Ғалымның хаты

Әулие-ишандардың рухани және материалдық мұрасын сақтау және насихаттау

19-20 сәуір күндері Қызылорда олысының Жаңақорған ауданында Айқожа Ишан мешіт-медресесінде Сыр еліне белгілі дін ағартушыларының мұрасын насихаттау мақсатында «Әулие-ишандардың рухани және материалдық мұрасын сақтау және насихаттау» атты ғылыми семинар және осы шараның аясында Айқожа әулетінде сақталған Көне кітаптардың көрмесі өтті.
Семинар барысында Қазақстанның киелі географиясы кеңістігіндегі дәстүрлі шырақшылар институтының орны мен рөлі туралы, көне қолжазбаларды жинау, сақтау және оларды реставрациялау, Айқожа ишан ұрпақтарының мұралары сақталатын музейдің ашылуы жайында мәселелер қозғалды.
Астана қаласындағы «Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы» болашақ ашылатын музей қорына 2024 жылғы Жаңақорған өңіріне жасалған экспедиция кезінде алынған «Әл-Мабсуд» кітабының факсимиле көшірмесін табыстады. Іс-шараға Ұлттық орталықтан Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру бөлімінің басшысы Камшат Паримбекова және жетекші сарапшы Айтолқын Абишева қатысты.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button