Білген Шайыр айтады

Шымшық пен көгершін

Жүсіпбек Шайхисламұлы

Бір шымшық торға түсті соры қайнап,

Бардыма кім біледі ажал айдап.

Боданы бала мінез қайда дейді,

Қапаста отыр сорлы көзі жайнап.

 

Жанына жас көгершін ұшып келді,

Не қара басты деді түсіп түрлі.

Тал түсте торды көрмей соқырмысың,

Есіалаң ақылы жоқ құссың дейді.

 

Түсерме есі дұрыс күндіз торға,

Ақылың жоқтығынан қалдың сорға.

Мысалы мені алып еш уақытта,

Тор түгіл түсіре алмас мұнан зорға.

 

Кім күймес қылығына сен наданның,

Алдырған қайласына бір жаманның.

Мен саған қол берейін түспесіме,

Амалы саған ғана мол адамның.

 

Деседе ақыл серік қонған баққа,

Ем қонбас бастан бағын таяр шақта.

Пысықсып көкаршыным отырғанда,

Қалыпты өзі түсіп қыл тұзаққа.

 

Ақылың қайда кетті данышпаным,

Серт қылып түспеске қол алысқаның.

Біреуге күлсең келер өз басыңа,

Табалап бұдан былай күлме жаным.

 

Біреуді білмей адам табалайды,

Бақ күшейсе ақылыңа қарамайды.

Ісіңнен бір істеген жазым тапсаң,

Ынжық деп білмейтіндер табалайды.

Адамның басы Алланың добы деген,

Көрседе қалай қарай домалайды.

Жүсіпбекқожа Шайхисламұлы қолжабасынан алып дайындаған Сейт Омар Саттарұлы Сарыағаш қаласы

 

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button