Ғақлиат

Иман

Расулдың с.ғ.с. «Аманатты сақтап, уақытында қайтару кісінің ырзығын асырады. Аманатқа қиянат ету бейшаралыққа душар етеді» деген ғазиз хадисі бар. Аманат дегенде, дүние байлықтарымен бірге ата-баба өнегесі, ілім қасиеттері де назарға алынады. Яғни сіз иеленген ілім де аманат, оны халайыққа, әулеттерге қайтару керек, болмаса халық, ұлт бейшаралыққа ұшырайды деп те түсіну қажет.

Ал бізге ата-бабамыздан мирас болып Иман қалған. Қазақ біреуді жек көрсе, «имансыз екен» деп, разы болса «иманжүзді» екен деп айтады.

Иман сөзін исламдық тағылым бірнеше түрге бөліп, әрқайсысын жеке-жеке талдап түсіндіреді. Бірінші, исламды қабылдаған адам, яғни мүьмін деп өз тілінен куәлік берген адамды түсінеміз, бірақ осы кәлима айтқан адамға енді орындауы шарт болған он бір парыз бар. Яғни, кәлиманы айтып мұсылман бола салмайды, белгілі дәрежеде әлгі шартты орындауы керек, олар: Заьир – адамдарға лайықтары төртеу. Батин – адамдарға лайықтары төртеу, Барлық мұсылмандарға лайықтары үшеу. 1. Заһир адамдар деп исламды дін деп, Алланы бір, Мұхаммедті Пайғамбар деп мойындаған, тасдық діл, ықырары тіл, амалы бәден матбұғ сүннәт адамдар, исламдық ілімнен хабары жоқ, қарапайым жандар. Бұларға лайықтары:Өмірінде бір рет алғаш кәлима айтып, өзін мұсылман қатарына қосуы керек, тілімен тасдықтап, ділімен мойындамаса, менің атам – мұсылман, анам – мұсылман дегенмен, балиғатқа жеткен соң, өзі амал етпесе мұсылманға қосылмайды.

Осы жерде: иман келтіру парыз ба, сүннәт па? деген сұрау туады. Жауап: – Өзін мұсылманмын деген адамға бір рет кәлима айту  парыз, қалған кездерде дәйімі қайталап, өзінің мұсылмандығын естен шығармау сүннәт.

  1. Шын көңілмен және халық алдында айту. «Бәндеден ұялмаған, Құдайдан қорықпайды» деген берік қағида бар. Осы жерде «Күпір мен иман бір жерде туруы мүмкін бе?» деген сұрақ туады. Фиқһ тілінде: күпір мен ислам бір жерде түра алмайды, себебі зерек бәнде бір мезгілде әрі кәпір, әрі мұсылман болуы мүмкін емес. Осы тұрғыдан ол адамда ар-ождан бар болса, халық алдында өзінің мұсылмандығын дәлелдеп иман келтірген соң сырт айналып күлерлік іс істемейді. Енді «Бір адам тілімен тасдықтаса, ділімен ықырар болмаса не дейміз?» – деген сұрақ туады. Ол адам мұнапық – яғни халық көзінше мұсылман, Алла алдында кәпір, өлсе имансыз болар.
  2. Әріптерін және жолдарын растау – Лә-илаьа-иллаллаһ, Алладан басқа құдірет жоқ, Мұхаммадун Расул Алла – Мүхаммед Алланың Расулы деп түсіну және осыған лайықты әрекет ету.
  3. Кәлиманың (мағрипаттың) дәрежесін заңымен білу, кәлиманың дәрежесі Алланың бар және бір екенін білу заңдарына келер болсақ бұл шариғат жолы.

Шариғат деп исламды қабылдаған қауымның заңдылықтарын айтамыз.

Ислам шариғаты өзіне негіз етіп 8 жолды алады: Парыз, уәжіб, сүннәт, мұстахаб, мубах, арам, мәкрүь, мұстахара. Шама-шарқынша осы амалдарды әрбір мұсылманның орындауы керек, орындамай қойсақ Алла жолына нұқсан келтіріп, исламның қадыр-құрметіне зиян жеткерген боламыз. Енді осы сегіз амалға қысқаша тоқталып өтеміз.

  1. Парыз амалдары – Алланың бұйрығын өз досы арқылы мүьмін мұсылмандарға орындаған адам сауап табады, үзірсіз орындамаған адам күнәһар болады.

Парыз амалдары екіге бөлінеді. Парыз айн – жеке парыз – және парыз кіпая – көпшілік парыздары. Парыз айн – жеке парыздар бұл әрбір мұсылманның орындауы шарт амалдар.

Біз төменде осы парыздардың бірнешеуіне тоқталып өтеміз:

  1. Алла тағаланың барлығына және бірлігіне (жалғыз екендігіне) және көркем сипаттарына сену және бойұсыну;
  2. Мұхаммедті с.ғ.е. біздерге ислам дінін үйрету үшін Алла тағаланың жіберген Пайғамбары деп бойұсыну;
  3. Ислам дінінің ақтығына және ислам дінінің үкімдері ақтығына бойұсыну;
  4. Әр күні бес уақыт намаз оқу;
  5. Рамазан айында (30 күн) ораза тұту;
  6. Бай кісіге малынан зекет беру шарт;

7- Жолға шамасы келетін кісі өмірінде бір рет Байтуллаьқа барып қажылық ету;

  1. Жұма намазын оқу;
  2. Ата-анаға қызметін атқарып, оларды разы ету;
  3. Туған-туысқандары кемтар-мүқтаж болса жәрдем ету және басқа да таза адамға лайық амалдар.

ПАРЫЗ КІПАЯ – КӨПШІЛІК ПАРЫЗДАРЫ

Парыз кіпая – бір қауым мусылмандарға орындауы шарт болған амалдар, сол қауымнан бірнеше адам орындаса басқасы қарызынан құтылар. Бұл амалдар:

  1. Шариғат жолын тиянақты білу;
  2. Ауам мұсылмандарға шариғат жолын үйрету;
  3. Өмір сүру үшін адамдарға өнер үйрету;
  4. Мәйітті жуып, жай қазып көму;
  5. Жаназа намазына қатынасып, марқұмның ақысына дұға ету;
  6. Отанды қорғау үшін соғысқа аттану т.т.

Міне, өздеріңіз көріп отырғандай, кіпая парыздары әркімнің қолынан келе бермейді, бір болмаса бірнеше адам атқарысса, көпшіліктің мақсаты орындалады.

Сүннәт амалдары деп Пайғамбарымыз Мұхаммед Мұстафаның с.ғ.с. әркез орындап жүрген амалдарын айтамыз.

Мұстахаб бекемдеуші, яғни, жоғарыдағы амалдарды жан-жағынан тасдықтайтын әрекет.

Үәжіб амалдары – парыздан кейінгі орындалуы шарт амалдар, үзірсіз орындамаған адам күнәһар болар.

  1. Зекет беруге малы жеткен кісі рамазан айы күні пітір беру;
  2. Зекет беруге малы жеткен кісі Құрбан айты күні құрбандық ету;
  3. Ата-ана өз перзенттеріне әдеп-дін ғибадатын үйрету;
  4. Уәдеге опа қылу;
  5. Ері мен әйелі тату болу;
  6. Шәкірттер ұстазын қүрметтеу.

Мубах – күмәнді, орындасаң пайдасы барлығына, орындамасац

зиянсыз екеніне толық көзің жеткен амалдар.

Арам – шариғатта қатты тиым салынып арам үкімі берілген амалдарды орындау, ислам дүниесінде қараланып арам нәрсені адал деп айтса ол кәпір болар. Арамның үкімін біле тұрып, өзін тартпаған адам қатты күнәһар, ол имансыз кетер.

Ал арам екі түрлі келіп, зұлымды және зұлымсыз деп аталады. Зұлымды арам деп қоршаған ортаға, өзінен басқаға зияны тиген амалдарды айтады: мәселен біреуге зәбір беріп жүру, сөгу, дүние-мал үшін нақақтан біреуді өлтіру, кісі ақысын жеп кету.

Зұлымсыз амалдар – соны жасаған адамнан басқаға зияны тимейді. Арам үкімі берілген тағамды жеу, ішімдік ішу секілді.

Мәкрүһ амалдар. Пайғамбарымыз Мүхаммед с.ғ.с. қайтарған, күмәнді арам болған амалдар.

Мүстахара жеңіл мәкрүһ амалдар, оны істеген адам күнәһар болмас, ал орындамаған адам сауап алмас, бірақ орындалғаны жақсы. Мінеки, бұл төртеуі Зәьир адамдарға лайықтары. Батин адамдар деп исламға толық кіріп, ілімін үйреніп, ғалымдық дәрежеге жеткен, іліммен тасдықтап, ақылымен таныған, ішкі жан-дүниесімен берілген адамды айтамыз. Бұларға лайықтары төмендегілер:

  1. Өтірік айтпау;
  2. Алла тағалаға бейынсап болмақ;
  3. Өсек айтпау;
  4. Өзіне лайық көрмеген істі басқаға да лайық көрмеу;
  5. Өтірік – барлық зүұлымдық-жамандықтың бастамасы. Мысалы: Мұхаммед с.ғ.с. алдына бір кісі келіп: Иә, Алланың Расулі мен мұсылман болмақшымын, бірақ менің үш жаман әдетім бар: бірінші ұрлық қыламын, екінші зина жасаймын, үшінші өтірік айтамын дейді. Алланың Расулі: өте жақсы, кәлима айтып дінге кір, тек қана Алланың алдында өтірік айтпаймын деп уәде берсең болғаны, ұрлығыңды, зинаңды істей бер дейді. Әлгі адам кәлима айтып мұсылмандықты қабылдап кетеді, біраз жүрген соң ой түседі, апырай, мен Құдайдың Расуліне өтірік айтпаймын деп уәде беріп едім, сұрап алдым десем өтірік, сатып алдым, тауып алдым десем өтірік, ұрлап алдым десем ұрып өлтіреді, қой, мұным болмас деп жайына апарып тастайды. Бір күндері баяғы жеңіл жүрісі есіне түсіп, ашына әйелдеріне барғысы келеді, бірақ Аллаға берген уәдесі бар, қай жаққа баруын айтып кетуі үшін еш желеу таба алмайды, ары-бері ойланып, бұл ойынан да қайтып, ертесіне Алланың Расуліне келіп, сенің дінің ақиқат Хақ дін екен деп мойындап, ілім үйренуге отырып кейін үлкен ғалым болыпты.

Бұл мысалдан анық байқайтынымыз адам баласына қандай бір залал келетін болса, ол ең алдымен өтірік арқылы келеді. Алдымен адам өзін-өзі алдайды, соңынан үй-ішін алдайды, бойы үйрене келе өзі араласқан барлық елді алдайды. Ал өтірікті алғаш айтқанында-ақ өзін-өзі тоқтата алмаса, мұның соңы өте қайғылы: имансыз болар, яғни, өмір сүру қағидасын бұзар, бұған бойы үйренген адам барлық кемшілікті өзгеден көруге бейім, өзі бұзғанына әлдекімді айыпты санар және жүрттың бәрі осылай істейді деп қияс тартар. Қолына дүние бітсе шырынға үймелеген шыбындай төңірегіне жандайшап тегінқорлар үймелер, ал олардың әдеті сен ондайсың, мұндайсың деп онсыз да ісіп-кеуіп тұрған адамды өзінде жоқ қасиеттермен марапаттап, әрі қарай балшыққа батыра салады. Өзін әділмін деп есептеген адам, егер біреу оны өзінде жоқ қасиетпен марапаттаса, япырай мен осы қай жерден қателестім деп досынан сұрайды екен. Себебі: оның болмысына өтірік марапат жол тауып бара жатыр, ал бұл адасудың ең төте жолы. Мінеки, ақиқат иман жолын етіріктің қалай ластайтынына аз да болса көз жеткендей.

  1. Өсек айтпау, әсілінде бұл екеуі өтірік пен өсек бір туғандай егіз. Айырмасы сол – өтірікші алдымен өзін алдап, жолдан езі тайса, өсекші күнделікті сыпсыңмен қоршаған ортаны, ағайын арасын, достарды, тілегі бір жамағатты талқан етіп арасын суытады. «Екі кісі бір кісіден жақсы. Үш кісі екі кісіден жақсы, төрт кісі үш кісіден жақсы, көпшілікпен бірге болыңдар, Құдай үмбеттерімді тек тура жолда болса біріктіреді» дейді Алланың Расулі өз хадисінде.

«Мына сегіз түрлі кісілер қиямет күні Құдай тағала мақұлықтарының ішіндегі ең жаманы есептелінеді:

  1. Өтірікшілер;
  2. Тәкаппарлар;
  3. Көңілінде мүьмін туысқандарына игілік сақтасады, ал оларды көргенде жауыздық етушілер;
  4. Құдай мен Расулдің насихатын жайсылбыр, ал шайтанның бұйрығын тез орындаушылар;
  5. Хақысыз болса да қасам-ант ішіп дүние дәмететін кісілер;
  6. Өсекшілер;
  7. Адамдарды бір-бірінен айыруға әрекет етушілер;
  8. Күнәсі пәк адамдарға себепсіз бәле ұйымдастырушылар, осылардың барлығына Құдайдың қаһары келер» (251-хадис). Міне, өсек осылайша жамағат арасын бұзып, ел бірлігін кетіреді, бірлігі кеткен елде береке болмас.
  1. Өзіне лайық көрмеген жаман істі басқаға да лайық көрмеу.

Мысалы: біреу малды әлденеше уақыт бағып, әлдебір әжетіне жаратамын деп отырғанда бір имансыз ұры келіп алып кетсе қандай реніш! Немесе басқа бір нашар адам көп ішінде абыройыңызды айрандай төгіп, көрер көзге орынсыз балағаттап, әйтпесе қол жұмсап, беделіңізге нұқсан келтірсе – сіз үшін ауыр тиер, ендеше өзіңізге лайық көрмеген жаман істі басқаға лайық көрмеңіз – яғни біреуге нақақ залал етпеңіз.

Барлық мұсылмандарға лайықтары 3 нұсқа:

  1. Алла тағаланы әр жерде әзір, дайын екенін білмектік. Өзінің кім екендігіне ақылы жететін әрбір адам – өзі де Алланың бәндесі екенін, Алланың бұйрығымен дүниеге келгенін, Алланың бұйрығымен дүниеден қайтып, Алланың алдына барарын білуі шарт. Ол қандай бір тәуір амал істесе, яғни адамдарға жағымды, пайдалы, қайы рымдылық жасаса – осыны мен орындадым деп кеудемсоқтық етпей, Алланың разылығы үшін орындау және істеген қайырымдылығына жауал күтіп тұрып алмау, бұл – имандылықтың белгісі. Барлық жақсылыққа Алла куә, өз кезегімен жақсылықты тек Алладан күту керек. Сол секілді кейбір бұзық, арам амалдарды орындағанда кім көріп жатыр дейсің, немесе кім куәлік етіп мойныма қоя алады деп, ал егер осы айыбым ашылып қалған жағдайда пәленшем бар, түгеншем бар, маған кімнің шамасы келеді деп кеудемсоқтық жасау, көріне жұрт көзінше Алланы айтып сайрап тұрып, бар болмысымен арам амалдар ету, бұл да Аллаға шәк келтіру, әрі күпірлік болып саналады.   «Кәлима таиба» айтып, өзін жұрт кезінше «Бір Алланың алдында, мен мұсылманмын» деп жария еткен, әділ. Иманды амалдарды бойына сіңірген, соған дағдыланған адам, әрбір іс-әрекетін, ойтолғамын Алла тағала көріп, біліп түр деген ойға бекінеді ағы, пасық, жаман әдеттерден өзін ұдайы тиып, яғни Алла тағала бәрін байқап, бәріне әркез әзір екенін шын мойындап, осы амалды өз жүрегіне бекітеді.

2.Ораза тұтушы адамға лайық болып жүру. Оразаның ең әуелгі және ең абзал амалы – өз нәпсісін тыю және лас әрекеттерден сақтану.

Таң атпай түрып сәресі ішіп алып, ораза тұттым деп ниет етіп, аузыңызды былапыт сөзден арылтпасаңыз, көзіңізді біз қарауға болмайтын жерден тыймасаңыз, аш жүргеннен басқа пайда таппайсыз» деген ұлағатты хадис бар.

Ораза адамға лайық болып жүрудегі мақсат өзін ұстай білу. Егер біреу сізді балағаттап сөксе, сіз оған: «Кешіріңіз, менің аузым ораза еді» деп жауап беріңіз.

  1. Өз нәпсісімен араздықта жүру. Адамға ақыл қаншалықты мол берілсе, нәпсі де сонша берілген – ал адам өз нәпсісін дер кезінде тоқтата алмаса – кез-келген жерде бәлеге ұрынады. Нәпсі әурешілігі оны төңірегіндегілерге күлкі, Аллаға шет етеді. Хадисте Алланың Расулі: «Тәңірі сіздердің тысқы көріністеріңіз, яки мал дүниелеріңізге емес, бәлкім ділдеріңізге және істеріңізге қарап баға береді» дейді.

Нәпсі дегенде біз көбіне ішіп-жеуді ғана айтамыз, ары кетсе жыныс қатынасы тілегін алға тартамыз. Әсілінде жүру-тұру барлық іс-әрекет нәпсінің жетегінде, бір жерге бару, әлдекімге тіл қату, біреуден бір сөзді тыңдау жөне басқа да дүниеауи амалдардың бәрі нәпсі қызметі. Ал енді осы қызметтердің абзалын тауып алып Алланың нұрына ие болу – бұл иманның дәрежесі.

Мінеки, сөз басында айтып кеткен адамда ақыл да, нәпсі де бар деп айтылатындықтан имандылықтың бірден-бір белгісі өз нәпсісімен үнемі арпалысып жүру, нәпсінің тізгінін қолға алу – иманға кірген батиндық халге жеткен адамның дәрежесі.

Жалғасы бар .басы:https://kozhalar.kz/20208519-iman-islamnyng-negizi

Иман-жүйесін – «Шар кітаптан» алып, басқа кітаптар мен толықтырып түзеген Сейт Омар Саттарұлы

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Сондай-ақ, оқыңыз
Жабу
Back to top button