Шортанбай (Әли Мұхаммед) Қанайұлы

Шортанбай ақынның Хан Кенеге айтқаны

Жыраудың жаңа өлеңі табылды

Бұл өлеңнің айтылғанын біліп жүргенбіз. Жазушы Сәбит Мұқановтың айтуынша Кенесарыға байланысты архивта, 1837 жылы Шортанбайды, Кенесары ұстап алып, Шортанбай жыр айтқан соң, босатты деген материал бар. Бірақ  қай өлең екенін білмеуші едік. Сирек қолжазбалар қорынан -1338-папка да мына өлеңді тауып алып, Кененің қаһарын жібіткен мына жолдар осы деп ойлаймыз.

 

Шортанбай ақының Кенесарыға айтқаны

 

Сары аттың оқ тиіпті жілігінен,

Батырдың сауға алалық ілігінен.

Ту ұстап заманыңда міндің тұлпар,

Қасымның айналайын сідігінен.

 

Кене аға жазда ауылмын, күзде ауылмын,

Қайтармай салсаң тұйғын, жез дабылмын.

Аспанда ұшып жүрген Сіз бидайық,

Алдыңда ала мойын қырғауылмын.

 

Жарасқан жайлауыңа салқын сазбын,

Қалқымнан тілім мүкіс, өзім азбын.

Аспанда ұшып жүрген Сіз  ақтұйғын,

Алдыңда ала мойын қоңыр қазбын,

-дегенде түксүиіп отырған ханның жүзі жылыпты.

Кене-аға ат бере гөр айғандай ғып,

Үйіме аман-есен барғандай ғып.

Кене-аға ат бергізсең арғымақ бер,

Қызығып көрген кісі талғандай ғып.

Мұны айтқан Мақсұт Нарымбетұлы.

Ол кісі өз айтуында мұны сыртқы Дадан Тобықты ішіндегі Толғанбай деген шалдан есіттім деді.

Бұл өлеңнің айтылу мәнісі Шортанбай Жамантайға тұрақтап соның жыршысы болып, Кенесарының қолына ермеген болса керек. Содан бір рет Кенесарының адамдарына кездесіп,солар ұстап Кенеге алып келіпті. Кене тіл қатпай зәрленіп отырып алғанда алғашқы үш ауыз өлеңді айтыпты дейді.

Сирек қолжазбалар қоры -1338-папка, дайындаған Сейт Омар Саттарұлы.

 

 

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button