Езіп жақсаң кір жұқпас
Сексен сырлы маңғазға.
Ғашықтық қылса жарасар,
Сексен сынды хор қызға.
Шынарға біткен мақтадай,
Шырайлы болса алғаның.
Халал сүт емген жолықса,
Болар ма еді арманың?
Ақ білектен тілеуің,
Ес кірмес ердің астында.
Білмес жардың ойнымен,
Таңның атып қалғанын.
Ақ жаулықпен көркейер,
Абыройлы болса алғаның.
Жаман болса жолдасың,
Қатардан кейін қалғаның.
Жаман иттен құтылмай,
Жақсы жолға түсе алмай,
Ақырында машхарға –
Қорлықпенен барғаның.
***
Бай бол малың не керек!
Патша бол тағың не керек!
Жібермейді сұраусыз,
Тәңірі алдына барғаның,
Сапардан жалғыз қалғаның.
Жалғыз-ақ ойла дүниенің,
Алланың досты Мұхаммед,
Пайғамбардан да қалғанын.