САХИБЕДЕН БЕКЕНОВ

Артыңа адаспайтын жол тауып кет,
Ескеріп, ойлап жүрер сөз тастап кет.
Өзіңнен кейінгілер үлгі алатын
Көрнекті, көзге түсер жол бастап кет!

Кімге болса да көрнекі, көзге түсер жол бастау қиын болар. Ол артып туған асылдардың үлесі. Сол асылдар түркі жеріне жол салды, жөн көрсетті. Олардың сарқыншағы, иманына қылау түсірмеген біздердің әкелеріміз еді. Оларға лайық ұл болдық па, жоқ па құдай біледі. Ендігі артымыздан ерген ұрпаққа осы жолдың қадірін жеткізе білсек, жауапкершіліктің бір мысқалының мойынымыздан түскені болмақ. Санаға сәуле құятын заманауи тәсіл деп қожалар тарихын бір арнаға жинап жатырмыз. Көппен бірге бітетін тірліктің басында болыңыз, ағайын!

Back to top button