Жанқұтты бидің еттабағы
Жазушы Кәмел Жүністегінің үйінің төрінде тұрған ет табақ туралы былай деп әңгімелеп берді: «Ескінің көзіне 200 жылдыан астам уақыттың жобасы болып қалған шығар. Бұл Жанқұтты бидің еттабағы. Бұл табақтан Бес атаның игі жақсыларымен бірге, Байсейіт, Дүйсенбай, Қара, Дінәсіл сынды абзалдарда дәм татқан. Кенесарының да осы табақтан дәм татқаны туралы мынадай дерек бар. Оны Дінәсіл деген қожаның ұрпақтарынан естіп едім. Олар Шет ауданынан өтетін Қанақа өзеніне Кенесарының келген сапарында шомылғанын айтатын. Сол жолы Сұлтанды елдің басшылары қонаққа шақырып құрмет көрсетеді. ын бар ғой. Қасиетті жәдігер 1929 жылға дейін Жанқұтты бидің шөбересі Қарғажанның қолында болған. Ұлы кәмпеске басталғанда, бірде түнделетіп Қарғажан біздің немере әкеміз Көпжанға келіп: «Мына табақа ие болатын Сізден басқа ешкімді көре алмай тұрмын», деп атасынан қалған табақты табыстайды. Ал өзі бір түнде Алматы жаққа қашып кетіп, бас сауғалайды.
Көпжанның жалғыз ұлы Әлі әкесінің алдында дүниеден өтті. Одан кейін көп ұзамай әкеміз де өмірден озды. Жеңгемізден табақты біреулердің сұрап алып кеткенін естіп білдім. Жәдігердің жайын сырттай біліп жүріп, Жанқұттының ұрпақтарына аталарыңынң көзі ғой, әулеттеріңде ұстаңдар деп едім, аса ниет білдіре қоймады. Содан бір тайымды беріп, табақты алдырып едім. Бұл жәдігердің бар құпиясы осы» деді Кәмел аға.
Өз заманының әділ биі, жақсының парқын білген «Жақсы Жәкем» атанған Жанқұтты Ботантайұлына Шабанбай бидің берген батасы ел аузында жүр:
– Аллаға жағамын десең, азанды бол, Ағайынға жағам десең, қазанды бол, Халыққа жағам десең, әділ бол, Судай таза бол, Жердей көтерімді бол, Айналаң толған суат болсын, Бір сөзің халқыңа қуат болсын! деген екен. (Дәулетқали Асауов, Baq.kz)
Кәмел ағаның әңгімесінен кейін Шабанбайды бидің «қазанды бол» деген батасы есіме түсті. Бидің еттабағының бүгінге жеткені, қазанды болған Жәкемнің бір сипатын айтып тұрған жоқ па екен деп те ойладым.
Айгүл УАЙСОВА