14-бап. Ғайбат сөйлеуден тілді тыю баяны
Әбу Хурайра рази аллаһу әнһу рауаят қылды. Бір күні хазіреті Расул әлейһесаламнан сұрадым: «Ия, Расул Алла, ғайбат деген не дүр өзі?» дедім. Расул әлейһесалам айтты: «Ғайбат мынандай пейіл дүр. Бір кісі бір істесе, оны істемеді десе, оны істеген адам естіп ренжісе, ғайбат дегеніміз сол сөз дүр» деді. «Ғайбат сөз зинадан жаман» дүр, «Әлғайбату әшәдду минә зинә» деді. Әркім ғайбат сөйлесе менің шапағатымнан бейнәсіп болғай. Ол кісі етін жегендей болғай. Қиямет күнінде арасат майданында әр пенденің намасы оң қолына келгенде, ғайбат сөйлеушінің амал намасы сол қолына берілгей. Ол кісі намасын көріп айтқай: «Ей, Құдай, бұл менің намам емес, бұл жақсылықтар менде жоқ» дегей. Алла тағала тарапынан нида келгей: «Ей, пенде, бұл жақсылықтар сенде жоқ еді, енді бұл жақсылықты қылған кісілер сені ғайбат қылды, олардың жақсылығын саған алып бердім. Сенің жамандығыңды оларға алып бердім» дегей және бір кісіні келтіргей. Оның амал намасын сол қолына бергей. Амал намасында еш жақсылық көрінбегей. Ол кісі айтқай: «Е, бар Құдайа, бұл менің намам емес. Дүниеде мен көп жақсылық қылып едім, бұл жаман амалдарды мен қылғаным жоқ дүр». Нида келгей: «Е, құлым, рас айтасыз сен көп жақсылық қылдың, бірақ барша кісілерді ғайбат қылушы едің. Сол себептен жақсылығың жамандық болды. Сенің тағат, ғибадаттарыңды оған бердім» дегей және қиямет күні ғайбат сөйлеушілерді желкесінен жылан-шаян шығып, тілі желкесіне шығып, азап беріп тозаққа сүйрегей және хазіреті саллалаһу әлейһесалам айтты: «иннә мән ләйәдхулул жәннәтә» мәнісі «бір кісінің сөзін екінші кісіге тасып сөз жүргізушілер пейіш бетін көрмес» деді. Әбділла ибн Аббас рази аллаһу әнһу рауаят қылды.
Бір күні хазіреті Расул саллалаһу әлейһесаламмен бірге бір жерге баратыр едік, екі көрден от шығып, азап қылынар, сұрадым «Ия, Расул Алла, бұлар қандай күнә қылған дүр?» деп, айтты: «Бұлар бір-біріне сөз тасушылар еді» деді. Хақ субхана тағала пейіште айтты: «Төрт түрлі кісі саған кірмейді деді: 1) арақ, боза ішушілер деді. 2) зина етуші. 3) сөз тасушы. 4) өтірік ант ішушілер деді. Нәғузубилләһи минәззәлик иләйһи барлық пендеге тауфиқ бергейсің, аумин рәббил аламин.