Білген Шайыр айтады

Расулдың үмбетіне шапағат қылғаны

ЕЛУ АЛТЫНШЫ ФАСЫЛ

Тозақта момын құлдар азап көрер,

Көңліне бір мезгілде расул енер.

Әхмада Мұхаммада қолым тұт деп,

Парияд қып тозақ әһлы ауаз берер.

 

Олардың мұнша қылған аһы зарын,

Расулдың құлағына елтер бәрін.

Тозақта бейнет шегіп азап көрген,

Пайғамбар үмбетінің көргей халін.

 

Сәждеге расул құда басын салып,

Аллаға арыз айтар қатты налып.

Күнәсін кереметіңмен кешіргін деп,

Үмбетін асы жайы аузына алып.

 

Алла айтар үмбеттерің шарап ішті,

Істеді нәһи мүнкір әрбір істі.

Сол қылған дүниедегі күнәсінің,

Жазасын тартпақ үшін тозақ түсті.

 

Расул дер құдіретіңмен хабар бердің,

Үмбетке шапағатың бар деп едің.

Ия, Алла, сол уәдеңнің ақысы үшін,

Азаптан үмбетіме нәжат бергін.

 

Алла айтар Жәбірейілге пәрмен қылып,

Үмбеттің ахуалатын келгін біліп.

Жәбірейіл жаһаннамға жетіп келгей,

Мәләк һәм сәлем бергей тіке тұрып.

 

Мәләк дер Жәбірейілге ия, бірадар,

Келмекте қайсы түрлі мүддағаң бар.

Жәбірейіл мәләкке айтар Мұхамметің,

Үмбеті қай халде тұр әйлә ызһар.

 

Мәләк дер азапта дүр үмбеттері,

Еттері тамырымен күйді бәрі.

Жүзі мен һәм жүрегі аман қалды,

Күйдірмей оны сақтап тұр иманы.

 

Ж»бәрейіл мәләкке айтар өзім барып,

Көрейін тозақ аһлын назар салып.

Есігін жаһаннамның ашадүрлер,

Муаккил забанилер тілін алып.

 

Жәбірейіл аназар етіп жаһаннамға,

Көргейлер тұрғандардың бәрін һәмма.

Көрмеген сұлу жүзді бұл кімдүр деп,

Мәләкке тозақ аһлы айтқай әнда.

 

Мәләк дер Жәбірейіл дер осы тұрған,

Хақ әмірін Мұхаммедке хабар қылған.

Үмбеттер мұны естіп парияд етіп,

Зар жылап пана тілер Жәбірейілден.

 

Деп айтар Мұхаммедтің үмбетіміз,

Расулға арызымызды айтыңыз сіз.

Тозақтан шапағат қып шығарсындар,

Көреміз жәбір жапа осынша біз.

 

Жәбірейіл мекеніне қайтып еніп,

Аллаға көргендерін айтқай барып.

Хабибің Мұхаммедке сәлем айтты,

Шапағат қылсынлар деп көп тіленіп.

 

Алла айтар Жәбірейілге расулға бар,

Сәлемін үмбетінің әйла ызһар.

Пайғамбар дарақ туба саясында,

Мінберде тақ үстінде тұрадылар.

 

Жәбірейіл сәлем бергей қарсы келіп,

Пайғамбар әлек алғай оны көріп.

Жәбірейіл ғамкін болып тұрадүрлер,

Көзіне тамшы тамшы жастары еніп.

 

Мұхаммед Жәбірейілге айтар ия, жар,

Осынша жылауыңда не себеп бар.

Жәбірейіл расулға айтты жыламақтың,

Себебін білдірейін әйлап ызһар.

 

Осы күн Хақ әмірімен тозақ бардым,

Күнәһар үмбетіңнен хабарландым.

Тозақта неше түрлі азап көрер,

Олардың халін көріп қапаландым.

 

Ия, расул, сәлем айтты үмбетің кеп,

Біздерді шапағат қып алсындар деп.

Көзіме жасым келіп жылайдүрмін,

Көңлімнің рахымдығы оларға кеп.

 

Пайғамбар Жәбірейілден мұны естіп,

Аршы ағла әнуанына барғай жетіп.

Күнәсін үмбетімнің кешіргін деп,

Алланың дәргаһына арыз етіп.

 

Алла айтар басың көтер, ия, Мұхаммед,

Көңліңе мүддағаңды әйлағын жад.

Расул дер жаһаннамнан сен құтқарғын,

Мүддағам һәм тәлегім осы үмбет.

 

Расулға нида қылғай Алла жәна,

Рахматым мен беремін досым сәңа.

Кәлима таухид айтқан үмбетіңнің,

Тозақтан мен құтқардым бәрін һәмма.

 

Пайғамбар мұны естіп жәулан ұрып,

Тездікпен жаһаннамға барғай жүріп.

Расулға мәләк тозақ сәлем бергей,

Орнынан тіке тұрып тағзым қылып.

 

Мәләкқа расул айтар ей, бірадар,

Тозақта асы жаны үмбетім бар.

Әртүрлі жаһаннамда тозақ көріп,

Ахуалы нендей болды әйлә ызһар.

 

Мәләк деп үмбетіңнің күнәһары,

Айтпаққа мүмкін емес жаман халы.

Ішкені заһар заққұм отқа жанып,

Ішінде жаһаннамның жатыр бәрі.

 

Расулдың қайғы қамы хадтен асып,

Көзінен жылайдылар жасын шашып.

Сол жерде үмбетіме ұшырасамын,

Бір мәрте көрсеткіл деп есік ашып.

 

Есігін забанилер ашып тұрар,

Пайғамбар ішкеріге назар қылар.

Асылар пайғамбардың жүзін көріп,

Жан ділмен бәрі бірден нағра ұрар.

 

Деп айтар ия, ахмада Мұаммада,

Ет, тері, тамырымыз күйді һәмма.

Тозаққа бұл күнгеше тастадыңыз,

Біз сізге исенерек ғайып ана.

 

Пайғамбар жылап айтар үмбеттерім,

Сіздерден хабарым жоқ еді менің.

Бір құда күнәңізді ғафу етті,

Тозақтан шығыңыз деп қылар мәлім.

 

Бұл сөзден асыларға шаттық енер,

Расулдың арқасынан баршасы ерүр.

Ат қойған абы хаят бір арықтың,

Пайғамбар жағасына алып келер.

 

Расулдер бір Аллаға шүкір қылып,

Бұл суға шомылыңыз бәрің кіріп.

Асылар ол арыққа шомыларлар,

Көңлінде мұхаббаты жәулан ұрып.

 

Денеден сасықтықтың бәрі кетер,

Жүзінің сұлулығы хәдтен өтер.

Баршасын сақал мұртсыз жігіт қылып,

Жәннаттың бостанына дахыл етер.

 

Хадисте Мұхаммедиа жазған хаты,

Бір құлдың Нағат еді қойған аты.

Тозақтан мұсылмандар шыққанында,

Сол һінәт боладүрлер ақырғы аты.

 

Кәпірлер мұны көріп қайғыланып,

Жылағай осы сөзді аузына алып.

Егер біз ілгеріде дінге кірсек,

Азаптан құтылар ек жәннат барып.

 

Артықша көп өкініп қылар нала,

Бұл сөздер пайда бермес ешбір әңә.

Аллаға шек келтірген кәпірлердің,

Тозақта бақыт қылғай бәрі һәмма.

 

Кәпірдің үлкендікте бұл формысы,

Һүнәтнің тауындайдүр жалғыз тісі.

Қалыңы терісінің қырық екі аршын,

Екі иіні арасына өтпен кісі.

 

Тез жүрсе үш мезгілде жетіп барар,

Мойнына жетпіс жерден зәнжір салар.

Әрбірі бір шайтанмен бір байланып,

Әбәділ әбәдғаша отқа жанар.

 

Ол отқа өткірлікке осындай сөз,

Дүниенің душар болса отына тез.

Тозақта күйгеніне қарағанда,

Болады күймегендей азап әркез.

 

Әртүрлі шаян білән бар жыланы,

Дембе дем зәрін салар шағын әні.

Ат қойған шәрпі нияз бір кітапта,

Зікір етіп айтылады мұның бәрі.

 

Кәпірдің кішілері қылып нала,

Тәкәппар үлкеніне айтар жәна.

Алланың бірлігіне серік қостық,

Сіздерден тәлім алып біздер һімма.

 

Сол үшін осы күні тозаққа еніп,

Жатырмыз неше түрлі азап көріп.

Дүниеде бастық болып жүрердіңіз,

Жартысын алыңыздар бізден бөліп.

 

Айтады үлкендері қылып ауаз,

Імкән жоқ сізден азап алмаққа баз.

Біздер һәм азаптамыз шама келсе,

Әуелі өзімізден қылардық аз.

 

Қайғысы барлығының хәдтен өтіп,

Қожайын жәһаннамға барғай жетіп.

Бұл күні бізден азап жеңіл етсін,

Алладан тіленіңіз арыз етіп.

 

Айтады кәпірлерге қожайындар,

Сіздерге келмеді ме еш пайғамбар.

Жәһәннам ысап сауал махшар бар деп,

Дүниеде қылмады ма сіздерге ызһар.

 

Кәпірлер қожайынға айтар және,

Бұл күннің хабар берді бәрін һәмме.

Жәдулық[1] сиқырлықпен айтасың деп,

Әртүрлі жәбір жапа қылдық әңә.

 

Айтады қожайындар әйләп нида,

Өзіңді тіленіңіз қылып дұға.

Кәпірге жарылқанбақ дұға қыл деп,

Біздерге рұқсат қылған жоқдүр құда.

 

Кәпірдің қабыл болмас дұғасы іркез,

Азабы онан сайын асады тез.

Момынның сүресінің тәпсірінен,

Жазылды оқып көріп бұл айтқан сөз.

 

Өлімнің өлгені

 

Онан соң пәрмен етіп Хақ бұйрығы бар,

Көрсетіп өлімді де әзір қылар.

Пейіш пен жәһәннамның ортасында,

Көк қойдың суретінде келіп тұрар.

 

Жәннат пен жаһаннамның әһілдері,

Өлімді назар етіп көрер бәрі.

Құдіретпен жаппар құда пәрмен етіп,

Бауыздап өлтіргізгей ол күн әні.

 

Яхия атты мурсал өткен бір пайғамбар,

Өлімді ол бауыздап забеһ қылар.

Яхияның бауыздаған хикаясы,

Музаккир мафуис атты кітапта бар.

 

Алла айтар көрдіңіздер әһлы жаннат,

Бұл өлім бауыздалып болды бәрнәт.

Сіздерге ешбір өлім енді жоқдүр,

Жәннатта жүріңіздер болыпты шат.

 

Тозақтың әһліне һәм айтар жәна,

Өлім жоқ мұнан кейін ешбір сәңә.

Тұрақты бұл жайында азап көріп,

От ішіне жатасыздар бәрің һәммә.

 

Тозаққа түскендердің осы халі,

Күйгенмен денесінен шықпас жаны.

Мұхаммед үмбетімін деген құлдың,

Етіне арам қылсын Алла аны.

 

Ия, Алла, Мұхаммедтің мен үмбеті,

Қойылған әлмисақта момын аты.

Денеме жаһаннамды арам еткін,

Хатаман пайғамбардан достың хақы.

 

[1] Жәдулық – сиқырлық

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button