жанды құратпаққа.
Құлшылық бұлар маған қылады деп,
Ыңғайланды адамды жаратпаққа.
Ғазрайыл108 топырақ алып неше батпан,
Адамды жаратыпты топырақтан.
Күлли шайин яржиғу илә аслиһи,
Сол себепті ибн Адам жерге батқан.
Бір басқа сыйғызыпты тамам мүше,
Көз, құлақ, мұрын, ауыз, отыз тісті.
Қас, қабақ, иек, ерін, кірпік, сақал,
Қалай шебер келтірген Тәңірім істі.
Ішіңнен тіл шығарды қуландырып,
Ауызыңнан мұрт, басыңнан жүн алдырып.
Ақыл, ұят, иман, ой бір жүректе,
Және қойған ауызыңнан дем алдырып.
Сұлу қылып жаратты бойыңды талдай,
Нәпіні109 аждаһа ғып ішке салды-ай.
Екі кез бойыңда тұр елу түрлі,
Рахман Алла не деген данышпан-ай!
Балдан тәтті жаратты ғазиз жанды,
Рахматулла Һу сипатымен тәнге салды.
Күншілік қып таяқпен шайтан түртіп,
Шұқыры кіндігіңнің содан қалды.
Туған ай он төртінен болады Адам,
Кір дейді жәннатына бастығы Адам.
Хурлар еріп соңынан еш қалмайды,
Әдемі бізге лайық неткен Адам!
Такрим110 салған жәннатын,
Адам ата жақтырған.
Кірпішін құйып алтыннан
Бетіне файруз жаптырған.
Гауһардан салып тақтасын
Нұрдан шеге қақтырған,
Маңдайшасы зер жүннен
Есігі сафи дүррүннен111,
Арқалығы сом жауһар,
Сыртынан іші көрінген,
Қадам басса мұсылман,
Шығарына ерінген.
Миск112, жұпар иісі бар
Жүз жылдық жолдан білінген.
Адам ата етінен,
Хауа ананы жаратты.
Тағдырда қылған жүз нұрдың,
Баршасын жүзге таратты.
Адамға қатты сүйгізіп
Гәуһардан113 ішік кигізіп.
Жасыл нұрдан жағасы
Бешпетінің кезіне,
Дүниенің жетпес бағасы.
Қоңыраулы алтын кебісі,
Өкшесінде гауһар тас,
Сыдырлайды дыбысы,
Тәжін киіп шекеге,
Күндей шығып жекеге,
Алтын тақтың үстіне.
Хауа сұлу шығады,
Кер маралдай керіліп.
Ақ бөкендей қырындап.
Жебіреил114 екеуін никах етті.
Мұратқа Адам сафи енді жетті.
Баршасын нығметімнің бостан етіп,
Бидайдан әр кез сіздер жеме депті,
Боларсың залымдардан бидай жесең.
Әлек етіп тастаймын қарсы келсең,
Мәңгі бақи ұжмақта тұрыңыздар.
Баспа қадам бидайға мені десең,
Адам Хауа жұмақта сакин115 етті.
Біраз заман жандары рахат етті.
Түйе жылан таусылар себеп болып,
Шайтан келіп жұмаққа кіріп кетті,
Келе азғырды Хауаны бидай жесең.
Тіпті өлмейсің, тұрасың тілге сенсең,
Ант қылды бір жолға ал деп осы тілді.
Өлесің жемесеңіз анық білсең,
Жетелеп Адам сафиды алып барды.
Хауа өзі үш данасын үзіп алды,
Үш жерінен қан шықты қойды жұтып.
Үш күн хайыз116 көрмегі сонан қалды,
Біреуін Адам сафи үзіп алды.
Бір данасын ауызына сонда салды,
Жұтуға бұйрығы жоқ харам етті.
Түйін боп тамағына тұрып қалды,
Басынан тәжі, үстінен хулла қашты.
Екеуі абыройын қолымен басты,
Арша ағаш бұларға перде болып,
Тыйғаны ойға түсіп, жаман састы.
Тәңірім дейді сол кезде
Ашуланып Адамға:
Алмадың деп тілімді
Босатыңыз, кетіңіз,
Тезірек жәннат үйімді.
Шығыңыз бақи жұмақтан
Түйе, жылан жиынды,
Көп көрдің бе сыйымды
Жер үстіне түсіңіз.
Рахатлық жоқ, мехнатпен
Берейін енді сыйыңды,
Адам түсті Жиддаға117
Хауа түсті Сафаға118.
Жәннаттан тірі айырылып
Түсірді Адам қапаға,
Аяйды енді Алласы.
Қабыл болып тәубесі.
Мұхамметтің атын жад қылсаң
Кешейін дейді қожасы.
Мұхаммет кім деп жыласа
Абдулланың баласы.
«Я, Мұхаммет!» дегенде,
Кешірілді қазыр күнәсі,
Арапа119 да қосылған
Хауа дәстүрлі жолдасы.
Күнәсін кешеді енді Раббы Халиқ,
Кемдік етті Хауаға ашуланып.
Он бес жерде кемшілік көрсін Хауа,
Қырық күн нифас120 қан ақсын бала тауып.
Шаш алусыз, ақылы болсын қысқа,
Ері өлсе мирас етілмей қалсын босқа.
Ажал бердім өлесіз енді сіздер,
Басқа берген дәулетті тептің тысқа.
Бәрін тегіс жазуға ұзайды сөз,
Хауа тапты бір күнде бір ұл бір қыз.
Бүгінгісін ертеңгісіне қоса берді,
Шариғатым демеңіз лайықсыз.
Адамның Қабыл деген бір баласы
Сұлу екен бір туған қарындасы,
Өзі алып қарындасын қарсылық қып,
Орыстың содан өскен жеті атасы.
Шис келді Һуд пен мұрсал садық121,
Жүністі дария ішінде жұтты балық.
Заманы Ибраһимге келе жатыр,
Ол кезде Намрұт еткен падишалық.
Ибраһим деген пайғамбар
Жүреді хақтың жолымен,
Әшкере етіп Исламды, Меккені салды қолымен.
Дүние толды пұлымен,
Исмайл Ысқақ ұлымен.
Намрұттан көрді қорлықты,
Мұсылман жоқ, кәпір көп.
Бекіректе көрді зорлықты…
Ақырында Намрұтты өлтіріп
Дегеніне келтіріп,
Байтулланың ішінде
Ибраһим Халил122 атанып,
Ибраһим деген Расулден
Зуылдап өткен сұм дүние.
Халифатулла атанып
Дәуіт келді жарқылдап,
Ол заманда иесі ат тұр,
Бәйгегердей қарқындап.
Жәбірейіл келді бүгіліп,
Аузынан дүррі төгіліп.
Алладан қорқып сол мұрсал,
Көзінің жасы төгіліп.
Сүлеймен патша туған соң,
Жердің жүзін билейді.
Дию, періні құл қылып,
Тастан жаман илейді.
Жел ұшырып аспанмен,
Мінеді алтын күймені.
Поштабай ғып құстарды,
Бір жүйрікті қамшылап.
Көк пен жерден жол алған,
Судағы балықтан тіл алған.
Сүлеймен сондай мурсалдан,
Зуылдап өткен сұм дүние.
Жержис, Қузайыр, Ескендір
Дүние жүзін тәмамдап,
Жер астына түскен дүр,
Әбухаят123 ішем деп,
Шыбын жаннан кешкен дүр.
Алладан қорқып жандары,
Өлімнен қорқып қандары,
Ескендір сынды патшадан,
Зуылдап өткен сұм дүние.
Мұса расул заманы
Турда болды мекені,
Алламен өзі сөйлескен
Не айтса да үйлескен.
Перғауын деген залымның
Аузына балшық илескен.
Таяғы еді сүйеуі
Шұғайып мұрсал күйеуі.
Мысырды іліп қарына
Калимаулла124 атанған.
Мұса деген расулден
Зуылдап өткен сұм дүние.
Закария, Яхия, ер Ғайса
Мариям еді анасы,
«Кун!» дегенде жаралған
Жаратқан жанның Алласы.
Алланың ұлы деп Ғайса
Орыстың болды жаласы,
Төртінші көкке асырды
Рахмат етіп Алласы.
Қызыр Ілияс тірі жүр,
Әбухаят дағуасы,
Үш жүз он үш мурсалдың
Бәрін тегіс жазуға
Уақыттың болды аднасы125 –
Нәбиден126 шафқат127 тіленген
Бейшара Мұқаш намасы128.
(Тәмам)
96 Лисан – тіл. 97 Басар, Сәмиғ, Хаят, Қудірет, Ғылым, Ирадат – (Алланың сипаттары): Көруші, Естуші, Тірі болу, Құдыреті күшті жаратушы, Білуші, Қалаушы. 98 Кун! – Бол! Алланың Тәкуин сипаты (Алланың субути 8 сипаты бар). 99 Жиһан – дүние жүзі. 100 Сайыр – сайрандау. 101 Бәни Адам – адамзат. Адам ата – Алла тағала топырақтан жаратқан алғашқы адам, бүкіл адамзаттың атасы. 102 Даргаһ – табалдырық, салтанатты сарай, құдай үйі. 103 Хулла (Хуллатун) – шапан,жәннатың киімі. 104 Һур (Үр қыздары, қор қыздары) – Алла тағала жаннатта мүміндерге арнап жаратқан әйел жынысты өте сұлу, пәкиза мақлұқтар. 105 Кұрси – жеті аспан мен бүкіл әлемдерді қамтыған жаратылыс. Ғарш (Аршы) – Алланың тағы, Алла тағала жаратқан ең үлкен және ең жоғары жаратылыс, Кұрсидың үстінде. 106 Инс – адамзат, адам баласы-инсан. 107 Жын – түтінсіз оттан жаралғандықтан әр түрлі бейнеге ауысуға бейім. Әйтсе де ақыл-ой тұрғысынан адамнан кейін тұрады. Адам үшін тылсым құпия саналатын кейбір жайттарды біледі. Ұзақ өмір сүргендіктен тәжірибелері мол. Алайда жындар да ғайыпты біле алмайды. Жын сөзі араб тіліндегі »жапты», »жасырды»деген мағынаны береді. Жындар сезім мүшемізбен сезілмейтін, көзге көрінбейтін бізбен параллель тіршілік иелері. Жындар – шайтанның ұрпақтары. Жындар ерікті және саналы тіршілік иесі, үйленіп ұрпақ жаяды. Адам жаратылмай тұрып, жер бетінің билеушілері солар болған. Жындар туралы Құран Кәрімде Алла тағаланың жындарды және адамзат баласын тек өзіне құлшылық ету үшін жаратқандығы айтылады. Сол үшін жындарға пайғамбарлар жіберілген. Сүлеймен пайғамбар жындарды бағындырып, олардың қабілетін пайдаланып, жұмысқа жекті, түрлі құрылыстар салғызды. Мұхаммед пайғамбар с.ғ.с. – жындардың да пайғамбары. Жындардың бір тобы Мұхаммед пайғамбарды с.ғ.с. тыңдап, оған иман етті. Періште, жын, шайтандардың әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Мысалы, періштелер әрдайым Аллаһ Тағаланың әмірімен қайырлы, жақсы істерді істейтін болса, шайтан-пендені тек алдап-арбаумен, жамандыққа итермелеумен айналысады. Ал, жындарда осы екі рухани әлемнің қасиеттері бар. Олардың мұсылмандары да, кәпірлері де болады. Бірақ шайтанның мұсылманы болмайды. Жындар біздің көзімізге көрінбейтін болғандыктан, олардың бейнесі бізге беймәлім. Десек те, негізгі салмақты дәлелдер мен нақты мәліметтерді Құран аяттары мен хадистерден аламыз.Тіпті, Құран-Кәрімнің өзінде »Жындар» деген сүре бар (72–сүре). Сондай-ақ, жындардың арасында олардың көптеген көмекшілері бар. Құран Кәрімде «жын-шайтандар» деп аталатын («әл-Әнғам» сүресі, 112аят) жындар адамдарды қорқытады, бойына үрей туғызып, көңіліне күдік ұялатады. Адамдарды адастырып, аздырып, иманның жолынан тайдыруға әрекет жасайды. Сөздің түйініне келсек, жын-шайтандар көбінесе дәретханаларда, үйілген сасыған мусорларда, арақ-шарап көп ішілетін жерлерде,т.б.харам жерлерде болады.Ал намаз көп оқылатын үйлерде,азан көп шақырылатын жерлерде болмайды.Өйткені олар азан айтқан кезде қорқып қашып кетеді. Сондықтан дәретханада тым ұзақ отыра беру дұрыс емес және харам жерлерден аулақ болғанымыз жөн.Тың тыңдап, аспан әлемінен «сыр» ұрлап, естіген сөздерін жалғанмен араластырып, сиқыршылардың, балшы-бақсылардың және көріпкел тәуіптердің құлағына сыбырлайды. Мұндай жындар Құран оқылған жерден аулақ жүреді.
108 Ғазрайыл (Әзірейіл) – өлімнің періштесі (мәләкүл-маут). 109 Нәфс – нәпсі; «ашу — ақылдың дұшпаны, нәпсі — иманның дұшпаны».
110 Такрим – сыйлау, қонақжай болу. 111 Сафи – таза, дүррі – гауһарлар. 112 Миск – муксус, әтір. 113 Гәуһар (жауһар) – бриллиант, асыл тас, жарқырауықты тас
114 Жәбірейіл (Джибриль, Жибрил, Жабраил) — Аллаға ең жақын жүретін періштелердің бірі, Алла мен пайғамбарлардың, соның ішінде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) арасындағы бас дәнекерші. Құран Кәрімде ол – Мұхаммедтің (с.ғ.с.) жебеушісі, оны дінсіздерден қорғаушы, Мұхаммедке (с.ғ.с.) Құранды арнайы түсіруші ретінде де белгілі. Түсініктемешілер Жәбірейіл Мұхаммед пайғамбарға бірсыпыра ақиқатты жеткізген деп есептейді. Осы мағынадағы аңыз Мәриям мен Иса туралы әңгімелерде де кездеседі. Діни аңыздарда Жәбірейілдің Мұхаммедтің (с.ғ.с.) өміріндегі алатын орны да жан-жақты сипатталады. Ол Мұхаммедке (с.ғ.с.) Құранды бөліп-бөліп бере отырып, рамазан айында тапсырып болған. Ол пайғамбарды қорғап және оған жөн сілтеп, Құдысқа баратын “түнгі сапары” кезінде оған жолсерік болады және де оған әскери шаралар мен діни таластар кезінде көмектеседі. Жәбірейіл, сондай-ақ, Мұхаммедтен (с.ғ.с.) бұрынғы пайғамбарларға да көмектескен. Алла Жәбірейілді Адам жасап шығаруға керек топырақты әкелуге де жұмсайды. Жәбірейіл адамға пейіштен қуылғаннан кейін де қамқор болады, ол Нұхтың құтылуына көмектескен және Ибраhимді құтқарып, Жүсіпке көп тіл үйреткен, Дәуітті сауыт жасауға баулыған, сонымен қатар Сүлейменге көмектесіп, Зәкарияға Жақияның қашан туатынын болжап берген. Жәбірейіл – Аллаға жақын төрт періштенің ең лауазымдысы. 115 Сакин – өмір сүру, мекендеу.
116 Хайыз, қайыз – етеккір; әйел жатырының эндометрий қабатының жаңару үдерісі. Ол жыныс мүшелері жетілген кезде басталып, климакс кезеңіне дейін созылатын, шамамен, ай сайын қайталанып отыратын цикл, менструация. Бұл қан жүктілік (екіқабат) кезде және ауруға байланысты келмей қалады. Хайыз кезінде әйел адамға намаз, ораза секілді ғибадаттарды орындауға болмайды. 117 Жидда — Сауд Арабиясы патшалығының Батыс өлкесіндегі қала мен кеме-жай. Қажылыққа барғандардың көбі осы порт арқылы Мәккеге барады. 118 әл-Сафа және әл-Маруа – Меккеде Сауд Арабиясында орналасқан екі кіші тау. Мұсылмандар хаддж және умра сапары барысында бұл екі тау арасында жеті айналып жүгіреді.
119 Арапа, Арафат – Минадан шамамен жиырма шақырым жерде орналасқан үлкен жазық. Ол жазықтың аумағында Рахма тауы бар. Кейбір риуаяттарда Адам ата мен Хауа ана жерге түскеннен кейін осы тауда кездескен. Көп адамдар осы тауды Арафат тауы деп те атап кеткен. Зул-хиджа айының тоғызыншы күні күн батқанға дейін Арафатта тұру қажылықтың ең маңызды парызы. 120 Нифас – әйел адам босанғаннан кейін пайда болатын қан. Мұның белгілі бір мерзімі жоқ. Ханафи мазхабы бойынша, нифастың ең ұзақ уақыты – қырық күн.
121 Мұрсал садық – жіберілген шыншыл (елшілер). 122 Хали́ль.ысод нықаж — )ليلخ.бара(
123 Әбухаят – «өмірдің атасы» деген сусын, мәңгілік өмір.
124 Калимулла – Алламен сөйлесетін. 125 Аднасы – (уақыт) аз болуы, тығыз болуы. 126 Нәби еніредзө ,ішузіктеж ағрадмада нығырйұб ңыналлА ,рабмағйап – )ішузіктеж ныняа йадұҚ – неніліт бара ;يبن.бара( кітап пен шариғат берілмей, бір Расулға (яғни Алланың елшісіне) берілген кітап пен шариатқа амал қылуға бұйырылған пайғамбарлар. Нәбилердің ешқайсысы расул бола алмайды, бірақ расулдардың әрбірі Нәби бола алады. Құран Кәрімде Мұхаммедтің (с.ғ.с.) расул (елші) деген есімімен бірге ең негізгі сипаттарының бірі ретінде «нәби» атауы қолданылады. 127 Шафқат – рақымдылық, аяушылық. 128 Намасы – есімі, аты.
Екінші бәйіт
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Бес жүз жыл пітірәт болды заман,
Ол кезде расул, наби еш қалмаған.
Құрайш Мүтәліптің бес ұлына,
Таянып келе жатыр шіркін заман.
Сайратсаң сөзі жақсы біз бұлбұлды,
Сөзі оңсыз демеңіз жасқа толы.
Жиырма сегіз мүрсалдар үммет болған,
Хабибі үшін қожайын жаңа келді.
Туады Абдулладан Хақ Мұхаммед,
Тау мен тас руза мен болады.
Туған күні пұттардың бәрі сынып,
Шайтанға болды енді көп жарақат.
Абдулла өз атасы Һашим затлы.
Құләйзар өз анасы Амина атлы,
Туған күн пұттардың бәрі сынып.
Кісрә патша сарайы жерге батты.
Туады дүйсенбі күн Расулулла129,
Рабиул айында келді ұлша.
Жеті қат көк ашылып хорлар келіп,
Жаһан толған көп жандар болды пайда.
Жиырма беске келгенде Маһипара130,
Хадиша таңдап тиді патшазада.
Төрт қыз, үш ұл туыпты Хадишадан,
Ибрахим, Мариядан жеке дара.
Нөкері Әбубәкір, Ғұмар, Ғұсман, төртінші
Асадулла Ғали Арслан.
Қырық жасқа келгенше Расулалла,
Мәккәда болмады жан қарсыласқан.
Қырық жасқа келгенде
Жәбірейіл көктен енеді,
Пайғамбарлық дарәжәт
Қолына Құран береді.
Ғұмармен қарық болып бар мұсылман,
Дүниеде Пайғамбардың карәматын біледі.
Көлеңкесі жоқтығы –
Жәннаттан шыққан нұр еді.
Ләулака мә халақту131 деп,
Алладан хабар келеді.
Бәнде түгілі сөзіне –
Жаратқан дос қып Алласы,
Ауыздан шықпай көнеді.
Бүйрығы Алла Меккеден
Мәдинаға көшіп жөнелді,
Мәдинаға барған соң
Халифа132 қылды Алласы.
Жалғызға Құдай жар болып,
Бұзылды кәпір қаласы.
Ғалиды қылды мықты ғып,
Жаралған нұрдан тұлғасы.
Сәлдесін салып шекеге,
Келер жылы қиқулап,
Салды бүлік Меккеге.
Мұсылман болса тимейді,
Әбужәһіл патшасын,
Тілерсектен тесіп сүйрейді.
Қызықпады мал үшін,
Үммәтінің жаны үшін,
Алладан тілек тіледі.
Тәтті тағам жемеді,
Жамаусыз киім кимеді.
Үммәті үшін арланып,
Дүниеден өтті зарланып.
Құмды төсеп етіне,
Жастанғаны тас еді.
Қуатты деп бидайды,
Арпаның суы ас еді.
Бүгіліп тағат ететін,
Алланың сүйген досы еді.
Айды жарды бармағы,
Күн батысқа теріс жүрсе,
Қадалған барып қармағы.
Екі дүние айнасы.
Мутаһһар – таза қылып дүниені,
Жаһанға тиген пайдасы.
Ашылды күннен раушан боп
Рахматтың дариясы,
Алды артында көзі бар
Раббани уахи133 айтатын
Жәбірейіл сөзі бар.
У салды маған деп
Жеме деген қозы бар.
Ой мен қырды аралап,
Бұқарды қылды мұсылман.
Қап тауының артында жын пері
Дыбысынан қысылған,
Дәулердің қаны жосылған.
Алды Мухарраб134 қылынған.
Бахрам таудан әрі асып
Уалаяты Йеменді.
Мына жағы Қаратау
Түйе төбеден бері асып.
Жәнабілді өлтіріп,
Кәпірдің135 қанын сел қылды.
Отыз үш мың асхап қып,
Мәдинаға ел қылды.
Дүлділдің136 қалай жүрісі
Расулдың күшті дұғасы.
Он сегіз мың ғаламда
Ақталған жауһар сарраптан.
Салауат137 айтсаң жарасар
Алланың еді Расулы,
Тірлікте асып Миғражға138
Көрді барып Алласын.
Ғарш, Кұрси, Лаухының
Көзбен көріп шұғыласын,
Қараңыз пірәқ алып кеткен
Төрт Муқарраб139 жолдасын.
Құзырына Алланың
Үмметін ғарыз қылады,
Құрбан қылып бір басын,
Ләилаха иләллә
Мұхаммад расулулла деп айтса,
Ғұмырында бір үммет
Жібермен дейді тамұққа.
Беклеп алды көңіліне
Алланың берген уағдасын.
129 Расулулла – Алланың елшісі (Мұхаммет пайғамбар с.ғ.с.). 130 Маһипара – жарық ай.
131 Ләуләка мә халақту – сен болмасаң Мен жаратпас едім (басқаларды). 132 Халиф, халифа аллА .ірүт )ежерәд( қата ығрағож ңе ығаднымыуақ намлысұм — )расабныро ,регнеман — ةفيلخ .бара( елшісінің (с.ғ.с.) орнын басушы, мұсылман қауымының басшысы. Құран Кәрімде адамды Алланың жер бетіндегі әміршісі, Құдайды танып, оған жақындаудың мүмкіндігіне ие жаратылыс деп біледі.
133 Раббани уахи – Құдайдан хабар.
134 Мухарраб – бұзылған, қираған. 135 Кәпір – (араб тіл. «кафир») – Алла тағалаға (жалғыз Құдайға) және Мұхаммед Пайғамбардың елшілік міндетіне сенбейтін адамдарға қолданылатын ұғым. Күпірлік – (араб тіл. «куфр») – исламда тұлға мен қоғамның өзіндік құлдырауына апаратын сенбеушілік, өнегелілік діңгегі жоқ рухани вакуумды білдіреді. Ол ақиқатты біле тұра әдейі мойындамай жоққа шығарып, Алла тағаланың бар екендігіне сенбеу. Ислам бойынша, күпірлік – барлық күнәнің түбірі, адамды кәпір қылатын нәрсе.
136 Дүлдүл (дүлділ) – тұлпар, сәйгүлік, пырақ, жүйрік ат. 137 Салауат –Мұхаммед пайғамбарға (с.ғ.с) арнап оқылатын дұға. 138 Миғраж – Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) Исра түні көкке көтерілуі. Бұл туралы «Исра» және «Нәжм» сүрелерінде айтылған. Бұл оқиға һижрадан бір жарым жыл бұрын Мекке қаласында болған. 139 Муқарраб – жақын.
Үшінші бәйіт
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Заман сондай жайқалды,
Жапырағы майысып,
Қара жер тұр қайысып.
Төрт жар асхаб жарасып,
Бір ауызына қарасып.
Қасқыр мен қой жолдас боп,
Аю, түлкі мұңдас боп,
Алпыс үш жасқа келгенде
Ажал келіп қиратып,
Ислам туын құлатып,
Хабибулла Расулден
Зуылдап өткен сұм дүние.
Төрт жарлар отыз жылдай ел билейді,
Кәләмулла140 жөнімен сөз сөйлейді.
Төртеуі бірдей кетіп дүниеден,
Хасен, Хусаин шахизатқа141 заман келді.
Шамға Язид142 патша боп
Жүреді оның қылышы,
Һашимнан нәсіл айырылып,
Үмметтің болды ұрысы.
Айламен Хасенді өлтіріп Кербалада143,
Хусаин мен Язидтің болды ұрысы.
Язидті келіп құл қылды,
Ханапия144 деген інісі,
Жайылды енді көп кәпір.
Он бес жылда туады,
Сейт Баттал деген бір батыр,
О да қылды ұрысты,
Талай қырды орысты.
Бұлғары, Қазан шаһары,
Ноғайдың өскен жері екен,
Ноғай деген көп халық,
Атасы татар дер екен.
Орыс келіп соғысып,
Орманбет биді өлтірді.
Айтулы маңғаз бірі екен,
Орыс алды ноғайды,
Ноғай түгілі тоғайды.
Хижрат елу жылдан соң,
Имам Ағзам келеді.
Илһами Уали шариғат,
Ағып бір жатқан сел екен,
Үш имам оған ереді,
Уали Хаттаб, Мүсаннаб
Кезек-кезек келеді.
«Хужжатуль Ислам»145 Баязит,
Соларға заман келеді.
Неғматты сұнқарлар,
Жез мойынды іледі,
Дүниеден пайда көре алмай,
Соларда жерге кіреді.
Сахаба деп сөйлейді,
Қазақтың арғы атасын,
Шежірем жоқ қолымда,
Қате шықса сөзімнен,
Кешірсін Алла қатесін.
Пайғамбар дұға берген, қолын жайып,
Өзбектен таратылған көп халайық.
Ақырғы, бұл сүйікті үмметім деп,
Қабыл болмай қалмағын алмағайып.
Қазақ жүр сахарада мекен етіп,
Алланың рахматынан үміт етіп,
Қырық парыз түгел білген ғалымдары бар,
Ораза намазымен, таза дінін тұтып.
(Тәмам)
140 Кәламулла, Кәлам – Алланың сөзі. Алланың кітабы – Құранның атауы. Ислами еңбектерде «Алланың кітабы» деген тіркес Құран Кәрім кітабына қатысты қолданылады. 141 Шаһизат, шаһзат – патша, шаһ тұқымы, шаһ баласы. Хасен, Хусаин – хазіреті Әлидің балалары, Пайғамбардың (с.ғ.с.) жиен-немерелері. 142 Язид Мұғауия ұлы (645-683) – Омейяд таипасының екінші халифі. 143 Кербела қаласы (Ирак) – Ирактағы Кербала өңірінің орталығы.
Төртінші бәйіт
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Қолыма бисмиллә деп алдым қалам,
Шықсын деп көкіректе болса санам.
Күллі шайин146 бір Алланың әмірінде,
Жаратты Ғаршы, Күрсі, Лаухыл147, Қалам.
Бәндаға туғаннан соң мехнат көп,
Сайият-Хасанат148 пен мехнат көп.
Ушбудың ақиқатына көзім жетіп,
Зарланып бір Аллаға жылаймын көп.
Ас-салат парыз болды он екімде,
Істе деп әмір қылды миннәтімді,
Сегіз жыл ғұмырымды қылдым зайғи149,
Көрсетем бір Аллаға не бетімді.
Өткіздік надандықпен жиырма жасты,
Надандық бір Аллаға ұнамасты.
Харамға малыныппыз кеңірдектен,
Аршимыз қалайынша сорлы басты.
Я, Раббым, мен құлыңа болғай жари150,
Банданың мұрат –дидар151 мақсаттары.
Қасіретті мен ғаріпке болғай жәрдем,
Тілеймін фазылыңнан Раббым Ғани152.
Біздерге нәби қылдың Хабибыңды153,
Шүбәсіз Ақидолла154 хақ білдім сізді.
Қадірсің каләмыңда хабар мәшһүр155,
Көндіргіл хидаятты156 ғаріп мәнді.
Әулие пайғамбарлар тілер өзің,
Бір күні бола қалса махшар күнің.
Пайғамбар үмметім деп шақырғанда,
Біздерге рузай157 қыл шәріп нұрың.
Расулге хақ дүр, кітап бердің Кәлам,
Уахиды158 Уәжіп сан-сан затың камал.
Тілеймін фазылыңнан Раббым Ғани,
Лайық қылмасамда ізгі ғамал.
(Тәмам)
146 Күллі шайин – әр нәрсе. 147 Махфуз (Ләухул-Махфуз) – Сақтаулы тақта. Алла тағала бүкіл жаратылған нәрселердің тағдырын жазып қойған көктегі сақтаулы кітап. 148 Сайият-Хасанат – жамандық-жақсылық. 149 Зайғи – зая кету. 150 Жари – жария, ашық. 151 Дидар – Алланың дидарын көру нығметі. 152 Ғани – бай. Алланың сипаты. 153 Хабиб – сүйікті. 154 Ақида – діни сенім; ұстаным.
155 Хабар – Мұхаммед пайғамбардан (с.ғ.с), сахабадан және тәбиғиннен жеткен әңгіме, хабар. Хадис ілімінің көптеген ғалымдары «хабар» сөзі «хадис» терминімен синонимдес дейді. Кейбір ғалымдар Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) сөздерін және істерін «хадис», сахабалардың және олардан кейін келгендердің сөздері мен істерін «хабар» деп атаймыз дейді. Егер тек қана «хадис» деп қолданылса, ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с) айтқан сөзі, келісімі немесе ісі деген мағына береді. Кейбір ғалымдар «хадистің барлығы хабар, бірақ хабардың барлығы хадис емес» деген. Хабар машһур – танымал хадис. 156 Һидаят – тура жол. Ислам жолы. 157 Рузай қыл – шашып бер. 158 Уахиды – (Алланың) жалғыздығы Уәжіп болды – тиіс болды, міндетті саналды.
Бесінші бәйіт
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Нар деп соны айтыңыз,
Жолында жүгі болмаса,
Би деп мақтауға сыймайды,
Желе жортып шалмаса.
Әділ деп соны айтыңыз,
Ел сатып пара алмаса,
Үлгілі ер деп кім айтар,
Артында сөзі қалмаса.
Табыскер деп не керек,
Еліне олжа салмаса,
Сыртқы дұшпан не керек,
Ішінен жүріп қарғаса.
Жаман достан жат жақсы,
Іші сөзге нанбаса,
Жаман туыс ол да жат,
Еңбегің еткен жанбаса.
Балаң да жаттың біреуі,
Арыңды сатып алдаса,
Өзен деп мақтауға сыймайды,
Етегін көл ғып ақпаса.
Мақтаумен тұлпар болмайды,
Бауырын жазып шаппаса,
Зәруде қолға түспейді,
Арзанда малды сатпаса.
Керек тас ауыр болмайды, А
лтын да болар сақтаса,
Шопан деп мақтау сыймайды,
Мал тілін біліп бақпаса.
Тай да болса ат деп біл,
Табаның жерге тимесе,
Тамақтан өтсе асыңыз,
Ауызың шошып күймесе.
Зорлықпен қосқан жарамас,
Әз денесі сүймесе,
Жас демеңіз, бас деңіз,
Ақылын жегіп билесе.
Бас демеңіз, тас деңіз,
Нашарға көңілі имесе.
Көмегі жоқ көршіден,
Атасы басқа сарт жақсы.
Қол қайырсыз жастардан,
Үйде отырған қарт жақсы,
Ағайыннан аңдысқан,
Танымайтын жат жақсы.
Сыйласпасаң тірлікте,
Өлген соң арттан жылама,
Көз жұмылып кеткен соң,
Зарыңды қабыл қыла ма?
Майданда басты бермесе,
Мал үшін дос деп санама,
Сыйласып өт жалғанда,
Тіршілік баста тұра ма?
Шобырды жолға мінбеңіз,
Семіртіп баққан атым деп,
Басыңды жауға қалдырар,
Жалқауға ерме батыр деп.
Өз басың дау боп кетпесін,
Сыртынан көрдім, жатыр деп,
Әйелге сырды айтпаңыз,
Қойнымда жатқан қатын деп.
Ер егіз деп айтқаны,
Жоқтатпаса өзіңді,
Әйелің болсын толымды,
Бар еңбекке төзімді.
Қатыны жаман ер жалғыз,
Ұзартпайды қолыңды,
Қырсығың емей немене,
Қайнатса күнде сорыңды.
Адал болса алғаның,
Басыңдағы бағыңдай,
Кірлемейді көйлегің,
Қолыңда жұпар сабындай.
Дәулет емей немене,
Сыйласса үйде шабынбай,
Қырсығың емей немене,
Бетіңнен алса бағынбай.
Сонда көңілің тозады-ау,
Қайыршының жыртық қабындай,
Жағымпаз боп жалтақ боп,
Әркімнің қосын тікпеңіз.
Ұят іске үйір боп,
Арыңды жерге төкпеңіз.
Аразды көрсең елші боп,
Ел арасын көктеңіз.
Халқыңа ауыр іс келсе,
Көмек беріп көптеңіз.
Араздық пайда бермейді,
Еңкейген ерді теппеңіз,
Өзің ұқпай жалығып,
Айтушыны сөкпеңіз.
(Тәмам)
Бата
Бисмилләһир Рахманир Рахим!
Я, Алла, дұғамызды қабыл ет,
Иманымызды кәміл ет,
Тозақтың отынан сақта,
Айтса жөнге көнбейтін,
Көк долы қатыннан сақта!
Я, Алла, ғұмыр берсең,
Бақытты ғып бер,
Әйел берсең,
Жұмсақ сөзді, адал ғып бер!
Бала берсең, ұнамды ғып бер,
Қыз берсең, келісті ғып бер.
Бала берсең, ырысты ғып бер.
Ат берсең, жүрісті ғып бер.
Тірімізге тұрақ бер,
Өлімізге жұмақ бер!
Осы тілеген тілектің бәрін де
Үйіп-төгіп бір-ақ бер!
Сұраушыдан сөз қалған жоқ,
Беруші Алла, өзің бер!
Түсінік: Мұқаш дамолла мұрасында Матуриди ақидасының «субути сипаттары» жазылған. Әбу Мансұр ибн Мұхаммед әл-Ханафи ас-Самарқанди әл-Матуриди -(870-944) Самарқанд маңындағы шағын Матурид қаласында дүниеге келген ғұлама. Фикһ (құқық) теориясын Самарқандағы ханафиттік құқықтанушылардан үйренген. Кейін, өзі осында фикһ пен кәламнан (сенім мәселесі) дәріс берді. 1200 жылдан астам уақыт исламдық дәстүрмен өмір сүріп келе жат-қан қазақ елі Исламның көрнекті ғұламаларының бірі негізін салған діни құқықтық мектепті, яғни, Әбу Ханифаның мәзһабын ұстанған. Ақидада қазақ халқы имам Матуридиге ерген. Мұның себебі, имам Матуриди имам Әбу Ханифаның сенімдерін бір жүйеге келтіріп, сол сенімдерді пікірталастарда қорғап шыққан. Жалпы алғанда, ақида саласындағы сүнниттік ілімде екі мектеп бар: имам Матуридидің мектебі – матуриди және имам Әшғаридің мектебі – әшғари (Т.К.)





