Білген Шайыр айтады

Қиямет қайым болғанда адамдар неше түрлі болып тұратынын айтқаны

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Болсалар Хақ әміріменен ақырзаман,
Қалмағай өлмейінше ешкім аман.
Инс-жын, дию, пері, мәләктармен,
Як баро пәни болғай бұл ғаламнан.
Қалмағай өлмейінше ешкім тірі,
Бұл сөздер жалған емес Құран тілі.
Тұрмағай өз хәлімен пәни болмай,
Ғаламның он сегіз мың бірде-бірі.
«Ар-рахман» сүресінде Жаппар Ғани,
«Күллу ман алайһа» деген пәни.
Масалан жер жүзінде мақұлық қалмай,
Жаһанды тұрар депті қырық жыл хали.

Таулар бар, өзендер бар, арықтар бар,
Құмдар бар һәм сырлар бар, дариялар.
Олардың ешбірінде мақұлық болмай,
Баршасы сол уақытта босқа қалар.
Дүниеде неше түрлі ғимараттар,
Қалар да баршалары ойран болар.
Құдайым Құдіретімен біліп тұрып,
Олардың әрқайсысынан сауал сұрар.
Сіздерді қайда кетті жайлағандар,
Бейхисап дүние-малын айдағандар.
Сіздерді әр қайсысы өз мүлкім деп,
Қайратпен белін мекем байлағандар.
Көп еді бұл атыраптың әрбір елі,
Бар еді меншік деген су мен жері.
Жер мен су менің мүлкім дегендердің,
Қалды ма бұл уақытында бірде-бірі.
Болған соң мақұлықаттың бәрі ада,
Шықпағай жауап үшін ешбір сада.
Жоқ дүр деп менен бөлек мүлік егесі,
Өзіне жауап айтар Қадір Құда.
Әзіреті Пәруардігәр Жаппар Егем,
Фарманы бола берер әрне деген.
Теп-тегіс жаһан мүлкі болып қалар,
Әзіреті Исрафилдің сүріменен.
Деп айтар Жәбірейілге Халиқ аттақ,
Тәжімнен жәннат барып алғыл пырақ.
Хабибім раузасына барып айтқын,
Қиямет қайым болды тұрсын тезірақ.
Әзіреті Жәбірейіл жәннат барып,
Тәжімнен келтіргейлар пырақ алып.
Расулдың раузасына бармақ үшін,
Бақарлар әр тарапқа назар салып.

Әр қанша іздегенмен Рухул аламин,
Таба алмай Мединені болар ғам күн.
Бұрынғы ақуалынан Хақ әмірімен,
Бір басқа болып қалғай раузамин.
Көрінгей ушал уақытта бір ұлық нида,
Ұзайып аспанға шұғыла нұр.
Әзіреті Жәбірейіл қайран болып,
Бұл нешук әдиса деп аңға барар.
Барсалар ән Әзіреттің раузалары,
Аулады атырапында асхабтары.
Бейәмір бір Алладан бас көтермей,
Алла деп марқадинде жатқай барып.
Әзіреті Жәбірейіл шака қылып,
Раузаға әдеппенен қарсы тұрып.
Расулдың Абул Қасым есімімен,
Тұрғыл деп ауаз еткей бір қышқырып.
Болды дер я, Мұхаммад қиямет күн,
Раузада уақытың емес жататұғын.
Әзіреті Адам сафи әулетінен,
Қабірден ешкім тұрмас сізден бұрын.
Келтіріп қызметіңе пырақ пен тәж,
Тұрып мен құзырыңда шаһ миғраж.
Алладан жатпағыңа рұқсат жоқ дүр,
Мүбәрәк бас көтеріп көзіңді аш.
Алланың сол уақытта әмірімен,
Жабылып мурқадтары дархал бірден.
Рахбарым пайғамбарым расул Құда,
Мүбәрәк көтергейлар басын жерден.
Бастарын көтерсе һәм тіке тұрмай,
Отырған жағдайында біраз тұрғай.
Отырар әр тарапқа назар салып,
Мысалы ұйқылары қанбағандай.

Бақсалар әр тарапқа әлі жанаб,
Шаһарлар ғимараттар болған хараб.
Түтілген ұлық таулар жүндей болып,
Тастары әр тарапқа кеткен тарап.
Дегейлар расул Құда я, Жәбірейіл,
Бұл күндер қайсы күндүр хабар бергіл.
Болып дүр жаһан мүлкі бұл хәләтта,
Бұл күндер бейәдиса емес дүр бұл.
Жәбірейіл дер сол күн қиямет күн,
Уақыты хисабтағы қасірет надамат күн.
Баршаның болатұғын уақыты болды,
Уаһмымен қияметтің шикары хун.
Бұл күнде мағұлым болар батыл мен хақ,
Әркімдер өз хәлімен болады дағ.
Қиямет айбатынан бұл уақытында,
Болады жас баланың шаштары ақ.
Мұндай ұлық күннің айбатынан,
Адамдар бір-бірімен болар дұшпан.
Хусусан расуа болып тұрса керек,
Қиямет күндеріне сенбеген.
Бұл күндер сондай күн дүр я, Расул Алла,
Қабірден бас көтергей барша мұтлақ.
Көрініп адамдардың көздеріне,
Зоһир боп тұрса керек жеті тозақ.
Жәбірейіл бұл сөздерді айтқан заман,
Құрбан боп үмбет үшін Шаһжаһан.
Жәбірейіл пірадарым бұл күндерде,
Хабардар үмбетімнің ақуалынан.
Тұрған жоқ деп айтады хәлі қазір,
Халайық жылаған жоқ әуел-ақыр.
Басыңа тәжді қойып пырақ мініп,
Маһшарға барсын деді Раббым Қадыр.

Расул дер я, Жәбірейіл пірадарым,
Қайда дүр бұл халатта шаһарярым.
Аларсыз һәм үмітсіз пырақ мініп,
Шаттықта жоқ дүр менің ықтиярым.
Дүниеде жүрген уақытта үмбет үшін,
Болған жоқ қапалықтан көңілім бөтен.
Баршасын қияметте беремін деп,
Мархамат қылып еді Хаий бихун.
Деп еді Пәруардігәр Бир у Барым,
Бұл күнде үмбетіңнің берсем бәрін.
Шапағат қылғандығың мағұлум болмай,
Һәм және Рахметімнің білмес қадірін.
Атқанда қиямет күн таң арасат,
Хазыр боп тұрған уақытта мизан сират.
Деп еді Пәруардігәр рахметімен,
Баршаны айлағыл деп сен шапағат.
Асықпа бәрін бердім хәлі хазыр,
Айтқаның фазылымнан болар ақыр.
Тұрғанда жанын қояр жер таба алмай,
Шапағат қылғандығың болар заһир.
Әуелін һәм ақырын пайғамбарлар,
Маһшарға хазыр болып тұрсалар.
Үмбетімен басқаменен ісі болмай,
Әр қайсы өз басына дұға қылар.
Қабыл боп даргаһыма мінәжатың,
Һәм және рауа болып әр хажатың.
Сираттан үмбетіңді бастап өтсең,
Баршаға мағұлум болар шапағатың.
Дүниеден өтерімде Жаппар Егем,
Кеткін деп риза болып қамын жеген.
Бар еді мархаматы ушал уақытта,
Өзіме үмбетіңді тапсыр деген.

Жәбірейілдер ушал дамла Мұстафа,
Маһшарға хазыр болғыл тұрма мұнда.
Хабар ал үмметіңнің ахуалынан,
Құдайым уағдасына қылар уафа.
Әмір етіп сол уақытта Жаппар Ғани,
Алла деп бас көтергей баршалары.
Маһшардың майданына қадам ұрғай,
Алдына басшы болып пайғамбары.
Алладан ұлық әмір болған уақытта,
Исрафил ақыр сүрін ұрған уақытта.
Сүйеніп бір-біріне жансыз болып,
Қабірден тұрса керек тұрған уақытта.
Әркімнің шіріп кеткен тәналары,
Жиылып барпо болып бітер бәрі.
Дәлел бар бесіннің аяғында,
Тәпсірін мулахаза қып көрсең аны.
Жандары Хақ әмірімен қардай жауып,
Әр қайсы өз тәнасын алар тауып.
Табысқан енесіне қозыдай боп,
Біреуі біреуіне кетпес ауып.
Қабірден мункар адам тұрмағына,
Дегейлер ушал уақытта уа дариға.
Әзіреті ясинның сүресінде,
Дәлелі «я уайлана ман баъсана».
Амманың көріп едім тәпсірінен,
Басқа һәм кітаптардың әр бірінен.
Күллі адамдар он екі тайпа боп,
Маһшарда бас көтерер қабірінен.
Әуелгі қол-аяқсыз тайпасы,
Домалап сүйретіліп жерге басы.
Қабірден бұл тариқа тұрса керек,
Бұл сөзге күмән қылған болар асы.

Құдіретпен хабар бергей Жаппар Егем,
Бұл сөздің дәлеліне аят енген.
Болыңдар мұндан агаһ ай халайық,
Қоңсысына бұл адамдар азар берген.
Екінші тайпасы доңыз болып,
Қабірден тұрса керек Құдай ұрып.
Алланың даргаһынан пана тілеп,
Еш адам жақындамас андан қорқып.
Құдіретпен хабар бергей Холи аттақ,
Намазға бұл адамдар болған салақ.
Намаз оқы, ораза тұт деген сөзге,
Салмаған бар ғұмырынша асла құлақ.
Дүниеде бар дүр мұның жолдастары,
Жан ділімен жақсы көрген сырластары.
Алланың даргаһынан нида келер,
Қосылып жаһаннамда жатсын бәрі.
Дәлелі «аро-айталли» сүресінде,
«һум аън солатиһим» деген жерде.
Наузан биллаһи күмәнсіз діннен шығар,
Бұл сөзге күмән қылса қайсы бенде.
Үшінші тайпасы қалғай тұрып,
Қарнының үлкендігі таудай болып.
Қыбырлап зәһарын салып шыға берер,
Шаянға жыланменен бірдей толып.
Құдіретімен хабар берген Жаппар Карим,
Жиылған агаһ бол деп пенделерім.
Дүниеде тірілікте жүрген уақытта,
Бермеген бұл адамдар зекеттерін.
Бұл сөзге һәм Құранда бар дүр аят,
Азабы жаһаннамда бенихаят.
Зекетке намазбенен қайым қылар,
Айласа әр бендеге Хақ химаят.

Төртінші тайпасы тұрғай және,
Аузының қызыл қан боп бәрі әмме.
Аузынан есегі һәм сүйретіліп,
Көрінер расуа болып қарағанда.
Құдіретімен хабар бергей Пәруардігәр,
Жалғаншы бұл адамдар саудагерлер.
Дүниесін қымбат қылып сатамыз деп,
Жалғанды әдет қылып, айтқан бұлар.
Бұл сөзге һәм Құранда бар дүр дәлел,
Ендірген Хақ әмірімен Жәбірейіл.
Пайда жоқ қияметте өкінгенмен,
Жақсылар тірілікте пікір айлағыл.
Бесінші білсеңіздер тайпасын,
Баршасы сасып кеткен денесінің.
Қасында адам тұрмай безер болар,
Болған соң нажасаттай ісі аның.
Тағыда Хақ әмірімен қылғай нида,
Бұл сондай пенде дүрлар болғыл агаһ.
Қаһарынан бір Алланың қорықпастан,
Жасырып адамдардан қылған күнә.
Деп айтар Құдіретімен Жаппар Халиқ,
Бұл адам дұшпаным дүр менің анық.
Тәубесіз бұл дүниеден кетіп еді,
Азабын жаһаннамда тартсын барып.
Алтыншы тайпасы Хақ әмірімен,
Тұрғай дүр бауыздалып желкесінен.
Салбырап рәсуа болып тұрса керек,
Кәлласы ажырамай кеудесінен.
Алладан пана тілер кәтта-кішік,
Көргеннің кетер аны реңі ұшып.
Деп айтар Құдіретімен Пәруардігәр,
Жалғаннан көр болған қасам ішіп.

Дүниеге мағрурлықпен болып жәһіл,
Азабы ақыреттен болған ғапіл.
Тәубесіз бұл дүниеден кетіп еді,
Тозаққа болсын деді бұл һәм дақыл.
Жетінші тайпасы тілі болмай,
Қабірден бұл тариқа болып тұрғай.
Аузынан ерніңменен зардап ағып,
Ішінде халайықтың расуа болғай.
Құдайым Құдіретімен қылғай нида,
Бұл пенде сондай пенде болғыл агаһ.
Дүниесін бір мүминнің набут қылған,
Хақ іске біліп тұрып болмай куә.
Дүниеден тәубе қылмай кеткен бұл һәм,
Ақырет азабынан болып бейғам.
Мекені тозақ ерур баршасының,
Болсалар бұл ақуалда қайбір адам..
Сегізінші тайпа тұрғай әнда,
Аяқ белінде, бастары аяғында.
Ерні мен андамынан зардап ағып,
Тұрғандар безер болар жанжағында.
Тараптан Пәруардігәр нида келгей,
Бұл пенде зина қылған пенде деген.
Азабын тозақ барып тартсын деді,
Дүниеден кетіп еді тәубе қылмай.
Тоғызыншы тайпасы тұрғай және,
Жүздері науузан билла болар қара.
Һәм және екі көзі жасыл болып,
Қарны һәм бенихаят болғай тола.
Қарнының катталығы от пенен шоқ,
Болған дүр ғажаб тахсин от пенен тоқ.
Аузынан мұрныменен жалын шығар,
Құданың Құдіретінен еш ғажап жоқ.

Тәнадан қиналғанмен алмас жанын,
Әртүрлі азаптары бар-дүр аның.
Егемнен Пәруардігәр нида келген,
Дүниеде жегендер деп жетім малын.
Бар еді жетім-жесір бейшаралар,
Зорлықпен аның малын алған болар.
Қиямет алдымызда күні бар деп,
Тәубені баршасын дүр қылғандар.
Оныншы тайпасын Хақ Тағала,
Қабірден тұрғызғайлар қылып ала.
Бұзылып тәнасының баршалары,
Тамамы ағзасының болған жара.
Мархамат тұрған уақытта болып Хақтан,
Намасы келіп тұрғай оң тараптан.
Қиямет қайғысының баршасынан,
Сақтағай панаһында есен-аман.
Құдайым рахметімен Карим етіп
Көңіліне шаттық қонар қайғы кетіп.
Көпірден сират атты сол уақыт,
Шақпақтай боп тіле күнге кетер өтіп.
Маһшарға сол уақытта жиылған көп,
Әр қайсы өз хәлімен уайым жеп
Көңілінде баршалары айтып тұрар,
Бұл қалай Құдайымның құлы дүр деп.
Тараптан Пәруардігәр нида келгей,
Жамиғ асы құлдар қайғы жегей.
Өзіме һәм расулға ықырар болып,
Құранның үкімін тұтқан пендем дегей.
Намазды оқыған дүр жамағатпен,
Дайыма машғұл болып ғибадатпен.
Үкіміне шариғаттың амал қылып,
Өмірін ада қылған бұл әдетпен.

Жан ділмен халал іске құп жабысып,
Хамиша харам істен жүрген қашып.
Болар деп қияметте қандай заман,
Өзіне жүргендер дүр жаны ашып.
Басшы қып шариғаттың соңына ермей,
Азабын ақыреттің көзіне ілмей.
Көп адамдар расуа болып кетер,
Қадірін өз жанының өзі білмей.
Ойланып ақылменен қылып пікір,
Мұсылман болғанына қылып шүкір.
Жан қамын тірілікте қылмақ керек,
Азабы ақыретке болмай мүнкәр.
Тәкаппар Пәруардігәр адамдарды,
Тәубесіз қияметке барғандарды.
Тәнасын құмырсқадай кішкене қып,
Жолына халайықтың қояр аны.
Дүниеде менмендікпен әдден асып,
Жүргендер қияметте қалар сасып.
Құдайым қылғаннан соң аяқасты,
Жамиғ Маһшар халқы өтер басып.
Барынша Хақ әмірімен адамдар бар,
Жәннатқа ұшқан құстай қылар пәруаз.
Қай түрлі адамсыз деп періштелер,
Алдынан қарсы шығып қылар ауаз.
Олар айтар ғибадат қылдық жастан,
Ораза боп күні-түні ұйықтамастан.
Сахауат шама келсе қылып жүрдік,
Һәм бердік ұшыр, хараж ішкен астан.
Дүниеде жанды қинап қылып тағат,
Аллаға қызмет еттік бенихаят.
Пазылыңмен Карам етіп я, Зул Жалал,
Құлыңды біздей ғаріп рахметіңе ал.

Бір уақыт бұл дүниеде өтіп кетер,
Маһшарда қыла көрме бейшара хал.
Мейірбан карам айлап Жаппар Халиқ,
Пендеңді жарылқасаң Пазылыңа алып.
Қуанып қадірдандар қалар еді,
Құдайым жеткізді деп хурсантланып.
Құдая патша хаий Карим,
Мейірбан я, Рауфу, я Рахим.
Болмаса Рахметіңнен бір дарамат,
Зәредей ишанышым жоқ амалыма.
Әуелден пайда қылдың Алла өзің,
Қылатын не хаддым бар менің өзім.
Болады жатсам тұрсам көңілім тоқ,
Құлыма мейірбанмын деген сөзің.
Ораза, намаз һәм зекет, қайыр-ихсан,
Ғаріптерге рахым қылса инсан.
Маһшарда инша Алла күнге жарар,
Істесе ықыласымен әр мұсылман.
Илаһы бихурматы исмі затың,
Һәм және құрметінде сипат атың.
Еш рахметіңнен наумид қылма,
Құлыңның қабыл алып мінәжатын.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button