Білген Шайыр айтады

Насихат терме

Икрам ишан Қасымұлы (1860-1923ж.ж.)

Хамду би хад худаға,

Пендеден болсын дуамат.

Екінші сөздің әуелі ,

Пайғамбарға салауат.

Барша өтер әлемнен,

Қайыр мен қылып ғибадат.

Әулетіне Расулдың,

Әр сәтте болсын шаһадат.

Дұшпандық қылса қай пенде,

Көрсеткен емес шапағат.

Қайсы бірі дос көрсе,

Дозақтан болар ол нажат.

Бұйрығын істеп кім жүрсе,

Табылады бар қажет.

Әмірінен шыққан пендеге,

Болмайды жақсы қаражат.

Бұл күнде екі күнәға,

Пенденің қылған жұмысы.

Бей нахият қата боп,

Барады болмай дұрысы.

Кітаптың айтқан әмірін,

Қылмайды сірә бірісі.

Өзіне мақұл бұл ісі.

Шариғат жолын құп тұтар,

Әркімнің болса Ырысы.

Кейбіреуге сөз айтсаң,

Ұстайды бәлкім терісі.

Жаратқан Рахым қылмаса,

Осының бізде бірісі.

Әуелде жан боп жаралып,

Дүниеге келген адамы,

Мың жыл тірі жүрмейсің,

Ол кімнің ақсар құрамы,

Адам ата Хазірет,

Әуелде бары, тамамы,

Өлмегін анық біледі,

Қапысыз анық бұрыннан,

Ыбраттан бір сөз бар,

Айтып жүрген ғаламы.

Пайғамбар, мурсал жаханда,

Бұл күнде жоқдүр қалғаны.

Ыбырат алмақ осыдан,

Ақылың болса жағалы.

Құлақ салсаң жамағат,

Болсын деген ермегім.

Кітап ашып бір күні,

Ішінен бір сөз көргемін.

Ажал жетіп бір күні,

Шыққанда жаны пенденің.

Көрістан жолы қабаһат,

Ғибрат алмақ осыдан.

Жанымызға жазғанын

Кітап сөзін амал қыл,

Саламат болса түндерің.

Ғибрат алмақ осыдан,

Шыққан болар өмірлерің,

Ажал жетті дер екен.

Өлімге анық сенгенің,

Сенбеген ол адамға,

Фирасы жоқ дүр таманың (шарасы жоқ дүр дәменің)

Ғапыл адам қоймайды,

Әзәзілге ергенін,

Насихат қылып айтайын.

Апаттың біраз айтайын,

Ажал жеткен уақтында,

Тартады ауыр танамыз (денеміз)

Пәруаз қылып ұшады,

Тәннан шыққан жанымыз,

Өлімнің осы мағынасы,

Ақиқат бұған наныңыз.

Қанша қашып жүргенмен,

Көреміз мұны бәріміз.

Өлімге бір пәс көрінбес,

Байтерек қызыл арымыз.

Бай мен кедей болсада,

Бара бар жас пен кәріңіз.

Дүниеде дәурен болсаңыз,

Кетеді ақыр малыңыз.

Қараңғы жердің астында ,

Келісер қәйтіп санамыз?

Хадия жәрдем болмаса,

Не кешер біздің хәліміз?

Анадан қамқор Ан-Хазірет,

Үммәтқа назар салыңыз.

Әбу Лайс имамнан,

Бір сөздің қалған дерегі,

Әрбір адам мұсылман,

Сол күні көмсе тәнәні,

Төрт нәрседен дер екен,

Азабы қабыр сабаны,

Төрт нәрсені кем қылып,

Азап бар оған демеді.

Бес уақыт намаз біреуі,

Дайымы оқып жүреді.

Біреуі депті садақа,

Малынан халал береді.

Біреуі құран тілауат,

Оқып дайым жүреді.

Төртінші насих көп етпек,

Жақсы істің бірі еді.

Қабірде бұған азап жоқ,

Дозақтан азап келмейді.

Қабірдің іші жарық боп,

Айналасы кең еді.

Төрт жұмысты қылмаса,

Құдайдың оны ұрғаны,

Қабірдің көріп азабын,

Қияметкеше тұрғаны.

Ұялмастан жалған сөз,

Айтып әдет қылғаны,

Екіншісі қиянат,

Үшіншісі күншілдік,

Төртіншісі дауамат.

Айтып кеткен пайғамбар

Жаны ашып үммәтқа,

Ашынып ғибрат қылғаны.

Әй, мұсылман жамағат!

Бұл сөздің сеніп парқына,

Парызын іске құрайық!

Пендемін деген намың бар,

Ажал сүннәт жамағат,

Алдыңда жанған шамың бар,

Жан артаңыз қалайды,

Жылыжай қанша тамың бар.

Жолдасыңа қылған сауабың,

Бұл сөзге сеніп наныңдар.

Ақылдық қайрат бермейді,

Неше күн тұрар хәлің бар?

Ажал жақын пендеге,

Қарасынан көзінің.

Пәлен уақта келетін,

Дайыны жоқ қызығың,

Кейін тағы беймағлұм,

Аяғы жылдам тезінің.

Пенделерге машһүр дүр,

Шарбатын татбақ өлімнің.

Кәрім етіп жаратқан,

Көзіңді ашып еге бол,

Жанды берер жайында,

Насихат айтқай жайлы орын.

Жұмыла айтқан нақылдан,

Нәпсісі жуасқанның.

Жалғыз басың жолаушы,

Ғибрат зорға оң келер,

Соңына ермей қалтырар.

Білсеңіз ұшар хәлің бар.

Баянында дүниенің,

Жаханда айран көзіміз,

Құлшылыққа жалқаумыз,

Түсіппе еді сірә көзіміз,

Ойламаймыз мысалы,

Өзімізді-өзіміз.

Қасат қылған күншілдік,

Әдет қылған сөзіміз.

Осы туралы қысылман,

Ақ бүрлерге тиіп жүзіміз.

Алла рахым қылмаса,

Төрт болады көзіміз.

Әділдікпен сұрауға,

Жұбанып жатар жүзіміз.

Жап Расулым жардай боп,

Үміттің жолын көріңіз.

Бұл дүниеде мысалы,

Машақат болып жүрген күніміз,.

Бұл жұмыстан хабар жоқ.

Пендеге білің түбінде.,

Намаз бенен Ораза.

Кітаптың айтқан бірінде,

Зекеттің кіреді дақылы.

Өлмей тірі тұрғанда,

Садақа, пітір,әл-хараж,

Қалдырмай бірде-біріңді,

Дарғаһыңа мінәжат,

Жаратқан қадір біреу бар.

Арасат жайға барғанда,

Қыла көрме жан азар.

Ғафу Рахым бір өзің,

Басқа жоқ бізге болар жар.

Мехрибан өзің қыблаға,

Біздердей ғаріп ұнсырлар.

Әуел-ақыр құдая,

Пендеге өзің медеткер,

Мархабат жақсы назар сал.

Тұруға ара жарамас,

Әрқанша жисақ мал-қамал.

Жами ықтияр өзіңде,

Екі ғаламның патшасы,

Жаратқан Қадыр,Зүл-Жалал.

Тамам

 

 

Жалынбасқа амал жоқ

Жалынбасқа амал жоқ,

Жаратқан өзің Құдая

Пендеңде жоқ ықтияр,

Еріктің бәрі өзіңде,

Өзіңе сеніп қырланып,

Жүргенменен байқалып.

Ажал келсе қаратпас,

Олай менен бұлайға,

Ол жерді көрсе басылар,

Тірліктің қара қиыны.

Ақырдың күллі сауалы,

Ажалдың соқса самалы.

Опат болса амал жоқ,

Кірмейінше қабірге.

Сөйлемекке ерініп,

Келген менен жалпыма,

Ғажап тақсын адамдар,

Өлетінін білгенде.

Өліп жатқан адамды,

Бір жерде көзі көріпті.

Менде бір күн дүниеден,

Кетемін деп айтсада,

Сауап істі қылдырмай,

Мойнына шайтан мініпті.

Көп адамды Әзәзіл,

Мекерімен ноқталап,

Қоя бермей ерікті,

Мініп алар қақпалап,

Әзәзілдің қолында

Болғаннан соң тізгіні.

Кете берер қайрылмай,

Шақырғанмен тоқталап.

Уас-уасымен шайтанның,

Көп адамдар ерініп,

Бірге жүріп қасында,

Қызметкердей жалынып,

Алланың берген өмірін,

Бейхудаға сарып қып.

Сауап істі қылмастан,

Бекерге жүріп сандалып.

Хикаят қылып Құдая,

Барша жерде өзіңе,

Білер, білмес айтамын.

Олай-бұлай сөзімді.

Рахмәтіңнің хақында,

Кәрім айлап Аллаһым,

Сол айтылған адамнан,

Қыла көрме өзімді.

Оңай емес біздерге,

Құдайым рахым қылмаса.

Ешкім жолға салмаса,

Тәңірім тауфиқ бермесе,

Жазылатын кеселдей,

Бағзы адамға соғынар,

Мысалы бір күн дәрумен,

Тауфиқына кез келсе,

Тауфиқына кез келмей,

Көңілі кетсе қарайып.

Тәсір қылмас айтқанмен.

Неше түрлі ғажабат.

Шариғат пен әркімді,

Жетелесе сауабқа.

Айыра бермей соңынан.

Тоқталып қалмақ көп ғалым.

Көп адамдар білмейді,

Қарайғанын көңілінің.

Діл қарайып кеткен соң,

Ықтияры жоқ тілінің,

Тіл менен діл екеуі,

Болмаған соң муафиқ,

Мұсылманмын дегенмен,

Мәнісі жоқ дінінің.

Бірдей болмас жақсылар,

Жаратқан тәңірім пендесі.

Көп адамның көңілінде,

Жабылған ғаплет пердесі.

Тауфиқ берсе Құдайым,

Сапарда не жаратпас,

Бұрынғы жолмен көрселар,

Жақсы болмас қатынасы.

Құлшылықтың бірінде,

Білсін мекем байланып,

Қаһарынан қорқып Алланың,

Ертелі кеш жыласа,

Көрінбесін көзіне,

Ақыл айтып өзіне,

Ұры болма бұған деп,

Шайтан кірер араға.

Көп адамдар еріп ап,

Шайтанның айтқан сөзіне,

Обал менен сауаптан,

Көрінбейді көзіне.

Жанның білмей қадірін,

Бекер жүрген адамның,

Ғажап емес обалы,

Болып қалса өзіне.

Қолында жоқ шайтанның,

Қылыш пенен найзасы,

Адамзаттың азғанын,

Бекерменен жылытса,

Деп айтады Әзәзіл,

Мынау іске қол ұрып,

Жүрген адам айтады,

Себебін олай-бұлай деп.

Өз еркімен жүрсе кім,

Ауыры болма арай деп,

Еркіңе берген дүниені,

Болдырмай бір айғада

Жатпай, сынбай қайқайып,

Тойғанынша ішіп жеп,

Бұл тариқа ызғырар,

Аямай айтып білгенін.

Біреуге бермей өзіңше,

Жүрегіңнің бергенін.

Баршасына Әмин әр жерде,

Көріп жүрсін әр елін.

Дүниесі жоқ адамның,

Қайғырып жүріп өлгенін.

Бұл қиялдар көңіліне,

Мақұл келіп тұрғанын.

Дүниесімен бұларды,

Ғапыл болып Алладан,

Көріпті әжірін ол жердің.

Айтайын десең тағдыры,

Қанша адамдар бар жерде,

Өліп жатыр байлардан,

Хазіреті Адам сафи дүр,

Күллі ынсан бабасы.

Екі аяқты адамзат,

Баршасы оның баласы.

Уасуаса мен шыққаның,

Кітапқа болған башарат,

Болса керек әлбетте,

Перзентінің қатасы.

Кедей болсын бай болсын ,

Дүниенің жоқдүр опасы.

Күннен күнге көбейген,

Жауыры менен жапасы.

Опасыз болса дүниенің,

Тұрмас бірі олжадан,

Хазіреті Сафи атамыз ,

Күллі ынсан бабасы.

Қанша адам қартайған,

Көлеңкеде отырған,

Шағына қарап шай ішіп,

Өзін нанға толтырған.

Ажал келсе бір күні,

Ақ ордадан көшірген.

Өмірдің шамын өшіріп,

Көрістанға көшірген.

Өлім келмес ешкімге,

Хабар бермес сыр айтып,

Оғыменен ажалдың,

Кетеді бір күн тырайтып.

Та қиямет болғанша,

Исрафил сүрін тартқанша,

Пәни дүние қалады,

Бір-біріне қош айтып.

Мәдина мен Мекке боп,

Тіріліктің тұрағы.

Миһражға мінген көлігі,

Жәннаттың болып тұрағы,

Өлімді Құрмет қылмаған,

Бұл дүниеде тұрмаған,

Саруары ғалам Әл-Хазірет,

Екі ғалам шырағы,

Дүниеге нешік қайрылар,

Әркімнің жапа тиегі,

Ажал келсе тияды.

Тіріліктің табағы,

Расул Алла өткен соң,

Өлмеймін деп сақымның,

Қашқан жері есігі.

Бұл дүниеде опа жоқ,

Әрқалайша болғанмен,

Ақыр бір күн төгілер,

Қара құрттай толғанмен.

Ажал келсе өшірер.

Тіріліктің шаһбазын,

Кетпе саудалы болып.

Көкірегін беріп жаһанға,

Көп адамдар жайқалған,

Меннен басқа кім бар деп,

Жүрсе керек шалқайып.

Хақдан әмір болған соң,

Санаулы суы толған соң,

Ажалға тұрып бере алмай,

Өзі қалар аңқайып.

Ешкім өлмей қалмайды,

Қанша ғұмыр көргенмен.

Ақыр бір күн жылайды,

Дүниеде қанша күлгенмен.

Білмей қалар бір күні,

Табытқа мініп қалғанын.

Өзіне өзі нық сеніп,

Өлмеймін деп жүргенің.

Құдай солай қылған соң,

Ғибрат алмас көргеннен.

Көңілін көкке көбейтер,

Қаншама ұрып күлгенмен.

Шошымайды денесі.

Өзінен жас баланың,

Көріп тұрып өлгенін.

Маһрур болып дені сау,

Тоқ болған соң тамағы.

Айтпаңыз намаз оқы деп,

Жабылып кетер қабағы.

Қанша маңғаз болғанмен,

Өзін пәруаз қылғанмен,

Келмесе керек қолынан,

Жеткенде ажал хабары,

Жүрмей-тұрмай қалмағын.

Көп адамдар көңілінде,

Өзін дана байқайды,

Тілі келсе отырып,

Қызық бермей жайқайды.

Дыбысы шықса азанның,

Батпаққа батқан түйедей,

Шабандап басын шайқайды.

Ажалы содан болса да,

Өзін меңзеп данаға,

Ақымақ болсам қаңғырып,

Кетпес пе едім далаға?

Әрбір түрлі кәсіппен.

Ауқат тауып бердім деп,

Қатын менен балаға.

Бұл дүниеге жолаушы,

Әркім білсін өзі деп,

Қылса керек жанжалды.

Әркімнің айтқан сөздерін,

Сасық десіп оқыса,

Қанбайтұғын мырзалар

Ажал келсе бір күні,

Шайдай ашар көзіңді.

Хазіреті Сүлеймен,

Тақтын мініп астына,

Қанша ұлық уәзірлер,

Жолдас болып қасына,

Пәрмен қылды самалға,

Көтеріп жүр деп тақтымды.

Пәрәндалар қанатын,

Саябан қылған басына.

Бұл сияқты жақсылар,

Бұл дүниенің патшасы,

Намурид пенен Шаддатты,

Қайыр діннің қаншасы,

Әмірі Жаһан келгенде,

Алғалы жанын Әзрейіл,

Олай-бұлай демекке,

Келмей қалған шамасы.

Ажал келсе жеркенбес,

Қанша пасық наданнан,

Құрмет қылып ұялмас,

Шарапатты адамнан.

Хабар береген Құдайым,

Кәләмында мағлұм қып,

Қалмайды деп еш мақлұқ,

Он сегіз мың ғаламнан,

Әзірейілдің жаны ашып,

Алуға жанын қимаса,

Қояр еді Расулды,

Бір адамды сыйласа.

Әміріне нешік жол табар.

Әзірейілде не гәп бар?

Жаһанның алып жақсысын,

Қоябер деп әмір қылмаса.

Өкпеде жоқ, пана жоқ,

Алладан келген үкімге.

Ертелі-кеш өлімге.

Ақиқат дүр әркімге,

Кетпектігін ойланып,

Ақыретті ойға алып.

Палшылық қылар Аллаға,

Тауфиқ болса әркімде.

Қателікті ойға алып,

Ақыретті ойға алып.

Құлшылық қылар Аллаға,

Тауфиқ болса әркімде.

Пасық пенен тақуа,

Ауам менен ғұлама,

Ешбіреуін парқ қылмас,

Ажал келсе мабада.

Қожа менен қараны,

Надан менен дананы,

Ажал келсе парқ қылмас,

Қари менен баланы,

Тентек пенен мақұлды,

Байлар менен пақырды.

Қалмас депті дүниеден,

Ешбіреуін ақыры.

Өлімге жоқ еш ылаж,

Болған Хақтың парманы,

Ажалға ылаж қылуға,

Ешкімнің жоқ арманы.

Мұсылман боп құлшылық,

Қылып кеткен адамның

Инші Алла тарыдай

Болмаса керек арманы.

Ақиқат дүр кітапта,

Бұрынғы келгеннің,

Құлшылық қылмақ көп ләзім,

Өлмектігін білгеннің,

Қияметке барғанда,

Қасіреті болар Зияда,

Әмірінен Алланың,

Әсір болмай жүргенің.

Мұсылманның мазары,

Саһари бір көрістан,

Жарылқаған сафалғаныша.

Жәннаттан бір гүлістан,

Қиямет қайым болғанша,

Исрафил сүрін ұрғанша.

Болып тұрар нежаһан,

Ешбір болмай зымыстан.

Заһарына қарасаң,

Құлап жатқан бір мазар.

Мархамат қылған құлына,

Жәннат деген бір базар,

Айналайын Құдая!

Осы жаппар құлыңа,

Мархабатпен қыл назар.

Жақсылардың қабірі,

Қабірдің болар жайлысы.

Рақметімен Құданың,

Көңілдің кетіп қайғысы.

Та қиямет болғанша,

Рахметпен жатып қалушы.

Руза маһшар болғанда,

Исрафил сүрін ұрғанда,

Тұрса керек орнынан,

Қанбағандай ұйқысы.

Азап қылған құлының,

Қабірі болып бір зындан,

Бір дарақша ашылғай.

Насузан, басы дар қараңғы

Азапта болып жатады,

Қиямет қайым болғанша,

Құтылмастан азаптан.

Өзі білер құданың,

Қабірден қалай тұрарын.

Рақметімен жарылқап,

Яки қарғап ұрарын.

Өзі білер Алланың,

Басқа ешкім білмейді,

Пендесінің басына,

Қандай жұмыс боларын.

Рақметіңмен жақсылық,

Айлағыл ғапу, Я Кәрім.

Сыпатың анық – Рахым дүр,

Пендесі асы-жапылық,

Бұл дүниеде қабірді,

Ісі бір болғай закаттың,

Көңіліңе алған насихаттың,

Инші Алла Бір уа Бар.

Наүміт қылмай ешбірін.,

Құлдарыңа қыл Рахым,

Бірдей емес әмірің.

Құлдарыңның баршасы,

Қайырын білмес өзінің,

Асы болар қаншасы.

Бір марһамат болмаса,

Жарылқа деп жылауға,

Жоқдүр басқа патшасы.

Сыпат айттық Құдая,

Ғам көрер дүр жұмланы,

Олла, Билла тәңірім деп,

Бір жақ болдым мен сенің.

Бірлігіңнің хақында,

Ғапу қылып күнәһым.

Рахматынның хақында,

Жарылқа Алла сен мені.

Күмән қылмай өлмекке,

Болып тұрып ықырар.

Жанның қамын қылмаққа,

Білмеймін қандай себеп бар.

Ғапылетпенен жүреді,

Бұл уақытта адамдар.

Керек болса әркімге,

Тірілікте дүние мал,

Өлгеннен соң көп керек,

Сауап істі қылғандар.

Өмірің босқа өткен соң,

Дүниеден құры кеткен соң,

Көрге барып сауапты,

Тауып алмақ кей молжал.

Өмірің болса жақсылар,

Көрде жатып тантуға,

Жалқаулықты қылмаңдар.

Құлшылықты қылуға,

Құлшылықты қылмай және де,

Жүре берсе болады,

Шамасы келсе әркімнің,

Арылмас тірі тұруға.

Атаң бар және анаң бар,

Қанша өткен бабаң бар.

Және бірі барма екен,

Сауап іздеп дүниеге,

Қайта келген адамдар.

Артымнан сауап келер деп,

Қалғандарға жалынбай,

Ылажы болса сауапты,

Өзіңмен бірге ала бар.

Ажал келсе қаратпас,

Оңың менен солыңа.

Өлім кілті тірілік,

Кіріп тұрса қолыңа,

Бұл дүниенің қадірін,

Білмек керек әркімге.

Ажал келсе қаратпас,

Оңың менен солыңа.

Алдандырып адамды,

Бұл дүниенің базары.

Күннен күнге мойнынан,

Жібереді хабарды,

Даяр болып тұрыңдар

Тағадатқа мойын бұрыңдар.

Келеді деген бәлені,

Өлімнің жоқдүр хабары.

Ылажы жоқдүр білген соң,

Өлмей тірі қалмағы.

Кездессе керек әркімге,

Сауап тауып алмағы.

Бейғам болып тұрғаннан,

Ажал келіп жолықса,

Әркімде сорар өкініп,

Қапалықпен бармағын.

Бұл дүниенің уақытынан

Қылған адам аянбай.

Мінәжат қылса аянбай,

Өзін өзі аямай,

Толтырып халін алмаққа,

Мақтанып көрген халыққа,

Бергенінен өзінің,

Алып қайтар әрқалай.

Көлеңкеде саялап,

Жата берсе көсіліп,

Көрінгенмен алысып,

Тамаша қылып танысып.

Өйтіп-бүйтіп жүргенде,

Науқаны кетер сарылып.

Жолдастарын көргенде,

Өзінен-өзі ойланып,

Не жауап айтып ауылға,

Барамын деп ұялып,

Жерлестері қасында,

Шыққан адам басында,

Қабын артып үстіне,

Жетегіне Тәубе алып,

Барған уақта қамданып,

Жүрмегіне сандалып,

Бұйырғанын Құданың,

Сол үкім алып бойына,

Барар еді мақтанып.

Сол сөздің бердік тымсалын,

Басқалардан көбірек.

Инші Алла абайлар,

Әркім болса көп зерек,

Ақыреттің науқанын,

Қыламын деген адамға.

Денсаулық пен тіршілік,

Бей нахият көп керек,

Бейғамдықпен жүргендер,

Ажал келсе на хажаб,

Ақыреттің науқанын,

Өтіп кетер бей каман.

Ақыреттің науқанан,

Қылмай жүрген адамның,

Ғажаб емес басына,

Орнап қалса көп тұман.

Ешкім тірі қалмайды,

Опасы жоқ жалғаннан.

Бейғамдықпен адамдар,

Құтылмайды арманнан,

Құданың берген өмірін,

Бейғамдықпен өткізіп,

Мұннан жаман қорлық жоқ.

Көрге құр қол барғаннан.

Ақыр бір күн өлеміз,

Қанша тірі жүргенмен.

Ажал қоймас еркіңе,

Қанша пара берсеңде,

Қанша адамның өмірі,

Бір күн жерде таусылар,

Ізіңмен біреу келеді,

Жетпіс пенен сексенге,

Ешбіреуі шыққан жоқ,

Өлімнен қашып құтылып.

Жағаладым өмірді,

Өзімнен өзім отырып.

Алпыстың келдім өзіне,

Көрінбейді бір күнше.

Өткен өмір көзіме,

Өлейін деген хабар жоқ,

Жетпіс менен сексеннен,

Еш уақта жасың толтырып,

Жетпіс болды не болды?

Сексен болды не болды?

Молдалардан есіттім,

Мың жасаған адамды.

Бір көзді ашып жұмғанша,

Болған жоқ өмір деп айтар.

Рахманың мен Құдая,

Өзің Рахым қылмасаң,

Күнә менен қаламыз.

Жұрттың жүзі көп түрлі,

Күллі ықтияр өзіңде,

Әрне қылсаң жаратқан.

Тағдырыңда табдил жоқ

Құшуақ болып жүр бәрі,

Барады деп айтып жүр,

Мәлім қылып жәннатты.

Қысабы жоқ мақтаулы

Екі әлемнің сәруары.

Бұл алтының әуелі,

Әділ болған патшалар,

Амал қылған ақылды.

Екіншісі ғалымдар,

Үшіншісі дауамат,

Дүниесінен шығарат,

Құдай үшін алғанын.

Ғаламатты адамдар,

Төртіншісі біл аның.

Болмасын сірә кімде-кім,

Тәубе қылған жақсылар,

Қаһарынан қорқып Алланың.

Бесіншісі кембағал,

Қолында жоқ дүние-мал.

Нала болмай Аллаға,

Шүкір еткен барша жан.

Алтыншысы қатындар,

Үміт етіп Аллаға,

Ешбір назар салмаған,

Өз ерінен басқаға.

Бұл айтылған адамдар,

Инші Алла жолығар,

Жәннатта аққан кәусәрға.

Бір парасы бұл сөздің,

Бардүр бірер кітапта.

Бұрынғы өткен ғазиздер,

Салған екен кітапқа.

Жатпа бір беріп айтушы,

Періштенің ақылы,

Екі нәрсе сауабын,

Алмақшы болып қысапқа.

Біреуі сол жиылып,

Жамағатқа адамдар.

Құдай үшін намазға,

Тұрғаннан соң намазға,

Он адамға барғанша,

Хисаб қылар сауабын.

Оннан асқан уақтында,

Хайран болып қаларлар.

Біреуі бұл бір адам,

Бір наданға болып кез,

Ол адамнан есітіп,

Бір қиянат ащы сөз,

Ол адаммен керіспей,

Жағаласып тебіспей,

Құдай үшін сабыр қып,

Өтіп кетсе жұмып көз,

Бұл жас ұстап келмейді,

Әр адамның қолынан.

Наканынан табылар,

Құдайдың әзіз қылған,

Бұл химаттар сауабын.

Дәптерге тіксе жай болмас,

Періштелер тоқталып,

Қалғанменен жүре алмас.

Бұл сөздердің баданы,

Көргенменен көзінше,

Еріп жарма болады,

Өзінен шыққан сөзіне.

Байқаусызда бір адам,

Жақпайтұғын сөз айтса,

Неге мұны дейсің деп,

Сұрақ тартар жүзінше.

Ал, Хазірет пайғамбар!

Үммәттің хәлін көріңіз.

Қиямет күні болғанда,

Инші Алла Жәннатта,

Тұратұғын жеріңіз.

Ұқсас мақалалар

Пікір қалдыру

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button