Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы
Жанысбеков Оразхан Кенжеғұлұлы 1961 жылы 7 ақпанда Оңтүстік Қазақстан облысы Киров ауданы Большевик совхозының № 2 Ленинабад бөлімшесінде дүниеге келген.
1977 жылы Отырар ауданы Көксарай елді мекеніндегі М. Әуезов атындағы мектепті бітірген.
1979–1985 жж. Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтын бітірген.
1981–1985 жж. осы институттың алдымен №6 жатақханасының коменданты болып жұмыс істеп, осы жатақхананы түпкілікті пайдалануға беріпстуденттердіорналастыружұмыстарымен айналысқан. Кейін 1983–1985 жж. №2 жатақханасының коменданты болып жұмыс істеген.
1983 жылы Қазақ КСР-інің жоғарғы оқу орындарындағы 22 институттың үздік оқитын және белсенді қоғамдық жұмыстарға араласатын студенттерінен құрастырылған арнайы студенттік топ құрамында Мәскеу қаласындағы ұйымдастыружәнебасқаруинститутының Алматыдағы жоғарғы партия мектебінің жанынан ашылған филиалының эксперименттік тобында осы институттың ауылшаруашылығындағы ұжымдық шаруашылықтарды ұйымдастыру мен басқару факультетін кешкі оқыту бағдарламасы бойынша негізгі институтпен қатар оқып бітірген.
1984–1985 жж. Жоғарғы партия мектебінің жанындағы Комсомолдық жастар мектебін сырттай оқып бітірген.
1981 жылы Торғай облысындағы Бүкілодақтық комсомолдық бригада құрамында бидай ору науқанында комбайн айдап, озат комбайыншы ретінде, Торғай облысы бойынша жеңімпазы болған. Сол жылы Мәскеу қаласында өткен комсомол жастар одағының студенттік өндірістік конференциясына делегат болып қатысқан.
1983 жылы Коммунистік партия құрамына Мәскеу қаласындағы ұйымдастыру және басқару институтының Алматыдағы жоғарғы партия мектебініңжанынанашылғанфилиалыныңпроректоратының ұсынысы бойынша Коммунистік партия қатарына кандидат болып қабылданған. 1985 жылы маусым-қыркүйек айларында институтты бітірген соң, осы институттың комсомол комитетінің хатшысы болып сайланып жұмыс істеген. Сол жылдың қазан айында анасының науқастануына байланысты Алматыдағы жұмысын тапсырып, елге оралған.
Сол уақыттан бастап ауылда әртүрлі жұмыстарда қауын егуші, жүгері суғарушысы, жүгері суғарушылардың звено жетекшісі, зоотехник, №1 «Жәнкел» бөлімшесінің меңгерушісі т. б. жұмыстар істеген. Сол жылдарда Ақынтоғай ауылдық кеңесінің депутаты болып, қоғамдық жұмыстар атқарған.
1993–1997 жж. Шымкент қаласындағы (КазахИталКаракуль) Қазақстан-Италия біріккен қаракөл өндіру кәсіпорнында әртүрлі қызметтерде істеген. Осы кәсіпорын тоқтаған соң Шымкент қаласында әртүрлі бизнестермен айналысып, кәсіпкерлік тәжірибе жинаған.
1998 жылдан бастап Алматы қаласында тұрады. 1999 жылдан Алматы қаласында «КазВторЧермет», «Рахат-Темір», «КазИмпэкс» компанияларында әртүрлі қызметтерде жұмыс істеген.
2001 жылдан «TOLAGAI-2050» ЖШС-нің бас директоры және негізгі құрылтайшысы болып құрылыс саласында жұмыс істейді.
Қазіргі уақытта өзінің негізгі жұмысымен қатар әртүрлі қоғамдық ауқымды іс-шараларға қатысып, жан-жақты көмек көрсетіп жүреді.